Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы


Модуль 18. Вогель IPR жалпы теңдеуі



бет23/28
Дата29.03.2017
өлшемі5,72 Mb.
#12735
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Модуль 18. Вогель IPR жалпы теңдеуі
Оқудың нәтижесі:
Вогель IPR жалпы теңдеуін есептеу, ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі қысымның анықталған мәнінде дебитті есептеу, немесе ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі дебитке сәйкес қысымды есептеу.

Модуль тапсырмалары:

18.1 Вогель IPR жалпы теңдеуде қолданылатын айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру.

18.2 Ұңғыманың жетілдірілу коэффициенті мен скин-эффект арасындағы ара қатынасты түсіндіру, скин-эффект негізінде ұңғыманың жетілдірілу коэффициентін немесе ұңғыманың жетілдірілу коэффициенті негізінде скин-эффекті анықтау.

18.3 Ұңғыманың өнімділік кестесін құру, түрлі қысымға және Вогель IPR жалпы теңдеу дебитіне арналған графиктерін салу

18.4 Беттік әсердің азаюынан немесе өткізу мүмкіндігінің ұлғаюынан болатын стимуляциядан кейін дебиттің жақсаруын есептеу.
Модуль 19. Вогель, IPR жалпы теңдеулерінің көмегімен екі сипаттаманы анықтау
Оқудың нәтижесі:

Вогель, IPR жалпы теңдеулерінің көмегімен алынған екі сипаттаманы сараптау нәтижелерін талдау және ұңғыма коэффициентін анықтау.


Модуль тапсырмалары:

19.1 Екі сипаттаманы анықтауға арналған сынақтар нәтижелерін талдау және нәтиженің дұрыстығын анықтау.

19.2 Екі сипаттаманы анықтауға арналған сынақтар нәтижелері бойынша ұңғыманың жетілдірілу коэффициентін qmax анықтау.

19.3 Ұңғыманың жетілдірілу коэффициентінің анықталған мәнінде скин – эффекті есептеу.

19.4 Екі сипаттаманы анықтауға арналған сынақтардың есептелген нәтижелерін зерделеу және нәтиженің дұрыстығын анықтау.
Модуль 20. Феткович IPR теңдеуі
Оқудың нәтижесі:

Құбыржолдағы газдың бір фазалық қозғалысының әр түрлі теңдеулерін қолданып, құбыржолдың горизонтал бөліктеріндегі қысымның өзгерулерін есептеу. Сіздер тұзақ тәріздес атылымдардағы қысымның төмендеуін есептей аласыз.


Модуль тапсырмалары:

20.1 Газ ұңғымасының әр түрлі жұмыс режимінде Феткович IPR теңдеуін шешу және IPR құру.


Модуль 21. Аралас зона үшін IPR
Результаты обучения:

Әр түрлі үш IPR теңдеулері көмегімен аралас зона үшін IPR диаграммаларын тұрғызу.


Модуль тапсырмалары:

21.1 Екі немесе одан да көп аралас зоналар жүйелері үшін қабат аралық ағындардың ауысуларын, таза нолдік ағынды түсіндіру.

21.2 Екі немесе одан да көп аралас зоналар үшін IPR диаграммаларын құру, өнімділік индексінің IPR теңдеуі көмегімен таза ағын болмағанда ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі қысымды анықтау.

21.3 Екі немесе одан да көп аралас зоналар үшін IPR диаграммаларын құру, Фогель IPR жалпы теңдеуі көмегімен таза ағын болмағанда ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі қысымды анықтау.

21.4 Екі немесе одан да көп аралас зоналар үшін IPR диаграммаларын құру, Феткович IPR теңдеуі көмегімен таза ағын болмағанда ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі қысымды анықтау.
Модуль 22. Мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі оптимал сипаттамаларды түйіндегі потенциалдар әдісін сараптау арқылы анықтау
Оқудың нәтижесі:

Мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі кіретін ағыс пен шығатын ағыстың оптимал сипаттамаларын әр түрлі үш IPR теңдеулері және НКТ (насосно-компрессорные трубы – сорғы-компрессорлық құбырлар) көлденең қисықтары арқылы анықтау.


Модуль тапсырмалары:

22.1 Мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі кіретін ағысты бақылайтын факторлары түсіндіру, әр түрлі үш IPR теңдеуі көмегімен кіретін ағыстың қисығын салу.

22.2 Мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі шығатын ағысты бақылайтын факторлары түсіндіру, НКТ ( насосно-компрессорные трубы – сорғы-компрессорлық құбырлар) көлденең қисықтары көмегімен шығатын ағыстың қисығын салу.

22.3 Кіретін және шығатын ағыстардың қисықтарының әр түрлі орналасуының шешімін табу.

22. Ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі инкременталдық ағындардың әр түрлі шешулерінің негізінде компанияның таза бағасын есептеу және оптималды шешім жайлы ұсыныс беру.
Модуль 23. Ұңғыма ауызындағы оптимал сипаттамаларды түйіндердегі потенциал әдісін сараптау көмегімен анықтау
Оқудың нәтижесі:

Ұңғыма ауызындағы кіретін ағыс пен шығатын ағыстың оптимал сипаттамаларын IPR-дің үш теңдеуі, НКТ ( насосно-компрессорные трубы – сорғы-компрессорлық құбырлар) көлденең қисықтары көмегімен анықтау.


Модуль тапсырмалары:

23.1 Ұңғыма ауызындағы кіретін ағысты бақылайтын факторларды түсіндіріп, кіретін ағыстың қисығын, НКТ көлденең қисықтары көмегімен салу.

23.2 Ұңғыма ауызындағы шығатын ағысты бақылайтын факторларды түсіндіріп, шығатын ағыстың қисығын, НКТ көлденең қисықтары көмегімен салу.

23.3 Кіретін және шығатын ағыстардың қисықтарының әр түрлі комбинациясының шешімін тауып, басшылыққа ұсыныс беру.


Модуль 24. Семинарлар
Оқудың нәтижесі:

Семинарлар


Модуль тапсырмалары:

24.1 Газ ұңғымасын түрлендірілген изохрондық зерттеулер деректерін сараптау, графиктік түрде ықшамдалған анализАОҒ(максимал мүмкін дебит) әдісімен анықталған максимал мүмкін болатын дебитті анықтау

24.2 Газ ұңғымасын түрлендірілген изохрондық зерттеулер деректерін сараптау, графиктік түрде максимал мүмкін болатын дебитті LIT-P2 және LIT- P2 әдісімен анықтау.

24.3 Өндіру сипаттамалары мен қысымның өзгеру сипаттамаларын талдау және графиктік түрде Хавлен мен Оде әдістері бойынша мұнайдың бастапқы баланстық қорын анықтау.

24.4 Мұнай ұңғымасы үшін IPR құру және флюидтар депрессиясының екі сипаттамасын анықтауды талдау.

24.5 Қабат – коллектордың сипаттамаларын анықтау және құлау мен қайта құру деректерін талдау.


Модуль 25. Зертханалық жұмыстар
Оқудың нәтижесі:

Зертханалық жұмыстардың орындалуы.


Модуль тапсырмалары:

25.1 Газ ұңғымасын түрлендірілген изохрондық зерттеулер деректерін сараптап, стандартты өндірістік бағдарламалық (программалық) қамтамасыз ету көмегімен максимал мүмкін болатын дебитті анықтау.

25.2 Өндірістік бағдарламалық (программалық) қамтамасызету көмегімен ұңғымадан газ өндірудің болжауын құру.

25.3 Өндірістік бағдарламалық (программалық) қамтамасыз ету көмегімен құбыржолдар жүйесін қолданып, ұңғымадан газ өндіруді оптималдандыру.

25.4 Өндірістік бағдарламалық (программалық) қамтамасыз ету көмегімен газ жинау жүйесін оптималдандыру.

25.5 Өндірістік бағдарламалық (программалық) қамтамасыз ету көмегімен өндіру сипаттамаларын және қысымның өзгеру сипаттамаларын талдап, мұнайдың бастапқы қорының балансын анықтау.




  1. Оқыту әдістері:

  • Сыныпта талқылау

  • Басқару нұсқау

  • Тәуелсіз оқытуы

  • Лекция

  • Зертханалық жұмыс




  1. Оқыту ресурстары:

  • Ғылыми калькулятор

  • Мөлдір 12-дюймді сызғыш

  • Конструкторлық қағаз 4,3,5 дюймді дискеталары

  • 100 Мб ZIP – дисктер немесе USB – флэш жинақтауыш

  • Жеке бас қорғаныс құралдар (қоғаныс көзілдірігі және зертханалық халат)

  • Мұнай зертханасы F203

  • Компьютер сыныбы T223 немесе T222




  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Крафт, Б.С. және Хоукинс М, толықтырылған Терри, Р.Е. (1991) Мұнай өндірудің қолданбалы технологиясы (2-і басылым) баспа ИнглвудКлифс, Нью-Джерси: Прентис-Холл Инк.

5.2. Х. ДэйлБеггз (1991). Түйіндік сараптама көмегімен өндірудің оптималды параметрлерін анықтау. Tалса: Oil&GasConsultantsInternationalInc.

5.3. Майкл Дж. Экономайдс, А. Даниель Хилл и Кристин Элиг-Экономайдс (1994), Мұнай өндіру жүйелері. PrenticeHall.

5.4. Тарек Ахмед. (2006). Кен орынын өндеу жайлы оқу құралы. (3-і басылым) Elsevier: GulfProfessionalPublishing.




  1. Курстың бағалау жүйесі

Емтиханды емес үй тапсырмалары 5%

Семинарлар 5%

Зертханалық жұмыстар 5%

Зертханалық емтихандар 10%

Аралық емтихан 30%

Қорытынды емтихан 45%

Барлығы 100%
Бағалау шкаласы

Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0 Ең төменгі өту балы

0-49

F

0.0

\
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Инженерлік ғылымдар және технологиялар статистикасы

Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог

Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012

Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны

бет











1.

Түсіндірме жазба

328

2.

Курстың мазмұны

329

3.

Оқыту әдістері

332

4.

Оқыту ресурстары

333

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

333

6.

Курсты бағалау жүйесі

333



  1. Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)

«Инженерлік ғылымдар мен технологиялар үшін статистикасы І» пәні сапаның кепiлдiгiн қамтамасыз етуде, процестердi басқаруда қолданылатын статистикалық әдiс пен басқа практикалық әдістерді қамтиды.

Курста: жүйелi, жаңадан өндiрiлген және қорытынды деректер; негізгі ықтималдылық заңы, жиынтықтардың салыстыруы, сынамалар алу, әдiстер мен арақатынастар жайлы қорытындылар, логикалық қорытындылар t-үлестірілім, кси-квадрат үлестірім және F- үлестірім, қисықтың сызықтық iрiктеу және регрессиялық талдау тақырыптарын қамтиды.

Модульдердің жалпы саны: 11.

Сағат саны: 60.

Кредиттер саны: 3.0

«Инженерлік ғылымдар мен технологиялар статистикасы I» эксперименталды бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.

Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.

Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде оқытудың жаңа техногияларын, электрондық оқулықтарды, аудио және видео материалдарды, көрнекілік құралдарын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.

Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.

Өндірістік практика оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар нақты өндіріске сәйкес жабдықталған оқу орнының шеберханаларында жүргізіледі.

«Мұнай өндіру технологиясы I», «Мұнай өндіру технологиясы II» пәндерінің химия пәнімен пәнаралық байланыс студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.
2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Деректер жинау
Оқытудың нәтижесі:

Деректер жинаудың негізгі түрлерін зерттеу.


Модуль тапсырмалары:

    1. Негізгі статистикалық терминдерге анықтама беру.
      1.2 Сандық және сапалық деректерді айыру.
      1.3 Үзіліссіз және дискретті деректерді айыру.
      1.4 Деректерді белгілі өлшеулердің төрт деңгейлерінің біріне жинақтау.
      1.5 Статистиканың пайдалы және пайдасыз қолданылуларын түсіндіру.
      1.6 Зерттеулердің деректерінің бақылаудан алынғаны мен эксперименттен алынғанын ажырату.
      1.7 Ә ртүрлi сынамалар алу әдiстерiн танып бiлу
      1.8 Ірiктеудiң қатесi мен тiркеудiң қатесiн танып бiлу


Модуль 2. Жиіліктің үлестірілулер
Оқытудың нәтижесі:

Деректердің систематизациясы (жүйелілігі) үшін статистикалық әдістерді қолдану.


Модуль тапсырмалары:

2.1 Салыстырмалы статистика мен қорытынды статистиканы айыру.


2.2 Деректердің маңызды сипаттамаларын айқындау.
2.3 Үлестірілу кестесіне деректерді енгізу.
2.4 Гистограммаларды, жиіліктік графиктерді, Парето диаграммасын, секторлық диаграмманы, шашылу диаграммасын ескеретін түрлі графиктерді салу.
Модуль 3. Сипаттамалық статистика
Оқытудың нәтижесі:

Деректерді, ығысу параметрлерін қолдану арқылы сараптау


Модуль тапсырмалары:

3.1 Ығысу параметрлерін есептеу.


3.2 Құбылмалылықтың сипаттамаларын есептеу.
3.3 Координатаның бастапқы орынын, сонымен бірге Z - көрсеткiштер,  квартильдер және процентильдерді есептеу
Модуль 4. Ықтималдылық
Оқытудың нәтижесі:

Ықтималдыққа есептер шығару.


Модуль тапсырмалары:

4.1 Ықтималдықтың және тиісті терминологияның ұғымдарын түсіндіру.


4.2 Ықтималдылықты классикалық әдіспен есептеу.
4.3 Ықтималдылықты эмпирикалық әдіспен есептеу.
4.4 Ықтималдылықты қосу тәсілімен есептеу.
4.5 Ықтималдылықты көбейту ережелерімен есептеу.
4.6 Ықтималдылықты қосымша оқиғалар әдісімен есептеу.
4.7 Шартты ықтималдылықты есептеу.
4.8 Ауыстыру заңы бойынша ықтималдылықты есептеу.
4.9 Ұласулар ықтималдылығын есептеу.
4.10 Санаудың негізгі ережелері бойынша ықтималдылықты есептеу.

Модуль 5. Ықтималдылықтың дискретті таралуы
Оқытудың нәтижесі:

Кездейсоқ дискретті шаманың ықтималдылықты есептеу.


Модуль тапсырмалары:

    1. Кездейсоқ дискретті шаманың таралуын құру.
      5.2 Кездейсоқ дискретті шаманың орта мәнін, күтілетін мәнін, дисперсиясы мен стандарты ауытқуын есептеу.
      5.3 Ықтималдылықтың арнайы төрт талапқа сай биномдық таралуын есептеу.
      5.4 Ықтималдылықтың биномдық таралуын есептеу.
      5.5 Биномдық ықтималдылықтың орта мәнін, дисперсиясы мен стандарты ауытқуын есептеу.
      5.6 Пуассон заңы бойынша ықтималдылықтың ықтимал таралуын есептеу.


Модуль 6. Ықтималдылықтың қалыпты таралуы
Оқытудың нәтижесі:

Кездейсоқ шаманың ықтималдылығын есептеу.


Модуль тапсырмалары:

6.1 Ықтималдылықтың қалыпты таралуының терминдеріне анықтама беру.


6.2 Қалыпты таралудың қасиеттерін анықтау.
6.3 Ықтималдылықты анықтаудың Z көрсеткішін есептеу.
6.4 Берілген ықтималдылықтың Z көрсеткішін есептеу
6.5 Стандарты емес Гаусс таралуының Z көрсеткішін, ықтималдылығын және ерекше деректерінің мәнін табу.

6.6 Таңдаулы мәндерге байланысты есептерді шығаруда үлкен үлгілер үшін орталық шек теоремасын қолдану.


6.7 Қалыпты таралу ықтималдығын қолдана отырып, ықтималыдылықтың биномдық таралуының жуық мәнін табу.
Модуль 7. Сенімді интервал мен таңдау көлемін бағалау
Оқытудың нәтижесі:

Орта мәннің сенімді интервал жиыны бойынша минимал таңдау көлемін бағалау.


Модуль тапсырмалары:

7.1 Орта мәннің сенімді интервал жиыны бойынша белгілі ауытқу кезіндегі стандарт жиынды есептеу.


7.2 Жиынтықтардың орта мәнін есептеу үшін қажетті минимал таңдау көлемін есептеу.
7.3 t – үлестiрiлудің ең маңызды қасиеттері және оларды қолдану үшін қажетті шартты анықтау.
7.4 Стандарттық жиынтықтан белгісіз ауытқулар кезінде аса үлкен емес іріктеу үшін жиынтық бойынша орта мәннің сенiмдi интервалын есептеу.

7.5 Бас жиынтықтың сенiмдi интервал үлесін есептеу.


7.6 Бас жиынтықтың сенiмдi интервал үлесін бағалау үшін минимал таңдау өлшемін есептеу.
Модуль 8. Болжамды тексеру
Оқытудың нәтижесі:

Болжамның ресми тексеруін жүргізу.


Модуль тапсырмалары:

8.1 Болжамды тексеруге және сабақтас терминологияға анықтама беру.


8.2 Нөлдiк және талғаулы болжамды құрастыру.
8.3 Болжамды ресми тексерудің компоненттерiн ерекшелеу, соның iшiнде,
бас тармақ, нөлдiк және талғаулы болжам, сынаулар түрлері
(екi жақты, сол жақты және оң жақты өлшемдер), өлшемнің статистикасы, маңыздылық деңгейi, кризистiк мән, нөлдiк болжамның ауытқыған немесе ауытқымаған шешiмі және қорытындыны ресiмдеу.

8.4 I-шi және II түрдегі қателерді тани бiлу.


8.5 Болжамдарды тексеруден өткiзудiң дәстүрлi және P-мәнінін әдiстерін ажырату.

8.6 Стандарттық жиынтықтан белгісіз ауытқулар кезінде үлкен іріктеу үшін жиынтық бойынша орта мән жайлы болжаудың ресми бақылауын жүргізу.

8.7 Стандарттық жиынтықтан белгісіз ауытқулар кезінде аса үлкен емес іріктеу үшін жиынтық бойынша орта мән жайлы болжаудың ресми бақылауын жүргізу.

8.8 Бас жиынтықтың бөлігі жайлы болжамның ресми тексеруiн орындау 


жиынтықтар.
Модуль 9. Корреляция және регрессия
Оқытудың нәтижесі:

Екі айнымалының арасындағы корреляцияны(өз ара байланысты) тұжырымдау


Модуль тапсырмалары:

9.1 Екі айнымалы арасындағы корреляцияны визуалды түрде анықтау үшін шашылу даиграммасын сызу.

9.2 Екі айнымалар арасындағы сызықтық корреляция коэффициентін анықтау.

9.3 Екі айнымалылар арасындағы сызықтық корреляцияның бар болуы жайлы болжамды ресми тексеру.

9.4 Сызықтық корреляцияға ұшырайтын екі айнымалылар үшін сызықтық регрессия теңдеуін есептеу.
9.5 Сәйкес әдістерді қолданып, мәнді алдын ала білу.
Модуль 10. Көптік эксперименттер
Оқытудың нәтижесі:

Көптік эксперименттер жайлы болжамды тексеру.


Модуль тапсырмалары:

10.1 төрт арнайы талаптарға сәйкес ықтималдылықтың полиноминалдық таралуын анықтау.

10.2 Келісім көрсеткіші ұғымына анықтама беру.

10.3 кси –квадратты пайдаланып, келісім көрсеткіші болжамына ресми тексеруді орындау.


Модуль 11. Сапаны басқару
Оқытудың нәтижесі:

Сапаны басқаруға арналған есептерді шығару.


Модуль тапсырмалары:

11.1 Орта мәндердің картасы мен құлаштық картаны қамтитын, бақылау диаграммасын құру әдісімен процестің бақылауда екенін немесе одан тыс екенін анықтау.

11.2 Сапалық белгілері бойынша карталар құру әдісімен процестің бақылауда екенін немесе одан тыс екенін анықтау. Карталарда іріктеудегі дефектісі бар детальдардың пайызының сараптамасы үшін салынған бағандық диаграмма және детальдың сапасын бағалау бағандық диаграммасы болады.


  1. Оқыту әдістері:

- Аудиториядағы талқылаулар
- Басқару нұсқау

- Тәуелсіз оқытуы

- Лекция


  • Зертханалық тапсырмалар




  1. Оқыту ресурстары:

- Ғылыми есептеулер үшiн микрокалькулятор


  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1.Блуман/Mайер. (2008). Элементарлық статистика: Біртіндеп. Канада баспасы. McGraw-HillRyerson.


  1. Курстың бағалау жүйесі

Қорытынды емтихан 40%

Өткен материал бойынша тесттер 40%

Тапсырма (лар) 20%

Барлығы 100%


Бағалау шкаласы


Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0 Ең төменгі өту балы

0-49

F

0.0



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет