Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі



бет31/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Дидактикалық ойын: "Бұл киімдерді қай мезгілге киеді?"
Ойын шарты: тақтаға төрт хатқалта ілінеді. Көк – қыс мезгілі, жасыл – көктем мезгілі, қызыл – жаз мезгілі, сары – күз мезгілі екенін айтып түсіндіреді.
Әр мезгілдің киімдерін араластырып төңкеріп қояды. Балалар кезек-кезек өздері алған суреттегі киімді мезгілге сай өз хатқалтасына салуы керек.
Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу.
Бағдаршамның көздері
Жанып-өшеді өздері.
Міне, былай, міне, былай,
Жанып өшеді өздері.
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 28 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды.
Балалар бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін, қол шапалақтау арқылы көрсетеді. Іңкәр балаларды мадақтайды. Қоштасып қайтады.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:«І» дыбысы туралы түсіндіру.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: түрлі-тусті хат калталары,жұмбақтар куыршак .жұмыс дәптері, көркем суреттер.
Билингвалдық компонент: кірпі-еж,күріш-рис.
Д\о «Бұл киімді қай мезгілде киеді?».
Алматы кітап 5+

Сәуір
1апта

Алғашқы тамшылар

«Ә»дыбысымен және әрпімен таныстыру

«ә»дыбысы және оның әріп таңбасымен таны стыра келіп балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап,анық,таза сөйлеуге үйре- ту,үлкендерге құрмет көрсетуге баулу,ұғым- талдыққа тәрбиелеу.

1

ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шаттық шеңберінде тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Негізгі кезең
Тәрбиеші ұл баланың суретін көрсетіп: «Әсет – деген бала», – деп таныстырады.
– Әсет – әдепті бала. Біздің арамызда Әсет сияқты балалар бар ма екен?
Әсеттің үлкен әжесі, әпкесі және кішкентай әлдиі бар. (Әженің, әпкенің, әлдидің суреттерін көрсетеді). Әсеттің анасының аты – Әмина.
– Әже, әке, Әмина, Әсет, әлди. Бұл сөздер қай дыбыстан басталып тұр?
– Балалар, "ә" дыбысына қатысты тағы қандай сөздерді айта аламыз?
– Кәне, бәріміз айнаны алып, "ә" дыбысын қайталайық.
– "Ә" дыбысы ауыз қуысынан еш кедергісіз шығады. "Ә" дыбысын созып немесе әндетіп айтсақ болады. Ә-ә-ә-ә. Сондықтан да "ә" дыбысы жіңішке дауысты дыбыс және оны қызыл текшемен белгілейміз.
«Ә» дыбысы қазақтың төл дыбысы екенін айтып өту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет