Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет3/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері

Мидың IV қарыншасы сопақша ми мен артқы мидың қуысы. IV қарынша төменінде жұлынның орталық тесігімен жалғасады. Жоғарысында сильвий су құбырына, ал төбесінде үш тесік арқылы бас мидың субарохнаидаль қуысымен жалғасады. IV қарыншаның түбі ромбы тәріздес шұңқыр. Ромбы тәріздің шұңқырдың төменгі бөлігі сопақша мидан, жоғарғы бөлігі көпір мен оның мойнынан пайда болған. IV қарыншаның артқа немесе дорсаль қабырғасы, оның төбесі. Ол жоғарғы және төменгі ми шатырларынан пайда болған, мишыққа жанасып тұрады. Артындағы бөлігіне мидың жұмсақ қабаты келіп қосылады. Осы тұста қан тамырлардың торы бар.
Ромбы тәріздес шұңқыр. Мишықты алып тастап ромбы тәріздес шұңқырды көруге болады. Ол жоғарысында мишықтың жоғарғы аяқтарымен, төменінде – мишықтың төменгі аяқтарымен шектескен. Бүйіріндегі және төменгі ұшында ромбы тәріздес шұңқыр торлы қабық асты қуысымен, жоғарғы бұрышында «сильвий құбырымен» жалғасады. Ромбы тәріздес шұңқырдың ортасына жақын бас мидың V жұп жүйкесінің ядросы, ал оның шетінде VI жұп, одан тереңірікте VII жұп бас ми жүйкесінің орталықтары орналасқан. Ромбы тәріздес шұңқырдың бүйірдегі бұрышында VII жұп, оның қасында IX-X-шы жұп бас ми жүйкелерінің орталықтары орналасқан.
Қорыта айтқанда ромбы тәріздес шұңқырдың тіршілік үшін мамңызы өте зор, себебі онда V-XII жұп бас ми жүйкелерінің ядролары орналасқан.
Орталық ми. Орталық миға ми аяғы мен 4 төмпешік кіреді. Оның қуысы – сильвий түтігі. Төмпешіктерде сұр заттың ядролары бар. Жоғарғы екі төмпешікте көрудің қыртыс асты орталығы бар. Ол негізінен жарықты қабылдайды. Ал төменгі екі төмпешікте естудің қыртыс асты орталығы жатыр. Ол дыбысты қабылдайды. Орталық ми көлденең кесілгенде үш бөліктен тұратынын көруге болады:
1. төбесі; 2. қақпақ; 3. ми аяқтарының негізі. Қақпақ пен ми аяғының аралығында қара заттар бар, ал төбеде қызыл заттар және тор іспетті зат (ретикулярная формация) орналасқан.
Сильвий түтігі орталық мидың сұр затымен қоршалған. Ол жерде III және IV жұп бас ми және парасимпатикалық жүйкелердің ядролары орналасқан. Ми аяқтарының негізі пирамидалық өткізгіш жолдардан тұрады. Олар ми жарты шарларын көпір мен мишық ядроларымен біріктіреді. Қара субстанция және қызыл ядролар экстрапирамидалық өткізгіш жолдардың қыртыс асты орталығы. Олар адам қимылының автоматизмін қамтамасыз етеді.
Қақпақтан жоғары көтерілуші немесе ішкерідегі өткізгіш жолдар өтеді. Олар сопақша мидан басталып таламус ядроларына дейін барады.
Шеткерідегі немесе есіту өткізгіш жолдары көпірден төрт төмпешіктің төменгі төмпешіктеріне және аралық мидың ішкерідегі тізесіне барады.
Орталық мидың атқаратын қызметі:

  1. Бұлшық еттің тонусын реттейді.

  2. Жүру, тік жүру, рефлекстерінің орталығы.

  3. Жоғарғы төмпешіктер көрудің қыртыс асты орталығы. Олар импульсті көздің тор қабатынан алып, жарықты қабылдауы нәтижесінде көздің шыны сияқты денесі мен қарашықтың пішіні өзгереді, зат анық көрінеді.

  4. Төменгі төмпешіктер дыбыстың қыртыс асты орталығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет