Білім беру бағдарламасы Бакалавриат, жоғары мамандандырылған арнайы білім, интернатура Шифр мен мамандықтың атауы


«Трахея мен бронхтарға интубация және экстубация жасау»



бет15/17
Дата21.12.2022
өлшемі113,6 Kb.
#163847
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
7 - Симуляциялық курс «Шұғыл жағдайлар» на 2022-23 (1)

«Трахея мен бронхтарға интубация және экстубация жасау»





Трахея мен бронхтарға интубация және экстубация жасау қадамдары


Қолыңызға резеңке қолғап киіңіз. Пациенттің жағдайын бағалаңыз, ТЖ, ЖСЖ, SpO2 мониторинг жүргізіңіз


Барлық қажетті инструменттерді атай отырып, трахея интубациясын жасауға дайындалыңыз


Жұтыну рефлексі мен ларингоспазмның алдын алатын қажетті медикаменттерді атап шығыңыз /анальгетиктер, седативті препараттар, релаксанттар /препараттың атауы, енгігу реттілігі және преператтың саны/


Пациенттің бас жағында студенттің тұру қалпын анықтаңыз. Пациентті қалай жатқызу керектігі туралы айтыңыз: басының, денесінің қалпы, сонымен қатар аузындағы протезін шешу туралы.


3 минут ішінде предоксигенациялық маскамен 100% О2-ны дұрыс жүргізу. Дұрыс вентиляция жүргізу үшін масканың калпын және оны қалай ұстау керектігін түсіндіру.


Клинокты дұрыс таңдап /тік, иілген/ және ларингоскоптың негізіне кигізіп, ларингоскоптың жұмыс істейтініне көз жеткізу.
Ларингоскоппен қалай жұмыс жасау керектігін көрсетіңіз.
Сол қолмен ларингоскопты ұстап, оң қолмен басын 35-45 град шалқайтыңыз.
Тісі мен ернін қысып қалмай, клинокты аузының оң бұрышына қаратып ауыз қуысына енгізіңіз.


Тілдің түбіне жеткеннен соң клинокты тілмен бірге солға жылжытыңыз.
Көмейге енгізбес бұрын клинокпен тілдің түбін басып, ларингоскопты жоғары көтеріп, дыбыс саңылауын анықтаңыз


Эндотрахеальды түтікшені оң қолға ұстап трахея интубациясына кірісу / эндотрахеальды түтікшені дыбыс саңылауы арқылы трахеяға 20-22 см тереңдікте енгізу. Эндотрахеалды түтікшенің ұшын трахея бифуркациясынан 3-4 см жоғары орналастырыңыз.


ИТ ұстап тұрып, ларингоскопты алып тастаңыз
АМБУ қапшығының көмегімен ИТ дұрыс тұрғандығын анықтаңыз. Өкпеге симметриялы түрде аускультация жүргізіңіз, өкпенің төменгі бөлігінен бастап, бүйір жағына өтіп, өкпе ұшынан симметриялы түрде аяқтау. Манжетті 5-8 мл ауамен немесе физ.ерітіндімен толтырыңыз
ИТ лейкопластырмен немесе бинтпен бекітіңіз
ИТ тістеп қалмау үшін Гведела ауаөткізгішті енгізіңіз және бекітіңіз.


Трахея экстубациясы: Пациенттің жағдайын бағалаңыз – есінің дәрежесі, тынысы және бұлшықет тонусы. Трахеобронхиальды тармақтарына санация жүргізіңіз. ИТ-ге катетер енгізіп, аспираторға қосу. Экстубация жасау. Пациенттің жағдайын бағалаңыз /ТЖ, ЖСЖ, SpO2/.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет