Білім беру бағдарламасы -6В01303-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 6В01202- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


Әлеуметтік психология Аффекттік теориялар Когнитивті психология



бет8/23
Дата03.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#108256
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word

Әлеуметтік психология Аффекттік теориялар Когнитивті психология

Бұл «теориялық экспедицияның» өн бойында ең ұзақ болатын топ – когнитивті те- оретиктер. Бұл теорияның өкілдері – когнитивті психологтер белгілі бір материалды қабылдауға қатысты адамдардың санасында болып жатқан үдеріс мәселелерін зерттейді. Танымдық үдерістерді (есте сақтау, қабылдау), зиятты және даму кезеңдерін анықтауға арналған қазіргі заманғы және ертеде жарияланған зерттеу әдебиеттері жеткілікті. Қазіргі заманғы неврологиялық әдістерді пайдалануға және жеке тұлғаның жалпы оқуына қатысты мәселелерге баса назар аударыла бастауына байланысты, осы теориялардың кейбіреулерінің дамып, өрістеуіне жол ашылды. Осы тарауда танымдық теориядағы өзгерістер есте сақтау және зияткерлікке қатысты соңғы зерттеулер тұрғысынан қаралған.

оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айттық. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

• оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы білім алудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;

• жүйелі ойлануға үйрету;

• шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерт- теу және анықтау;

• оқу үдерісі үшін және өзін өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;

• тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;

• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік. Келесі бөлімде біз «оқуды үйрету» деп түсінетін құбылысты және мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін қалай бере алатынын қарастырамыз. «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау тура- лы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты таным- ды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

• оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

• жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;

• тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

• нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға көмектеседі. Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Дәріс 3.Тақырыбы: Бірлескен және топтық жұмыс.

3.1. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

3.2. «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» туралы түсінік.

3.3. Топты ұйымдастыру ережелері.

3.4. Топты құру кезеңдері.

3.5. Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері.

Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.

Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:



  1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

  2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

  3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

  4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-ақ эмоционалдық тапсырмалар қойылады. Сол арқылы, білім алушылар өздерінің ұғым-түсініктерін қалыптастырып, және де оқулықта ұсынылған түсініктерге немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни, ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:

Топтық жұмыстың артықшылығын барынша күшейту үшін, мұғалімдер және олардың оқушылары қадағалау жүргізудің және қарым-қатынас жасаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзінің пікірін білдіру және басқаларға қолдау көрсету дағдыларын біліп, оларды дамыта алғандары маңызды. (3-сурет)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет