«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Бүйрек қызметінің жетіспеушілік синдромы



бет26/44
Дата19.05.2017
өлшемі10,13 Mb.
#16400
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44

Бүйрек қызметінің жетіспеушілік синдромы


Бүйрек қызметінің жетіспеушілігі - организмде азот қалдықтарының кідіруімен және судың, электролиттің, қышқылдық негіздіктердің тепе-теңдігін ұшықтыратын бүйрек қызметінің бұзылуымен сипатталатын патологиялық жағдай.

Бүйрек қызметінің жетіспеушілігінің жедел және созылмалы түрлері болады. Бүйректің қызметінің жедел жетіспеушілігі - улану, шок, жұқпалы аурулар кезінде бүйрек тіндерінің жедел зақымдалуынан кенеттен пайда болған бүйрек қызметінің жетіспеушілігі. Бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігін тудыратын себептер екі топқа бөлінеді:

I. Нефротикалық себептер.

1) ауыр металл тұздары (сынап, мышьяк, т.б.); 2) органикалық қоспалар (метил спирті, сірке эссенциясы, т.б.); 3) өсімдік және жануарлар улары (саңырауқұлақ, жылан, құрт-құмырсқа улары); 4) дәрі-дәрмектер (сульфаниламидтер, антибиотиктер, хинин, рентген контрасты т.б. заттар).

II. Бүйрек қан айналымының бұзылуының себептері: жарақат шогы, электр жарақаты, қансырау, күйік, сепсис, сиымсыз қан қүю, операциялық шок, миокард инфаркты, жұқпалы аурулар.

Бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігінің патогенезінде бүйрек қан айналымы бұзылысының маңызы зор. Осының салдарынан дамитын аноксияның нәтижесінде бүйрек шумақтары мен түтікшелерінде (өзекшелерінде) дистрофиялық және өлі еттену өзгерістері пайда болады. Егер жедел бүйрек қызметінің жетіспеушілігі нефротоксикалық себептерден дамыса, онда улы заттар мен токсиндер бүйректердің паренхимасына тікелей әсер етеді. Екі жағдайларда да бүйрек шумақтарында зәрдің сүзілуі бұзылады, бүйректермен зәрдің бөлінуі азаяды (олигурия), кейін бұл жағдайлар анурияға әкеліп соғады. Организмде калий, натрий, фосфор тұздары, азоттық өнімдер жиналады.

Бүйрек шумақтарының ишемиясы салдарынан артериялық қысым көтеріліп, анурия мен азотемия бірнеше тәулікке созылатын болса, ол өлімге жетелейді. Бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі өзін тудыратын аурудың сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігінің 4 сатысын ажыратады.

1. Бастапқы сатының ұзақтығы бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін созылады, оның клиникалық көрінісі бір аурудың ғана белгілерімен сипатталады (жарақаттың немесе трансфузиялық шок, улану т.б.);

2. Олигоануриялық саты, ол диурездің өзгеруімен, уремиялық уланумен, электролиттік бұзылыстармен байқалады. Зәр тұнбасында протеинурия, цилиндрурия, эритроцитурия анықталады. Бұл саты науқастың сауығуымен, немесе қаза болуымен аяқталады.

3. Полиуриялық саты, зәр мөлшері ақырындап көбейеді. Қан құрамында белок алмасуының қалдық өнімдері азаяды, зәрде патологиялық өзгерістер жоғарылайды.

4. Сауығу сатысы - ол қанда азот қалдығы, мочевина, креатининнің мөлшері қалыпты болған күннен басталып, 3 айдан - 12 айға дейін созылады.

4) Иллюстративті мәлімет берілген.
5) Әдебиет:

Негізгі әдебиет:

Қосымша әдебиет:
6) Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларының қандай негізгі симптомдарын білесіздер?

  2. Жіті және созылмалы гломерулонефрит кезінде мейірбикелік үдеріс.

3. Пиелонефрит кезінде мейірбикелік үдеріс.

  1. Зәр-тас ауруы кезінде мейірбикелік үдеріс.

  2. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде мейірбикелік үдеріс.


1) Тақырып:№15. Қан түзу және эндокринді жүйелердің ауруларында мейірбикелік процессті ұйымдастыру.
2) Мақсаты: студенттерді эндокринді және қан жүйесі еурулары кезінде мейірбикелік үдеріспен таныстыру. Студенттерге қантты диабеттің, тиреотоксикалық жемсаудың клиникалық көріністерінің симптомдары және синдромдарымен, лабораторлық және аспаптықзерттеу әдістерімен, олардың диагнестикалық мәнін үйрету.
3) Лекция тезистері:
²ÀÍ ÒҮÇÓ ÆҮÉÅÑIÍ ÇÅÐÒÒÅÓ °ÄIÑÒÅÐI

²àí àóðóëàðûíûí» áåëãiëåði ê¼ïòåãåí áàñºà äà àóðóëàð¹à ò¸í. Á½ë àóðóëàðäû» ïàéäà áîëóû ýðèòðîïîýзäi», ëåéêîïîýçäû» æ¸íå òðîìáîöèòîïîýçäû» á½çûëóûíà áàéëàíûñòû áîëàäû. ²àí àóðóëàðûíû» êëèíèêàëûº ê¼ðiíiñòåði ºàíøàëûºòû àéºûí áîëìà¹àíìåí, äèàãíîñòèêàëûº øåøiìi ëàáîðàòîðèÿëûº, ¸ñiðåñå ìîðôîëîãèÿëûº çåðòòåóäåí ñî» à¹íà ºàáûëäàíàäû.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет