Модуль тапсырмалары:
9.1 Сығылмайтын жеке флюид үшін Дарси заңын қолданып, абсолюттік өтімділікті есептеу және қолдану.
9.2 Шоғырларда өтімділіктің бір текті еместігін түсіндіру. Мысалы тік және максимал өтімділіктерді тасбағанды сараптау (керновый анализ) арқылы түсіндіру.
9.3 Дарсидің сызықтық теңдеуін қолданып, есептер шығару.
9.4 Сығылмайтын жеке флюид үшін Дарсидің радиалды теңдеуін қолданып, ағындарға арналған қарапайым есептерді шығару.
9.5 Құйылу теңдеулерiндегi орташа қойнау қаттық қысымды қолдану.
9.6 Құбылғыштың (флюидтің) ағуының орынын анықтауы үшiн (өтiмдiлiк - қалыңдық) өтiмдiлiктiң коэффициентiн қолдану.
9.7 Горизонтал қабатшы коллекторындағы сызықты ағындардың теңдеуінiң арқасында орташа өтiмдiлiктi ескере отырып, қарапайым ағынның есептерін шығару.
9.8 Горизонтал қабатшы коллекторындағы радиал ағындардың теңдеуінiң арқасында орташа өтiмдiлiктi ескере отырып, қарапайым ағынның есептерін шығару.
9.9 Ұңғыма айналасындағы кеңістіктің бүлінуі және ағындарды құйылуда жуықтаудың арқасында интенсификациялау, орташа өтімділік ұғымын қолдану.
9.10 Салыстырмалы өтімділік кестесінен салыстырмалы және эффективті өтімділіктерді есептеуде қабаттағы көп фазалы ағын ұғымын қолдану.
Модуль 10. Кен орнының қарапайым материалдық балансымен танысу
Оқудың нәтижесі:
Жер қойнауларындағы алғашқы мұнайды, қабаттағы мұнай газының бастапқы қорларын, және қажеттi су мен газдың ағу/толтыруын есептеу үшін материалдық баланстың негiзгi принциптерін қолдану.
Модуль тапсырмалары:
10.1 Кен орнының жиынтық (жыныстың тұрақты көлемі/кеуектілік) қойманың жақындатуын пайдалану арқылы қарапайым материалдық балансты шығару.
10.2 Флюидтердің кеңейтілуі және флюидтің шығарылуы/толтырылуы негiзiнде қарапайым материалдық баланстың теңдеуін түсіндіру.
10.3 Кен орнының қарапайым материалдық балансын зерттеудi орындау үшiн мәлiметтердiң мақсаты мен қажеттiлiгiн түсіндіру.
10.4 Су мен газдың берілген ағу/толтыруында бiрiншi көпiршiктiң температурасы төмен және жоғары шарттарында жер қойнауларындағы алғашқы мұнайды есептеу.
10 5 Бiрiншi көпiршiктiң температурасы төмен және жоғары шарттарындағы мұнай өнiмдiлiгiнiң коэффициентiн есептеу.
10.6 Мұнайдың баланстық қорлары берілгенде қажеттi су мен газдың қажетті ағу/толтыруын есептеу.
10.7 Су мен газдың ағыну/толтыруы берілген шарттарында мұнай газының қабаттағы бастапқы қорларын есептеу.
10.8 Газбергіштің коэфициентін есептеу
10.9 Қабаттағы мұнай газының бастапқы қорлары берілгенде қажеттi су мен газдың қажетті ағыну/толтыруын есептеу.
Оқыту әдістері:
Сыныпта талқылау
Басқару нұсқау
Тәуелсіз оқытуы
Лекция
Зертханалық жұмыс
Оқыту ресурстары:
Ғылыми калькулятом
Мөлдір 12-дюймді сызғыш
Жеке бас қорғаныс құралдар (қоғаныс көзілдірігі және зертханалық халат)
Мұнай зертханасы F203
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
5.1. Крафт, Б.С. және Хоукинс М, толықтырылған Терри, Р.Е. (1991) Мұнай өндірудің қолданбалы технологиясы (2-і басылым) баспа ИнглвудКлифс, Нью-Джерси: Прентис-Холл Инк.
5.2. Эмикс,Дж.У., Басс Д.М. Дж и Уайтинг (1960), Мұнай өндіру технологиясы, баспа Нью Йорк: McGraw-HillBookCompany.
5.3. Крафт, Б.С. және Хоукинс, М. (1959) Мұнай өндірудің қолданбалы технологиясы (1-і басылым) баспа ИнглвудКлифс, Нью Джерси: Прентис-Холл Инк.
5.4. Мұнай қоғамы және Канаданың тау ісі, металлургия және мұнай институты (1994),
5.5. Мұнай мен газдың резервтерін анықтау (мұнай Қоғамының баспасы), Калгари, Канаданың тау ісі, металлургия және мұнай институты
Курстың бағалау жүйесі
Тесттер 30%
Аралық емтихан 30%
Қорытынды емтихан 30%
Зертханалық жұмыстар 5%
Үй тапсырмалары 5%
Барлығы 100%
Бағалау шкаласы
Пайыздық баға
|
Әріптік баға
|
Балдық баға
|
90-100
|
A+
|
4.0
|
85-89
|
A
|
4.0
|
80-84
|
A-
|
3.7
|
77-79
|
B+
|
3.3
|
73-76
|
B
|
3.0
|
70-72
|
B-
|
2.7
|
67-69
|
C+
|
2.3
|
63-66
|
C
|
2.0
|
60-62
|
C-
|
1.7
|
55-59
|
D+
|
1.3
|
50-54
|
D
|
1.0 Ең төменгі өту балы
|
0-49
|
F
|
0.0
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Коллектордың қасиеттері және түйіндік потенциалдар әдісімен жасалатын сараптама
Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог
Астана 2012
Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны
бет
|
|
|
1.
|
Түсіндірме жазба
|
312
|
2.
|
Курстың мазмұны
|
313
|
3.
|
Оқыту әдістері
|
323
|
4.
|
Оқыту ресурстары
|
323
|
5.
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
323
|
6.
|
Курсты бағалау жүйесі
|
323
|
Түсіндірме жазба
Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)
«Коллектордың қасиеттері және түйіндік потенциалдар әдісімен жасалатын сараптама» пәні компьютерлік қосымшалар мен коллектор мен өндіруге қатысты күрделері есептерді шығаруды қамтиды.
Модульдердің жалпы саны: 25.
Сағат саны: 75.
Кредиттер саны: 3.0
«Коллектордың қасиеттері және түйіндік потенциалдар әдісімен жасалатын сараптама» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.
Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.
Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде оқытудың жаңа техногияларын, электрондық оқулықтарды, аудио және видео материалдарды, көрнекілік құралдарын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.
Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.
Өндірістік практика оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар нақты өндіріске сәйкес жабдықталған оқу орнының шеберханаларында жүргізіледі.
«Кен орынын өңдеуің қосымша технологиясы» пәні мен пәнаралық интеграция студенттердің мамандық бойынша алатын білімдіерін толықтырады және әр түрлі оқу бағдарламалары бойынша өзара байланысты сезінуіне мүмкіндік береді.
2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Газ ұңғымасының өнімділігін зерттеу
Оқудың нәтижесі:
Газ ұңғымасының өнімділігін үш рет зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін және қолданылуларын түсіндіру.
Модуль тапсырмалары:
1.1 Газ ұңғымасының өнімділігін зерттеудің мақсаты мен қолданылуын түсіндіру.
Уақытпен салыстырғанда жер қабатымен ұңғыманың кездесу орнындағы қысым, ұңғыманың дебиті, өндірістік зерттеулерден алынған деректер бойынша қорытынды шығарып, газ ұңғымасының өнімділігін үш рет зерттеуді жүргізудің әдістерін түсіндіру.
1.3 Зерттеулердің деректерін сараптап, олардың анық қателерiнiң бар болуына тексеру.
Модуль 2. Графиктік шешулер арқылы максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған талдауын жасау
Оқудың нәтижесі:
Изохронды зерттеулердің өзгертілген нәтижелерін қолданып, графиктік тәсілмен максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған теңдеулерін шешу.
Модуль тапсырмалары:
2.1 Максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған теңдеулеріндегі айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру.
2.2 Максимал мүмкін дебиттің ықшамдалған теңдеулердегі өндірістік деректерге негізделген айнымалыларды есептеу және алынған деректер бойынша логарифмдік және сызықтық графиктерді сызу.
2.3 Екі графикті де сараптап, динамикалық ақпараттың нүктелерін қолданып, деректердің анық қателерін түзете отырып, ең жақсы сәйкестік сызығын салу.
2.4 Динамикалық және тұрақтандырылған q-AOF графиктік тәсілмен анықтау.
2.5 Графиктің көлбеулігін есептеп, n-AOF көрсеткішін анықтау.
Модуль 3. Сандық шешулер арқылы максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған талдауын жасау
Оқудың нәтижесі:
Изохронды зерттеулердің өзгертілген нәтижелерін қолданып, сандық тәсілмен максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған теңдеулерін шешу.
Модуль тапсырмалары:
3.1 Максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған теңдеулеріндегі айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру.
3.2. Максимал мүмкін дебиттің ықшамдалған теңдеулердегі өндірістік деректерге негізделген айнымалыларды есептеу және алынған деректер бойынша максимал мүмкін дебиттің логарифмдік және сызықтық қағазда графиктерін сызу.
3.3 Екі графикті де сараптап, регрессиялық сараптаманы қолданып, деректердің анық қателерін түзете отырып, ең жақсы сәйкестік сызығын салу.
3.4 Екі сызық үшін (динамикалық және орнықтырылған) n-AOF көрсеткішін, C-AOF және qAOF коэффициенттерін есептеу.
3.5 Жер қабатымен ұңғыманың кездесу орнындағы қысым, ұңғыманың максимал мүмкін дебитін ықшамдалған теңдеулер арқылы шешу.
Модуль 4. Сандық шешулердің квадраттар әдісі бойынша LIT – қысым сараптамасы
Оқудың нәтижесі:
Изохронды зерттеулердің өзгертілген нәтижелерін қолданып және LIT-P2 ықшамдалған теңдеуін сандық шешулер әдісі бойынша шешу.
Модуль тапсырмалары:
4.1 LIT-P2 теңдеуіндегі айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру.
4.2 LIT-P2 теңдеуіндегі өндірістік деректерге негізделген айнымалыларды есептеу және алынған деректерді сызықтық қағазға ауыстыру.
4.3 Екі графикті де сараптап, динамикалық ақпараттың нүктелерін қолданып, деректердің анық қателерін түзете отырып, ең жақсы сәйкестік сызығын салу.
4.4 Динамикалық ақпарат бойынша LIT-P2 теңдеудегі а, b коэффициенттерін және q aof-ны анықтау.
4.5 Орнықтырылған деректер бойынша LIT-P2 теңдеудегі а, b коэффициенттерін және q aof-ны анықтау.
4.6 Жер қабатымен ұңғыманың кездесу орнындағы қысым, ұңғыманың дебитін LIT-P2 теңдеу арқылы шешу.
Модуль 5. Газдың псевдоқысымын қолдана отырып, сығылатын сұйықтың радиал ағынының теңдеуі
Оқудың нәтижесі:
Үш әр түрлі әдіс арқылы газдың псевдоқысымын есептеу және оны LIT-Ψ теңдеуінде қолдану.
Модуль тапсырмалары:
5.1 Сығылатын және сығылмайтын сұйықтардың радиал ағынының теңдеуіндегі айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру.
5.2 Анықтамалық кестелер, графиктер арқылы немесе техникалық интергалдау тәсілімен газдың псевдоқысымын анықтау.
5.3 LIT-Ψ теңдеуіндегі айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру
Модуль 6. сандық шешімдер көмегімен псведоқысымның LIT сараптамасы
Оқудың нәтижесі:
Изохронды зерттеулердің өзгертілген нәтижелерін қолданып және LIT- Ψ псевдоқысым ықшамдалған теңдеуін сандық шешулер әдісі бойынша шешу.
Модуль тапсырмалары:
6.1 LIT- Ψ теңдеуіндегі өндірістік деректерге негізделген айнымалыларды есептеу және алынған деректерді сызықтық қағазға ауыстыру.
6.2 Екі графикті де сараптап, динамикалық ақпараттың нүктелерін қолданып, деректердің анық қателерін түзете отырып, ең жақсы сәйкестік сызығын салу.
6.3 Динамикалық ақпарат бойынша LIT- Ψ теңдеудегі а, b коэффициенттерін және q aof-ны анықтау.
6.4 Динамикалық ақпарат бойынша LIT- Ψ теңдеудегі а, b коэффициенттерін және q aof-ны анықтау.
6.5 Жер қабатымен ұңғыманың кездесу орнындағы қысым, ұңғыманың дебитін LIT- Ψ теңдеу арқылы шешу.
Модуль 7. Газ өндіру жүйесінің компоненттері
Оқудың нәтижесі:
Жүйенің негізгі компоненттерін сипаттап, олардың әрқайсысының барлық жүйеге және өнімділікті жобалауға әсерін түсіну.
Модуль тапсырмалары:
7.1 Негізгі компоненттердің әрқайсысының газ шығару жүйесіндегі функцияларын түсіндіру.
7.2 Негізгі компоненттердің әрқайсысына газ шығару жүйесінде әсер ететін факторларды түсіндіру, газ ұңғымасының өнімділігін болжау үшін барлық қажетті ақпаратты жинақтау.
7.3. Газ ұңғымасының өнімділігін болжау және ұңғыма ауызындағы және ұңғыманың қабатпен кездесу орынында IPR (забойлық қысым мен дебитпен фонтандану арақатынасын) құру үшін негізгі теңдеудің қолданылуын түсіндіру.
Модуль 8. Газ ұңғымасының өнімділігінің болжау
Оқудың нәтижесі:
Графиктік және сандық әдістерді қолданып, газ ұңғымасының өнімділігін анықтаудың бірнеше болжамын жасау.
Модуль тапсырмалары:
8.1 Өнімділік болжамын жасау үшін қолданылатын мақсат пен болжамдарын түсіндіру.
8.2 Ұңғыма ауызындағы қысымның тұрақты жағдайына арналған сандық шешімдер әдісімен құрылған өнімділік болжамын жасау.
8.3 Ұңғыма ауызындағы тереңдіктің тұрақты жағдайына арналған сандық шешімдер әдісімен құрылған өнімділік болжамын жасау.
8.4 Графиктік шешімдер әдісімен құрылған өнімділіктің болжамын жасау.
Модуль 9. Негізгі газ жинаушы жүйелер
Оқудың нәтижесі:
Газ жинаушы жүйелердің үш негізгі конструкцияларының артықшылықтары мен кемшіліктері және қолданылуларын түсіндіру.Сіз негізгі газ жинаушы жүйелердің біреуіне сараптама жасауыңызға болады.
Модуль тапсырмалары:
9.1 Газ жинаушы жүйелердің үш негізгі конструкцияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіру
9.2 Газ жинаушы жүйені сараптау, жүйені орнату, түйіндік сараптама көмегімен жүйеге қойылатын шектеулерді анықтау және жүйені жетілдіру жолдарын ұсыну.
Модуль 10. Горизонтал газжолымен газдың қозғалысы
Оқудың нәтижесі:
Газдың құбыржолдағы бір фазалық қозғалысының әр түрлі теңдеуін қолдана отырып, құбыржолдың горизонтал телімдеріндегі қысымның өзгерісін есептеу. Сіз тұзақ тәріздес лақтырымдар кезіндегі қысымның төмендеуін анықтай аласыз.
Модуль тапсырмалары:
10.1 Газдың құбыржолдағы бір фазалық қозғалысының теңдеуіндегі айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру.
10.2 Панхэндл теңдеуін қолданып, газ құбыржолындағы бір фазалы ағыстың жылдамдығы мен қысымның төмендеуін түсіндіру.
Тізбектей және параллель жалғанған құбырлар жүйесінің эквиваленттік құбырының диаметрін анықтау.
10.4 Панхэндл теңдеуін қолданып, екі құбырлық параллель жүйенің жалпы дебитін анықтау.
Модуль 11. Хавлен және Одэ әдістерін еріген газ режимі үшін материалдық балансты есептеуде қолдану.
Оқудың нәтижесі:
Хавлен және Одэ әдістерін еріген газ режимі үшін бастапқы мұнай қорының балансын есептеуде қолдану.
Модуль тапсырмалары:
11.1 Толық материалдық баланстағы барлық айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру, еріген газ режиміндегі мұнай коллекторының материалдық баланс теңдеуіндегі ықшамдайтын жорамалдарды қосу.
11.2 Еріген газ режіміндегі мұнай коллекторы үшін Хавлен мен Одэ графиктерін сараптап, Хавлен мен Одэ айнымалыларын есептеу.
11.3 Хавлен мен Одэ графиктеріндегі қиылысу нүктесімен көлбеулік бұрышын анықтау және бастапқы мұнай қорын есептеу.
11.4 Қысымның өзгеру сипаттамасы мен өндіру сипаттамасы негізінде коллектор үшін негізгі шартты анықтау.
Модуль 12. Хавлена мен Одэ әдістерін газдық шапканың материалдық балансын есептеу
Оқудың нәтижесі:
Коллектордағы газдық шапка режимі үшін мұнай қорының бастапқы балансын есептеу және газдық шапка факторы Хавлена мен Одэ әдісі бойынша есептеу.
Модуль тапсырмалары:
12.1 Толық материалдық баланстағы барлық айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру, газдық шапка режиміндегі мұнай коллекторының материалдық баланс теңдеуіндегі ықшамдайтын жорамалдарды қосу.
12.2 Газдық шапка режіміндегі мұнай коллекторы үшін Хавлен мен Одэ графиктерін сараптап, Хавлен мен Одэ айнымалыларын есептеу
12.3 Хавлен мен Одэ графиктеріндегі қиылысу нүктесімен көлбеулік бұрышын анықтау және бастапқы мұнай қорын және газдық шапка факторын есептеу.
12.4 Қысымның өзгеру сипаттамасы мен өндіру сипаттамасы негізінде коллектор үшін негізгі шартты анықтау.
Модуль 13. Ауыспалы ағын
Оқудың нәтижесі:
Ауыспалы ағынның теңдеуін қолдану және мұнай өндіруші құбырдың жанындағы коллектордағы қысымның тербелісін табу.
Модуль тапсырмалары:
13.1 Қысымның терьелісі резервуар ішімен қалай таралатынын түсіндіріп және тербеліс жылдамдығына әсер ететін факторларды қосу.
13.2 Ауыспалы ағынның теңдеуі арқылы қысымды, уақыт пен қашықтықты есептеу.
13.3 Ұңғыма стволындағы қысымның тербелісін интегралдық көрсеткіштік функцияда жуықтауды қолданып есептеу.
13.4 Мұнай-, су-, газбен қаныққан жыныстың жалпы сығылуын есептеу.
Модуль 14. Мұнай ұңғымасын қысымның төмендеу әдісімен зерттеу және сараптау
Оқудың нәтижесі:
Мұнай ұңғымасындағы қысымның төмендеуін белгілі тәсілмен анықтау жолында жүргізілген сынақтарды сараптау.
