Бүгін "Жас Қазақ" газетінде Қр сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың сұхбаты жарық көрді



бет9/9
Дата06.02.2022
өлшемі65,88 Kb.
#38593
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әттеген-ай...
немесе бізден сауал, сізден жауап
Жас қазақ: Ұлттық дәстүрді қазақтың қазынасын көрсетуге талпынған азаматтарға елшілік тарапынан көмек көрсетіле ме?
Ерлан Ыдырысов: Өкінішке қарай, Сыртқы істер министрлігінде қазақтың қазынасын, еліміздің бай мәдени мұрасын шетелдіктерге таныстыру үшін қаражат қарастырылмаған. Дегенмен, біздің ведомство Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, әйгілі «Құрманғазы» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, даңқты «Отырар сазы», фольклорлық-этнографиялық оркестрі, «Гүлдер» би ансамблі­нің концертін өткізуге ат салысты.
Қазіргі кезде дипломатияда «жұмсақ күш» феномені бар. Ол – белгілі бір елдің мәдениеті, өнері, музыкасындағы жетістіктері арқылы мемлекеттің оң келбетін қалыптастыру. Менің ойымша, біздің жұмсақ күшіміз – ұлттық аспаптарды заманауи техникалық мүмкіншіліктерді пайдаланып, жетілдіру, сол арқылы жаңа музыка синтезін қалыптастыру керек. Шетелдіктерді классикамен таң қалдыру мүмкін емес, оларды өзіндік ерекшелігі бар, сан ғасырларды басынан кешкен ұлы дала үндері ғана еліктіре алады.
Әзірлеген Думан Бықай
"Жас Қазақ" газеті http://jasqazaq.kz/2014/08/15/notany-tek-azasha-zholdaymyz.html

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет