2апта
|
Жайнай бер, Қазақстаным!Тәуелсіз Қазақстан
|
«О»дыбысы мен әрпін қайталау
|
«о»дыбысы мен әрпін қайталау,сөздерді бу- ынға бөле білу дағдыларын дамыту,тиянақ- ты және ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші балаларға өлең жолдарын оқиды.
Әкем менің – дәрігер,
Шешем менің – аспаз.
Ағам менің – етікші,
Жеңгем менің – суретші.
Атам менің – ол ұста,
Бәрі-бәрі жұмыста.
Тәрбиеші өлең жолдарындағы мамандық иелерінің аудармасын орыс тілінде балаларға түсіндіріп өтеді.
– Балалар, өлеңде не туралы айтылған?
– Иә, дұрыс айтасыңдар, өлеңде отбасы туралы айтылады.
Негізгі кезең
– Отбасы қандай дыбыстан басталады?
"О" дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба?
Біз өткен тақырыптан дыбыс буынды, буын сөзді құрайтынын білеміз.
– Айтыңдаршы, бір буында неше дауысты дыбыс болады?
Дидактикалық ойын: "Буынға буын қос".
Тәрбиеші балаларға бір буын айтады, балалар буынға буын қосып жалғастырады.
Мысалы: ор- ..., дор-..., бот- ..., то- ..., оқу-..., оқы-..., са-... .
– Ор- ман, дор-ба, бот-қа, то-қылдақ, оқу-шы, са-ғыз т.б.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Дидактикалық ойын:"Мамандықтың бәрі жақсы".
Ойын шарты: балаларды әртүрлі мамандықпен таныстыру. Суреттерін тақтаға ілу. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді. Кімге не керек екенін айтады.
Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу:
Қуыр-қуыр қуырмаш, Балаларға бидай шаш! Тауықтарға тары шаш! Басбармақ, Балалы үйрек,
Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек. Сен тұр – қойыңа бар! Сен тұр – қозыңа бар! Сен тұр – жылқыңа бар! Сен тұр – сиырыңа бар! Сен тұр – түйеңе бар!
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №13 тапсырманы орындайды. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды.
– Қандай ойындар ойнадық? Егер ойнаған ойындарың ұнаса, шапалақтау арқылы қуаныштарыңды білдіріңдер.
|