Модуль тапсырмалары:
14.1 Мұнай ұңғымасындағы қысымның төмендеуін белгілі тәсілмен анықтау жолында жүргізілген сынақтардың орындалу ретін, артықшылық пен кемшіліктерін түсіндіру, сараптау.
14.2 Мұнай ұңғымасындағы қысымның төмендеуін белгілі тәсілмен анықтау жолында жүргізілген сынақтарды ауыспалы ағынның теңдеуімен сараптау және коллектордың өтімділігін анықтау.
14.3 Мұнай ұңғымасындағы қысымның төмендеуін белгілі тәсілмен анықтау жолында жүргізілген сынақтарды ауыспалы ағынның теңдеуімен сараптау және скин-эффектіні, ұңғыма стволының өзгертілген интервалындағы өтімділігін және ұңғыманың құрғататын қабатының дәл радиусын анықтау.
Модуль 15. Мұнай ұңғымасын қысымның қалпына келу әдісімен зерттеу және сараптау.
Оқудың нәтижесі:
Мұнай ұңғымасын қысымның қалпына келуін стандарты Хорнер әдісімен сараптау.
Модуль тапсырмалары:
15.1 Мұнай ұңғымасын қысымның қалпына келуін әдісі бойынша сынаудың ретін, артықшылығы мен кемшіліктерін анықтау.
15.2 Суперпозиция принципін қолдану, түсіндіру.
15.3 Мұнай ұңғымасындағы қысымның қалпына келуін Хорнер тәсілмен анықтау және коллектордың нақты өтімділігін табу.
15.4 Мұнай ұңғымасындағы қысымның қалпына келуін белгілі Хорнер тәсілмен анықтау жолында жүргізілген сынақтарды және скин-эффектіні, ұңғыма стволының өзгертілген интервалындағы өтімділігін және ұңғыманың құрғататын қабатының дәл радиусын анықтау.
Модуль 16. Өнімділік индексінің IPR (забойлық шапшыма қысымының дебитпен арақатынасы) теңдеуі
Оқудың нәтижесі:
Өнімділік индексінің IPR теңдеуін шешу, ұңғыманың қабат пен кездесу жеріндегі қысымның белгілі мәнінде немесе осы жердегі сәйкес массалық шығындағы дебитін анықтау
Модуль тапсырмалары:
16.1 Өнімділіктің IPR индексін анықтау теңдеуіндегі айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру
16.2 Тізбектей және параллель жалғанған құбырлар жүйесінің эквиваленттік құбырының диаметрін анықтау.
16.3 Бір сипаттаманы анықтау сынақтары арқасында өнімділік индексін есептеу.
16.3. IPR өнімділіктің кестесін құру, өнімділіктің IPR индексін анықтау теңдеуі арқылы мұнай ұңғымасының дебитін және әр түрлі қысымға арналған графиктерін алу.
16.4 Өнімділіктің IPR индексін анықтау теңдеуі арқылы мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі қысымды немесе ұңғыманың дебитін есептеу.
Модуль 17. Вогель әдісі бойынша ұңғыманың максимал дебитін жобалау үшін есептеулер
Оқудың нәтижесі:
Ұңғыманың дебитін жобалау үшін Вогель әдісі бойынша есептеу және ұңғыманың сәйкес дебитінде ұңғыма мен қабаттың кездесу жеріндегі анықталған қысым үшін дебитті есептеу.
Модуль тапсырмалары:
17.1 Вогель әдісі бойынша максимал дебитті жобалау кезіндегі есептеулерді жүргізу үшін қолданылатын айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру.
17.2 Бір сипаттама негізінде анықталатын qmax есептеу.
17.3 IPR өнімділіктің кестесін құру, мұнай ұңғымасының максимал дебитін Вогель әдісімен анықтап, әр түрлі қысымға арналған графиктерін салу
17.4 Мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі қысымды немесе ұңғыманың максимал дебитін Вогель әдісі бойынша есептеу
Достарыңызбен бөлісу: |