Білім беру бағдарламасы Бакалавриат, жоғары мамандандырылған арнайы білім, интернатура Шифр мен мамандықтың атауы


"Ми қан айналымының жіті бұзылысында жедел медициналық көмек көрсету"



бет16/17
Дата21.12.2022
өлшемі113,6 Kb.
#163847
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
7 - Симуляциялық курс «Шұғыл жағдайлар» на 2022-23 (1)

"Ми қан айналымының жіті бұзылысында жедел медициналық көмек көрсету"





Қадам

Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері

1

Пациентпен бастапқы байланыс орнатыңыз

Пациентпен амандасыңыз, өзіңізді таныстырыңыз, атын сұраңыз және көз байланысын орнатыңыз

2

Науқастың шағымдарын нақтылаңыз

Пациенттен не мазалайтынын сұраңыз:
- жалпы милық белгілері (бас ауруы, жүрек айну, құсу, бас айналу, жүрек соғысы, сананың бұзылуы және т. б.
- ошақтың неврологиялық белгілері ( тілдің күрмелуі, бетінің ұюы, көру қабілетінің бұзылуы, (гемианопсия, диплопия), аяқ-қолдардағы қимыл және сезімтал функцияның бұзылуы)

3

Ошақтық белгілердің пайда болу уақытын нақтылаңыз

Осындай симптомдар бұрын соңды болған ба немесе бірінші рет болып тұр ма, болса симптомдардың пайда болу уақытын (сағат, минут) нақтылау.

4

Ауру анамнезін жинаңыз

Пароксизмді есін жоғалту, бастан өткерген инсульт, артериялық гипертензия, қант диабеті, ЖИА, жүрек ырғағының бұзылуы ( жүрекшелер фибрилляцияның болуы); мидың негізгі тамырларының стенозды немесе окклюзиялық зақымдануы, қан мен дәнекер тінінің аурулары
бұрын болған ба анықтау

5

Өмір анамнезін жинаңыз

Тұқым қуалаушылықты, жарақаттарды, хирургиялық араласулар болған ба, жаман әдеттері бар ма нақтылаңыз.

6

FAST өткізу

Face (бет): пациенттен күлімсіреп, тістерін көрсетуді сұраңыз. Бағалау: ауыздың бұрыштарындағы асимметрия.
Arm (қол) - пациетке екі қолын 5 секунд ішінде 90 градусқа немесе 45 градусқа көтеріп ұстап тұруды сұраңыз(отырған немесе жатқан қалпында). Бағалау: қол позициясының асимметриясы (инсульт кезінде қолдың біреуі төмен түседі).
Speech (сөйлеу): - пациенттен қарапайым сөйлемді айтуды/ қайталауды сұраңыз. Бағалау: айтылған сөздердің анықтығы мен нақтылығын
T-тест

7

Артериялық пульсті анықтаңыз

Артериялық пульс екі қолда да пульсті өлшеу ережелері мен техникасын сақтай отырып
симметриялы өлшенеді.

8

Артериалды қан қысымын өлшеңіз

Артериалды қан қысымы екі қолда бірдей, АҚ өлшеу ережелері мен техникасын сақтай отырып өлшенеді

9

Экспресс әдісімен перифериялық қандағы глюкозаны анықтаңыз

1. стерильді қолғап киіңіз
2. науқастың саусағын антисептикалық ерітіндімен өңдеңіз (этил спиртінің 70% ерітіндісі)
3. стерильді ланцет/ скарификаторды автомат тұтқасына орнату
4. саусақтың жұмсақ бөлігін 90 градус бұрышпен тесіңіз
5. тест жолағына бір тамшы қан жағыңыз
6. глюкометрді қосыңыз және өлшеу үшін сынақ жолағын орнатыңыз

10

Пульсоксиметрия жүргізу

Науқастың саусағына пульсоксиметрді салыңыз, SaO2 деңгейін анықтаңыз

11

Дене температурасын бақылау

Термометрді науқастың қолтығына салыңыз

11

Оксигенотерапияны қамтамасыз ету

SaO2 95% - дан аз болса оттегінің бастапқы берілу жылдамдығы 2-4 л/мин болатындай оксигенотерапияны бастау

12

Веноздық қол жетімділікті қамтамасыз етіңіз

Веноздық катетерді орнатыңыз (вазофикс)

13

Алдын ала диагноз қойыңыз

Алдын ала диагноз қою және пациентке айту

14

Артериалды қан қысымын бақылап және коррекция жасап отыру

Каптоприл 6.25-12,5 мг тіл астына, Метопролол 5-10 мг, Альфа адреноблокатор: Урапидил 10 немесе 12,5 мг дозалармен бөліп-бөліп қан қысымын бақылау арқылы әрбір 5 минут сайын кезең-кезеңімен көктамыр ішіне енгізіледі. Артериалды қан қысымын бастапқы мәндерден 15-20% - дан асырмай төмендету керек. 180/100 мм. сын. бағ төмен түсуге жол бермеу керек.

15

Стационарға хабар беру

Қабылдау бөліміне қоңырау шалып, симптомдардың басталу уақытын ( сағаты мен минутын ) көрсете отырып, инсульт болуы мүмкін пациентті жеткізетіні туралы айту.

16.

Науқастың бағытын анықтаңыз

Инсультті емдеуге арналған мамандандырылған бөлімшесі (инсульт орталығы) бар жақын маңдағы көп бейінді стационарға пациентті жедел түрде жеткізу. Мамандандырылған бөлімше болмаған жағдайда, ең қолайлы медициналық мекемеге жедел жеткізу.

17

Пациентті тасымалдау

Пациенттің басы 30 градусқа дейін көтерілген күйде зембілде қатаң түрде жатқан қалпында тасымалдануы тиіс

18

Қан қысымын, пульс, сатурация (SaO2) деңгейін тұрақты бақылауды қамтамасыз етіңіз

Қан қысымын, пульс, сатурация (SaO2 )деңгейін мониторинг жүргізу

19

Тиісті вербалды емес мінез-құлықты қолдану

Позаны, дауыс тонын, бет әлпетінің мимикасы, қимылдарды, тактильді қолдауды қолдану.

20

Әңгімені аяқтау

Науқасқа оның бағыты туралы түсіндіріп, қоштасыңыз.

№2 Қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет