Жеңілдік желік емес
Елшілік қызметкерлерінің пайдалана алатын белгілі бір жеңілдіктері бар ма? Білгіңіз келсе, айтайын. Елшілік қызметкерлері Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясына сәйкес, бірқатар дипломатиялық иммунитет пен жеңілдікке ие. Атап айтсақ, иммунитет дипломаттарға жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның жұмысын кедергісіз жасауға арналған. Қандай да бір жағдайда дипломат қамауға алынбайды, сот істеріне қатыспайды, бір сөзбен айтқанда, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Жеңілдіктерге келетін болсақ, дипломат барған елінде салық төлеуден, жеке басының қажеттілігінде қолданатын мүлікті тасымалдауда кедендік алымдардан босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |