Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды.
– Не ұнады, не қызықты болды
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: «Ң» әрпі турлы түсінік беру.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптері,көркем сурет
Билингвалдық компонент:орман-лес,аң-зверь, таң-утро, оңға-направо.
Дәптермен жұмыс
Д\о «Буынға бөл»
Алматы кітап 5+
4апта
|
Мен және қоршаған орта
|
«Ң» дыбысы мен әрпі қайталау
|
«ң»дыбысы мен әріп таңбасын қайталау,бала лардың ойлау қабілетін дамыту,ұйымшыл- дыққа,байқампаздыққа тәрбиелеу.
|
1
|
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жылулық шеңбері. Балаларды шеңберге жинап, күн нұрының сәулесіндей бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Негізгі кезең
– Бүгінгі оқу қызметінде "ң" дыбысын қайталаймыз.
– "Ң" дыбысы қай дыбысқа жатады?
– Дыбыстарды не істейміз ?
"Ң" дыбысы қазақтың төл дыбыстарының бірі, оны таза, дұрыс айтып үйренуіміз керек.
Сөздік жұмыс. Тың, шың, іңір, сіңір сөздерінің мағынасын педагог түсіндіреді.
["Ң"] дыбысына жаттығу:
Мұрынды ұрып үнменен,
"Ң"-ды айтсаң болар "н" деген.
Қазақша сөйлей алмайды,
"Ң"-ды айта білмеген.
Мен жүремін тыңда да,
Іңірде де мен бармын.
Мен отырам шыңда да,
Сіңірде де мен бармын.
"Ң" аяқтар мыңды да,
"Ң" аяқтар заңды да.
"Ң" аяқтар аңды да,
"Ң" аяқтар маңды да.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық,
Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Бойымызға күш жинап,
Бір демалып алайық.
Дидактикалық ойын: "Орамал тастамақ".
Ойын шарты: педагог өтілген дыбыстар бойынша дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап тауып, қайта педагогке лақтыруы керек.
[с, б, м, қ, о, р, ғ, н, т, а].
Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу:
Көбелек боп ұшамыз,
Көгершін боп ұшамыз.
Ұшып-ұшып аламыз,
Қолға қалам аламыз.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №24 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |