Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі



бет33/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші балаларға Әліппе кітабын, әліпбиді көрсетеді, таныстырады. Әліппемен мектеп табалдырығын аттаған кезде танысатындарын айтады.
Негізгі кезең
– Әліппе мен әліпбиді бекер көрсетіп, таныстырып отырған жоқпын. Екеуі де "ә" дыбысынан басталып тұр.. Әріп сөзі де "ә" дыбысынан басталады. "Ә" дыбысын сендер білесіңдер ме?
– "Ә" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
– Қандай түспен белгілейміз?
Дидактикалық ойын:
"Ғажайып текше".
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенің 6 жағында суреттер жабыстырылады. Текшені айналдырып, ортаға лақтырады. Қандай сурет түссе, сол суреттегі затты атап, сол сөзге сөйлем құрау керек. Мысалы: әтеш, әже, әткеншек т.б.
– "Ә" – қазақтың төл дыбыстарының бірі. Сондықтан да таза, дұрыс айтып үйренуіміз керек.
Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Әсел әсем бе, Әсем әсем бе,
Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
Тіл ұстарту.
Ән-ән-ән,
Қамба толы дән.
Ән-ән-ән,
Әжем айтқан ән.
Ән-ән-ән,
Құрып жүрген сән.
Сергіту сәті:
Алтын айдарлы әтеш оянды,
Тым ерте тұрыпты,
Ойқастап жүріпті,
Жан-жаққа қарапты.
Айдарын тарапты,
«Қо-қо-қо», – депті.
Қорада ойранды салыпты,
Бір тауық қайран болып қалыпты.
Секіріп, секіріп, айғайлап,
Шарбаққа қоныпты.
"Біз де" ойыны
Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады. Ойынға қатысушылар "біз де" деп қосылып айтады. Егер қосылмаса, онда үнсіз отырулары тиіс.
Мысалы, жүргізуші:
– Мен таңертең беті қолды жуамын.
Балалар:
– "Біз де".
Жүргізуші:
– Нанмен шай ішемін.
Балалар:
– Біз де.
Жүргізуші:
– Нан қоқымын шашамын.
Балалар: үнсіз қалуы тиіс.
Қорытынды.
– Тәрбиеші қорытынды жасайды. Қандай ойындар ойнағанын, алған әсерлерін көрсету балаларға ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет