Ал бірінші басымдық – Ресей және Қытай
«Eлшілер белгілі бір елмен өзара ынтымақтастық байланысты арттыруда қандай да бір әрекет етіп отырған жоқ» деп жалпы Сыртқы істер министрлігін орынсыз сынайтын азаматтар бар. Бұларға айтарым Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдығы әуелден-ақ айқын. Бұл туралы еліміздің 2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саясаты тұжырымдамасында ашық айтылған. «Алыс ағайыннан қасындағы көрші артық» дейді. Сондықтан бүгін де, ертең де, болашақта да теріскей мен түстік, батыс пен шығыстағы көршілермен өзара ықпалдастықты арттыруға күш саламыз. Бұл тарапта бірінші кезекте – Ресей және Қытай, одан кейін Еуропа одағы және АҚШ, келесі кезекте Түркия, Иран, Араб мемлекеттері және Азияның Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзиямен арадағы әріптестікке ерекше мән береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |