Бүгін "Жас Қазақ" газетінде Қр сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың сұхбаты жарық көрді



бет5/9
Дата06.02.2022
өлшемі65,88 Kb.
#38593
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазіргі басымдық қандай?
Әзіргі күні елшіліктеріміз эконо­мика­лық дипломатияға ерекше ден қойып, елге инвестиция және жаңа технологиялар мәселе­сін назарда ұстап отыр. Бұл мақ­сатта экономикасы да­мы­ған алдыңғы қа­тарлы 20 мемле­кет­ті іріктеп алдық, атал­ған елдерде орналасқан 500-ден астам келіссөз жүр­гізіп жатқан жайымыз бар.
Дипломат қандай болуы керек?
Дипломат ше­шен­дік өнерге жақын болуы ти­іс. «Сөз тапқан­ға қол­қа жоқ» демек­ші, орынды айтыл­ған қал­жың көп жағ­дайда жоғары ба­ға­ла­нып, әңгімесі жүр­мей, сөз­дің басы құралмай отырған жиын­ға жан біті­реді. Яғни бұл істе де әзіл-қал­жыңға орын бар. Біздің дипломаттар арасында домбыра, қобыз сияқты ұлт­тық музыкалық аспаптың құла­ғында ойнайтындар да аз емес. Сол өнері арқылы барған еліндегі әр­іптестерін таң қал­дырып, олардың тығыз достық қаты­настар орнатуына себеп болған жайттары да кездесіп жатады. Министр­лікте дипломаттардан құ­рал­ған ұлттық ас­пап­тар ансам­блі де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет