Билингвалды компонент: өрмекші – паук, өзен – река.
Сергіту сәті:
Бала, бала, балапан,
Кәне, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
– Балалар мен бір өлең оқимын, сендер «Ө» дыбысы қай жерінде кездесетінін айтып отырасыңдар.
Жазда барып өзеннің
Жағасына бөгелдім.
Айтыңдаршы, балалар,
Мен ол жерден не көрдім?
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Ойын шарты: бір баланың көзін байлап, ортаға шығарып тұрғызады. Шеңбердегі баланың бірі, ортадағы баланың атын атайды, ортадағы кім екенін табу керек.
Жұмыс дәптермен жұмыс: Дәптердегі № 31 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды. Балалар сендерге оқу қызметі ұнады ма? Түсінбеген жерлерің барма? Түсінікті болса бәрің қол шапалақтаңдаршы.
Қажетті көрнекі құралдар:
Өрмекші туралы слайд, өрмекшінің торы бейнеленген сурет, магнитті ойыншықтар-құмырсқа,кішкентай дәуіт,ара.
Билингвалдық компонент: өмір-жизнь, өрмекші -паук
Д\о«Жәндіктерді құтқарайық»
Алматы кітап 5+
4апта
|
Көктем жаршысы құстар
|
«Ө» дыбысы мен әрпі
|
«ө» дыбысын қайталау,сөздерді буындарға бөлгізу, дидактикалық ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту,ептілікке тәрбиелеу.
|
1
|
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
– Бүгінгі оқу қызметімізде өткен дыбысымыз "ө" дыбысын қайталаймыз.
Негізгі кезең
"Ө" дыбысы – қазақтың төл дыбыстарының бірі. "Ө" дыбысын айтылуына байланысты қандай дыбысқа жатқыздық?
– Тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар? Ал енді иегіміздің астына қолымызды қойып суреттерді атайық. Иегіміз неше рет төмен түссе, сөзінде сонша дауысты дыбыс бар.
Сөздік жұмыс: Өңеш – жұтқыншақ пен тамақ арасындағы ас жүретін жол.
Мақал-мәтел жаттаймыз.
1. Өнерпаздың он қолы бар.
2. Өнеріне қарай өрнегі.
3. Өнерді үйрен де жирен.
Тіл ұстарту
Өс-өс-өс,
Тігін алдым қос,
Екіге екіні қос,
Көңілде жоқ қос.
Өс-өс-өс,
Өнегелі болып өс,
Ұқыпты боп өс,
Ағаш тез-тез өс.
Дидактикалық ойын: "Не артық?".
Тәрбиеші бір топқа жататын сөздерді тез-тез бір бөгде сөзді қоса айтады. Балалар сол артық сөзді табуы керек.
Мысалы: нан, шай, май, тай...
Қызыл, жасыл, ақ, тақ, көк...
Алма, шие, бөрік, өрік...
Екі, үш, төрт, бес, кес...
Сергіту сәті:
– Екі көзің не үшін керек?
– Жақсыларды көру үшін!
– Екі қолың не үшін керек?
– Елге көмек беру үшін!
– Құлақ деген не үшін керек?
– Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
– Жүрек деген не үшін керек?
– Жауларыңнан қаймықпау үшін!
– Тіл мен жағың не үшін не керек?
– Ақиқатты айту үшін!
– Ал аяғың...
Ал аяғың сыртта жүрсең
Туған жерге қайту үшін!
|
Достарыңызбен бөлісу: |