3апта
|
Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білде,талап қыл!
|
«Ө» дыбысымен және әрпімен таныстыру
|
«ө»дыбысымен және әрпімен таныстыру, балаларға сөз және сөйлем құрауды меңгер- ту буынға бөлуін,ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру,алғырлыққа,шыдамды- лыққа тәрбиелеу.
|
1
|
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Кәне, балалар, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізге алғыс сөз, тілек айтайық.
Негізгі кезең
– Балалар, сендер мынау не екенін білесіңдер ме? (Қоржынды көрсету).
– Сендер дыбысты не істейсіңдер?
– Құлағымызбен естиміз.
«Ө», – деп қайталайық.
Бірнеше рет қайталайды. Ө дыбысын әуенмен әндетіп айтады: ө-ө-ө-ө-ө.
«Ө» дыбысы қазақтың төл дыбысы екенін педагог айтып кетеді.
«Ө» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай:
Ерін алға созылып ауыз домалақ болып жай ғана ашылады. Дыбыс ұзақ айтылады.
– Ұзақ айтылатын дыбыстарды қандай дыбыс деп айтамыз?
– Дауысты дыбыс деп айтамыз.
– Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
– Қызыл текшемен белгілейміз.
– «Ө» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдаршы.
– Өрмек, өмір, өркен, өзен өжет, өрмекші.
– Енді осы өздерің айтқан сөздерге сөйлем құраңдаршы.
– Апам өрмек тоқыды.
– Өзеннің арғы жағасына өткел арқылы өтеміз.
– Өткел – өзеннен өтетін таяз жер.
Өр, өс, өркен, өмір, өн, қан, тақ өрт.
– Осы сөздердің ішіндегі «Өмір » сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
Ө – қандай дыбыс?
М – қандай дыбыс?
І – қандай дыбыс?
Р – қандай дыбыс?
|