Дидактикалық ойын: «Буынға бөлу»
Ойын шарты: тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Тақтаға шыққан бала балғаны үстелге ұру арқылы суреттегі заттың атын буынға бөледі.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
– Балалар, енді сендер өздерің орындарыңда "іні" сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Тәрбиеші көмек керек балаларға көмектеседі. Қателерін түзеп тексереді, үйретеді. Дұрыс талдаған бірінші бала тақтада талдау құқығына ие болады. Қалған балалар тақтаға қарап, қателері болса түзейді.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 27 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: «І» дыбысы туралы түсіндіру.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, көркем суреттер, қолайна.
Билингвалдық компонент: дыбыс-звук, сөз-слова, ілмек-крючок.
Д\о: «Буынга бөл».
Алматы кітап 5+
4апта
|
Салт-дәстүрлер және фольклор
|
«І» дыбысын және әріпін қайталау
|
«і» дыбысын және әрпін қайталау,дұрыс айта білуге машықтандыру,дидактикалық ойын- дар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,таби- ғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
|
1
|
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші балаларға қонақ келгенін айтады, қуыршақты көрсетеді.
– Балалар, қуыршақтың есімі – Іңкәр. Іңкәрмен амандасайық. Іңкәр бізге көптеген жұмбақтар, ойындар алып келіпті. Бірінші жұмбақтарын шешіп көрейік.
Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка.
Негізгі кезең
Тәрбиеші Іңкәр әкелген сөмкеден жұмбақтар алып оқиды.
Жұмбақтар:
1. Киім киген инеден,
Қорқып ешкім тимеген.
2. Өзі суда өседі,
Суға қайнап піседі.
3. Көрмедім еш үйіңді,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс-тыртысын
Жаңалайды киімді.
4. Ауызы жоқ, тілі жоқ,
Естілетін үні жоқ.
Қарап тұрсаң бетіне
Сөйлемейтін күні жоқ.
– Балалар, сендер жұмбақтардың бәрін дұрыс шештіңдер. Іңкәр сендерге риза болып отыр. Іңкәр бұл жұмбақтарды бізге бекер әкелмепті, жұмбақтардың жауабының бәрінде "і" дыбысы бар. Іңкәрдің аты да "і" дыбысынан басталып тұр.
– Балалар, "І" дыбысын сендер білесіңдер ме? "І" қандай дыбыс?
Қандай түспен белгілейміз?
– Іңкәрға "і" дыбысынан басталатынын сөздерді айтып берейік. "І" дыбысы қазақтың төл дыбысы, сондықтан да дұрыс айтуға тырысайық. Іңкәр бізге ойын әкеліпті, сол ойынды ойнайық. Ол киімдерге байланысты, киім сөзінде "І" дыбысы бар ма? Киім сөзін буынға бөлейік.
|
Достарыңызбен бөлісу: |