Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В05302 Химия Пән циклы атауы және коды



бет4/40
Дата02.01.2022
өлшемі236,26 Kb.
#107858
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Бейорганикалық химия

Бекіту сұрақтары: Иондану энергиясы, электртерістік, атом радиустары периодтық жүйеде топ және период бойынша қалай өзгереді; иондану энергиясының өзгеруіне байланысты атомның тотығу-тотықсыздану қасиеттері қалай өзгереді; негізгі және қосымша топша бойынша атом радиустарының өзгеруінде айырмашылықтар бар ма.

Әдебиет


  1. Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет

  2. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет

9.1.5-9.1.6 Тақырыбы: Химиялық байланыс

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Химиялық байланыс табиғаты.

2. Валентті байланыстар теориясы. Ковалентті байланыс.

3. Атом орбитальдарының гибридтелуі

Дәріс тезисі

Валенттілік байланыс әдісі бойынша молекулада әр атомдар жұбы бір немесе бірнеше электрон жұптарымен біріктіріледі. Сондықтан ВБ әдісінде химиялық байланыс екі атом арасында таралған, яғни екіорталықты және екіэлектронды. Атомдар арасында химиялық байланыс энергетикалық жағынан тиімді болған жағдайда ғана түзіледі. Тартылу күштері тебісу күштерінен басымырақ болса әрекеттесуші атомдардың потенциалдық энергиясы төмендейді, керісінше жағдайда жоғарылайды. Белгілі бір ара-қашықтықта ол энергия минимальды болады (байланыс ұзындығы r0) Сонымен, химиялық байланыс түзілгенде энергия бөлінеді, ол үзілгенде сіңіріледі. Атомдар аралығын үзіп оларды әректтеспейтіндей қашықтыққа алшақтататын E0 энергияны байланыс энергиясы дейді..Оны эксперимент түрінде өлшеуге болады.Сутек молекуласындағы байланыс энергиясы Н2 молекуласы түзілгенде бөлінген энергияға тең:

Н + Н = Н2 + 432 кДж

Н-Н байланысын үзу үшін осынша энергия жұмсалады:

H2 = H + H − 432 кДж

Байланыс полюстілігі. Әртүрлі элементтердің атомдар арасындағы байланысы полюсті болады. Бұл атомдардың әртүрлі мөлшері мен электртерістілігімен түсіндіріледі. Мысалы, НСl молекуласында электрон бұлты электртерістілігі жоғары атом жағына ығысады. Сутегі атомы оң, ал хлор атомы теріс зарядталады. Мұндай зарядты эффективті заряд деп атап, оны тәжірибе жүзінде анықтауға болады. НСl молекуласында сутектің эффективті заряды δΗ= + 0,2, ал хлордікі δСl = - 0,2, яғни молекуладағы байланыстың 20% ионды, яғни полюсті болып келеді.

Атом орбитальдарының гибридтелуі

Метан молекуласы түзілгенде сутек қосып алуға қозған күйдегі көміртек атомының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі 1s–электрон және 3р-электрон қатынасады. Бұндай жағдайда химиялық байланыс беріктігі және ұзындығы жағынан бірдей болмауы керек. Бірақ, тәжірибе нәтижесінде ол байланыстардың бірдей болатыны анықталған. Бұл гибридтелу құбылысымен түсіндіріледі.

Коваленттік байланыс түзілу кезінде атом орбитальдарының пішіні және энергиясының өзгеруі – атом орбитальдарының гибридтелуі деп аталады. Гибридтелген орбитальдардың саны гибридтелуге қатысқан орбитальдар санына тең болады
Әдебиет


  1. Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет

  2. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет


Дәрісте интерактивті дискуссия әдісі және атом орбитальдарының гибридтелу типтері көрсетілген көрнекі құралдар қолданылады.

Бекіту сұрақтары: жай заттар, мысалы оттек, сутек, азот, хлор т.б. екі атомнан тұрады; неліктен атомдар бос күйінде кездеспейді; инертті газдар неліктен бір атомды; олардың инертті болу себебі неде; күкірт атомының валентті электрондарының формуласы қандай; р-орбитальдарында максимум қанша электрон болады; күкірт атомының электрондық формуласы инертті газ аргонмен бірдей болу үшін неше электрон жетпейді т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет