Баспа: "Атамұра" 016 жыл «Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына сағат, оқу жылына 198 сағатты құрайды



бет9/11
Дата12.09.2020
өлшемі146,2 Kb.
#78067
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
КТП каз 1 класс 2017-2018
Элетротехника каз. госэкзамен, Тірілген графика. Айнымалылармен жұмыс, 9 кл тест, EO 1 Unit 3, №1. Геоэкологияның маңызы, дүние, дүние, дүние, дүние, 00073a7f-e1a6734c, 6 кл сөз басы.ертегілер, docx1539859833
Тілдік мақсаттар туралы
Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісінде пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасы қалыптасады.Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Оқушылардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді оқыту барысында білім беру мазмұнында қазақша ғылыми тілінің дамуы тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалім мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.

Оқушылар ғылыми тілді оқып үйренуі үшін мұғалім сабақ жоспарларына жүйелі түрде төмендегі оқу мақсаттарын қосуұсынылады:

• оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);

• пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);

алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті термин мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды қолдану;

оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

• оқушыларды пікірталас диалогтерге қатысуын ұйымдастыру (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық сөздік қормен қамтамасыз ету);

• тілге қатысты оқу дағдыларын дамыту (мысалы, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);

• сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер ортамерзімді жоспарда тақырыпшалармен көрсетілген:

(1) пәнге қатысты арнайы лексика және терминология.

(2) диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері. Берілген ақпарат тілі оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу, дәлелдеу, келіссөздер жүргізу, болжау, жасау, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, көшіріп жазу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.

Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.

Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға байланысты, бірақ ең кемінде бір мақсат тілге арналуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет