Бекітемін: Т. Б. Жайлибаев 09. 12. 15. 12. 2013 аралығында өтетін



бет16/19
Дата18.02.2017
өлшемі2,42 Mb.
#9952
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Сабақтың тақырыбы: « Н,Ң дыбысы мен әріпі »

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, грамматикалық тақырып бойынша қайталау.

Оқушылардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу, тыңдау, жазу қабілеттерін дамыту;

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру

Сабақ 5 кезеңнен тұрды. Кезеңдер бір – бірімен байланыста өтті. Мұғалім оқушыларға жекелеген тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын арттыруға көңілд бөлді. Оқушылармен қарым-қатынасы,жұмыс істеуге қолайлы жағдай туғызуы талапқа сай. Барлық оқушылардың жұмыс істеуіне көңіл бөлді.

Фонетикалық жаттығу, дауыстап айту сияқты кезеңдері сәтті шықты.

Ұсыныстар:  Мұғалім тақтадан  өзі көп оқыды. Оқушыларға көп оқыту, дауыстап айтқызу. Қателерін өздеріне тапқызып, түзету.

«Жас қылқалам шебері» суретт сайысы өтті. Әсіресе,3- 4 -сынып оқушылары жоғары қызығушылық танытып, логикалық дамуының шапшаңдығын байқатты.

 «Мәнерлеп оқудың жарқын жұлдызы»мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 2 сынып оқушылары жүлде орынға ие болды.

«Ертегілер елінде» ертегілер қойылымы ерекше қызығушылық туғызды.  4-сынып ,3 сынып оқушылары жеңімпаз атанды. 



Сондай-ақ, оқушыларымыз сөзжұмбақтар шешуді ұнатады, соған сәйкес «Сөзжұмбақтар» газетін шығарды. 

 

Бастауыш сыныптар апталықтың өткізу бағдарламасы оқу әрекетінің түрлі әдістері мен тәсілдерін көрсетті. Саралауға арналған жұмыс түрлері ұжымдық және дербес жұмыспен бірігушілік танытты. Оқушыларлың ойлау қызметін белсенділендіру үшін көрнекі құралдар, ұстаздар мен оқушылардың жасаған тұсаукесерлері пайдаланылып, ойындар, сайыстар, викториналар өткізілді. Суреттер және түрлі пәндерден шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.  

   Пәндік апталығы оқушыларға өз шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Барлық ұстаздар апталық барысында жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін танытып, мерекелік шығармашыл орта құра білді.Оқушылар пәндер бойынша білімдерін көрсетіп, оны түрлі жағдаяттарда қолдана алу білігін, өзара көмектерін танытып, қиын сұрақтардың түрлі шешімдерін қарастырды.

       Бастауыш сыныптар апталығы шығармашыл, ынтымақшыл ортада өтті  және бастауыш сыныптар жұмысының нәтижелілігін көрсетті деп нық сеніммен айтуға болады. Әр дүйсенбі сайын өтетін мектепішілік жиында белсенді оқушыларға Мадақтамалар табыс етіліп, ду қол шапалақпен құттықталды. Барлық оқушы дерлік Грамота мен Алғыс хатқа ие болды. Яғни, біз бастауыш сыныптар апталық алдына қойылған барлық міндеттерді шеше білдік деп айта аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет