Дидактикалық ойын: «Эстафета».
Тәрбиеші сөйлемді айтады, оны қайталайды, сөйтіп бірінші баланың алдына текше немесе кішкене зат қояды, ол дереу бірінші сөзді айтады.
Тәрбиеші келесі балаға текше бергенде, ол екінші сөзді атайды т.б.
Мысалы: күн, жер, қас, бала, бақа, алма т.б.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 35 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды.
– Балалар, бүгін ойнаған ойындар сендерге ұнады ма?
Ұнаса, бәрің қол шапалақтаңдаршы.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекіліктер: қызыл,көк түсті үйшіктер және аю мен қоян,ойыншық ыдыстар қойылған дүкеннің макеті.түрлі –түсті текшелер,жұмыс дәптері
Билингвалдық компонент: құмыра -ваза Д/ойын: «Дұрыс бөл»
Алматы кітап 5+
4апта
|
Жайдары жаз келді
|
Балалар білімін қортындылау
|
Балаларға өздерінің білетін тақпақтарын, ма- қал мәтел,жаңылтпаш,жұмбақтарын айтқы зу,қазақтың төл дыбыстарын естеріне түсіру,достыққа тәрбиелеу.
|
1
|
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілейміз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
Тәрбиеші балаларға бүгін екі топқа бөлініп, "сайыс" оқу қызметін өткізетінін айтады.
Негізгі кезең
Тәрбиеші балаларды екі топқа бөледі. Балалардан барлық дыбыс атауларын сұрайды. Дыбыстарды көп және тез атаған топ жеңіске жетеді.
Дидактикалық ойын:
"Кім зерек?"
Тәрбиеші балаларға қызыл, көк текшелерді алдарына қоюларын сұрайды.
– Егер мен дауысты дыбыс айтсам қызыл текшені, дауыссыз дыбыс айтсам көк текшені көтересіңдер.
Келесі сайыс түрі – "Мақал-мәтел".
Тәрбиеші өтілген мақал-мәтелдің басындағы, бірінші сөзін айтады, балалар жалғастырып кетуі керек. Мысалы: Ер дәулеті ...
Еңбек түбі – береке, ...
Ер қадірін – ел біледі, ...
Елі байдың –...
Тіл тас жарады, ...
Бірлік болмай – ...
Әдептілік белгісі – ...
– Келесі сайыста екі топ бір-бірлеріңе жұмбақ жасырасыңдар. Мысалы:
Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
– Жұмбақта кездесетін жез сөзі бұл жерде қызғылт сары деген мағынаны білдіріп тұр.
Сергіту сәті:
Жарқын біздің күніміз,
Бойшаң болып келеміз.
Салмағымыз,
Бойымыз
Өсті, өсе береміз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |