Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет5/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері

Шеткі жүйке жүйесі.


Бас ми жүйкелері.
Бас мидан 12 жұп жүйке шығады. Олардың әрқайссының өзіне тән аты, реттік саны бар. Әр жұп жүйке атқаратын қызметіне байланысты 3 топқа бөлінеді. Олар: қимылдық, сезгіш, аралас жұптар. Қимылдық жұптарға ІІІ, ІV, VII, XI, XII жұп бас ми жүйкелері, ал І, ІІ, VII жұптар сезгіш, V, VI, IX, X жұптар аралас жүйкелер.
І жұп, бас ми жүйкесі – иіс сезу жүйкесі – (обонятельный нерв, n.olfactorii) иіс сезу жүйке жасушаларының өсінділерінен тұрады. Олар мұрын қуысының шырышты қабатының астында. Жүйке жасушаларының 15-20 өсінділері мұрын қуысынан басталады. Жүйке талшықтары торша сүйектің табақшаларының арасынан өтіп ми сауытына кіреді. Одан иіс сезудің қыртыс орталығына – бас мидың шүйде бөлігіне бағытталады.
ІІ жұп, көру жүйкесі (зрительный нерв, n.opticus). Көздің тор қабатындағы таяқшалар мен қолбашалардан басталады. Көз шарасынан ми сауытына сына сүйектің «көру тесігі» арқылы кіреді. Ми сауытына кіргеннен кейін жартылай айқасады. Одан көру жүйкесінің қыртыс асты орталығы – көру төмпешігі, орталық ми қақпасы, шеткі тізе денеге қарап бағытталады. Көру жүйкесінің қыртыс орталығы бас мидың шүйде бөлігінде орналасқан көру ядросы.
ІІІ жұп, көзді қозғаушы жүйке (глазодвигательный нерв, n.oculomotoris) – қимылдатқыш жүйке. Оның ядросы ортылық мида орналасқан. Ми сауытынан көз шарасына көздің жоғарғы саңылау арқылы шығады. Сол жерде екіге тармақталады. Жоғарғы тармағы көздің қабағын көтеретін бұлшық етті, ал төменгі тармағы көздің ішкі тік, төменгі қиғаш бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді.
IV жұп, шығыршықты жүйке (блоковый нерв, n.trochlearis). Ядросы орталық мида орналасқан қимылдатқыш жүйке. Ми сауытынан жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасынан шығады. Ол көздің жоғарғы қиғаш бұлшық етін жүйкелендіреді.
V жұп, үштік жүйке (тройничный нерв, n.trigeminus), аралас жүйке, ядросы көпірде орналасқан. Самай сүйегінің пирамидасының алдыңғы бетінде үштік жүйкенің түйіні пайда болады. Үштік жүйке осы жерде 3 тармаққа: 1. Көз жүйкесі, 2. Жоғарғы жақ жүйесі, 3. төменгі жақ жүйкесіне бөлінеді.
Көз жүйкесі ми сауытынан көз шарасына жоғары көз саңылауы арқылы өтеді. Үш тармақталып көзді, көз-жас безін, сына тәрізді сүйектің ауа қуысының шырышты қабатын, мұрын қуысының шырышты қабатын, маңдай мен мұрынның терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Жоғарғы жақ жүйкесі ми сауытынан сына сүйектің домалақ тесігі арқылы қанат таңдай шұңқырына шығады, одан төменгі көз шарасына өтеді. Ол жоғарғы жақтың терісін, бұлшық еттерін, жоғарғы тістерді, мұрын қуысының кілегей қабығын жүйкелендіреді.
Төменгі жақ жүйкесі ми сауытынан сына сүйектің үлкен қанатындағы сопақша тесіктен шығады. Бұл аралас жүйке оның қимылдық тармағы шайнау бұлшық етін, дабыл жарғағын, жұмсақ таңдайды, самай бұлшық еттерін жүйкемен қамтамысыз етеді.
Сезгіш тармақтары ұрттың шырышты қабатын, тілдің үстін, шекенің терісін, құлақ қалқаның, есіту тесігін, есіту түтігін жүйкелендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет