Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:«Ү» дыбысы туралы түсіндіру.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, көркем суреттер, қолайна. Билингвалдық компонент:сәбіз-морковь,қоян-заяц
Д\о: «Құстар атауын тап».
Алматы кітап 5+
3апта
|
Теңіздер мен мұхиттар
|
Өткенді жалпылау
|
Өтілген тақырыптарды дидактикалық ойын- дар арқылы балалардың естеріне түсіру, ой- ын арқылы ой қиялын дамыту,ұйымшылдық- қа тәрбиелеу.
|
1
|
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, бүгін біздің соңғы оқу қызметімізде өтілген тақырыптарымызды қайталап, еске түсіреміз. Біздің бүгінгі күніміз көңілді өту үшін, бәріміз қол ұстасып, шаттық шеңберіне тұрайық.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Негізгі кезең
Дидактикалық ойын:
"Кім зерек?"
Тәрбиеші балаларға қызыл, көк текшелерді алдарына қоюларын сұрайды.
– Егер мен дауысты дыбыс айтсам қызыл текшені, дауыссыз дыбыс айтсам, көк текшені көтересіңдер. Мысалы: а, қ, с, ң, і, е, ә, ө, ү, ү, м, о, р, ғ, н, т.
Дидактикалық ойын: "Дұрыс бөл".
Тәрбиеші әртүрлі заттардың суреттерін көрсетіп, сол заттардың атауларын айтады. Мысалы: ұшақ, доп, ағаш, пияз, дөңгелек, құмыра, мысық т.б.
Дидактикалық ойын:"Сөз өлше – тез өлше".
Тәрбиеші әртүрлі сөздер айтады, ал балалар екі қолдарымен сөздің ұзындығын көрсетеді. Мысалы: доп, қоңырау, күн, қаламсап, шелек, ұстахана, тоңазытқыш, ат, баспалдақ т.б.
Ұстахана – темірмен жұмыс жасайтын ұстаның жұмыс жасайтын орны.
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Ұшбұрыш сыз ауада.
Сол қол басқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |