Білім беру бағдарламасы Бакалавриат, жоғары мамандандырылған арнайы білім, интернатура Шифр мен мамандықтың атауы


«Жалпы тәжірибелік дәрігердің клиникалық сұхбаты»



бет14/17
Дата21.12.2022
өлшемі113,6 Kb.
#163847
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
7 - Симуляциялық курс «Шұғыл жағдайлар» на 2022-23 (1)

«Жалпы тәжірибелік дәрігердің клиникалық сұхбаты»

Клиникалық сұхбат қадамдары

Дағдыны орындаудың қадамдық әрекеттері
(вербальды, вербальды емес компонент)

1. Бастапқы байланысты орнатыңыз

  1. Науқаспен амандасып, өзіңізді таныстырыңыз, науқаспен қарым-қатынас формасын анықтаңыз;

  1. Оңтайлы ара-қашықтықты ұстаңыз;

  1. Қаралудың мақсатын анықтаңыз, науқастың шағымдарымен танысыңыз, сенімді қарым-қатынасты қалыптастырыңыз: науқас - дәрігер;

  1. Бірлескен жұмыс жоспарын анықтаңыз; науқастың төлқұжат мәліметтерін анықтаңыз;

2. Сұхбат ашыңыз, науқаспен сауалнама жүргізіңіз

  1. Ақпарат жинау кезінде ашық және жабық сұрақтарды пайдаланыңыз;

  1. Жетекші, нақтылаушы сұрақтарды қолданыңыз;

  1. Белсенді тыңдап, көз байланысын сақтаңыз;

  1. Кері байланысты (басқаша сөзбен) түсінікті тілде, қосымша кідіріссіз ұсыныңыз;

3. Мүшелер мен жүйелер бойынша қарап-тексеру, физикальды тексеру жүргізіңіз

  1. Келесі іс жоспарын түсіндіріңіз, медициналық тексеру жүргізуге ақпараттандырылған келісім алыңыз; сұхбат нұсқаулығын көрсету;

  1. Балама сұрақтарды қолданыңыз (мысалы, ауырсынудың сипаттамасын нақтылау үшін, ауырсынудың локализациясын және қарқындылығын анықтау мақсатында);

  1. Кері байланыста науқастың жағдайына, оның ауырсынуға реакциясына, дәрігердің қойылған сұрақтарды түсінуіне барабар баға беру;

4. Диагнозды қою және мүмкін нәтижені айтыңыз

  1. Ақпаратты жинақтаңыз да алдын ала диагнозды науқасқа ұсыну;

  1. Ауру туралы негізгі ақпаратты және ықтимал нәтижені түсіндіріңіз, сөйлеу жылдамдығын сақтай отырып, науқастың сұрақтарына жауап беріңіз;

  1. Қосымша аспаптық зерттеулердің маңыздылығын түсіндіру үшін сендіру шеберлігін қолданыңыз; Науқастың кейінгі әрекеттерінің бағытын анықтаңыз.

5. Емдеу-сауықтыру іс-шараларының жоспарын қалыптастырыңыз

  1. Науқаспен бірлесіп, дәрігер мен пациент арасындағы комплаенске сүйене отырып, емдеу жоспарын айқындау; ұсыныстарды (СӨС - салауатты өмір салты, тамақтану режимі, ұйқы режимі) түсінікті тілде жеткізу;

  1. Науқастың қаралу кезіндегі жағдайына қарай емдеу жоспарын қалыптастыру;

  1. Медициналық манипуляцияларды қорытындысын шығарыңыз, (сауалнама, физикальды тексеру, диф.диагностика) түйіндеңіз, тар шеңберлі мамандардың қатысуы қажет болған жағдайда қосымша аспаптық және зертханалық зерттеулер жүргізуге уақыттың маңыздылығын анықтаңыз;

  1. Тағайындаулар мен ұсыныстарды түсінгенін анықтау үшін науқастан кері байланыс алу;




  1. Келесі кездесуді анықтаңыз; сұхбатты аяқтаңыз;

Науқастан кері байланыс алыңыз

20. - «Стандартталған пациент, сіз дәрігердің (интерн дәрігерінің) жұмысына (медициналық қызметіне) қанағаттанасыз ба?"- "Сіз осы дәрігерге өз денсаулығыңызды сеніп тапсыра аласыз ба?»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет