Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі


Қорытынды. Тәрбиеші қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. – Бүгінгі сабақ қызықты болды ма? Алдын-ала жүргізілетін жұмыс



бет23/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: «С» дыбысы туралы түсіндіру.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Билингвалдық компонент: сөз-слова, дауысты дыбыс- гласный звук.
Қажетті көрнекі құралдар:қолайна, жұмыс дәптері.
Д\о: «Мен айтайыншы»
Алматы кітап5+

2апта

Жабайы табиғат әлемі

«С» дыбысын қайталату

«с» дыбысы мен әрпін қайталату,қысқа сөз- дерді оқыту арқылы тілдерін дамыту, ұйым- шылдыққа тәрбиелеу.

1

ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Бір-біріне жақсы сөздер айтады.
Негізгі кезең
– Балалар, өткен тақырыпта сендер қай дыбыспен таныстыңдар?
– Естеріңе түсіріңдерші, «С» дыбысынан басталатын сөздерді.
– «С» дыбысы қандай дыбыс?
Енді, балалар, осы «С» дыбысын өткен дыбыстарға қосып сөз құрайық.
– Балалар, сөздерге дыбыстық талдау кезінде, дыбыстардың несін ажыратамыз?
– Балалар, мына суретке қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар?
– Осы сөздерді буынға бөліңдерші неше буыннан жасалады екен?
– Бір буында неше дауысты дыбыс болады?
Дидактикалық ойын: «Дауыссыз дыбыстарды анықта»
Ойын шарты: педагог өткен дыбыстарды атайды, балалар сол дыбыстан басталатын сөз айтады.
Сергіту сәті:
Ақшақар
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.
(З.Шүкіров)
Тіл ұстарту.
Са-са-са – ызыңдайды маса,
Ағаш болар таса.
Дидактикалық ойын: « Ойлан тап»
Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жауабын табу арқылы сөйлем құрайды.
Мысалы:
Бақшада жер қазып, 39
Жиып алды жез қазық.
– Шешуі: сәбіз.
– Неліктен жез қазық делінген?
Жез сөзі бұл жерде қызғылт деген мағынаны білдіріп тұр. Қазық дегені сәбіз жерге қазық сияқты қадалып тұрғанын білдіреді.
Саусақ бұлшық етіне жаттығу жасату.
Сорпаға тұз себемін,
Дәмін оның көремін.
Тұз аз болса тағыда,
Азырақ тағы себемін.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 22 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды.
– Бүгінгі оқу қызметі сендерге түсінікті болса, күліп тұрған смайликті көтеріп көрсетіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет