Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі



бет28/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберіне балаларды тұрғызу.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы –
Достығымыз жарасқан.
– Балалар, өткен тақырыбызда біз «Е» дыбысымен танысқанбыз. Бүгін «Е» дыбысын қайталап дидактикалық ойындар ойнаймыз.
Негізгі кезең
– «Е» дыбысты есімізге түсірейік, дыбысын әндетіп созып айтып көрейік.
– Е-е-е-е-е-е.
– Әндетіп, созылып, ауыз қуысынан еш кедергісіз шығатын дыбыстарды қандай дыбыстар дейміз?
– Дауысты дыбыстарды, дыбыстық талдауда қандай түспен белгіледік?
– Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгіледік?
Қазір мен мақал-мәтел айтамын, сендер «Е» дыбысы бар сөздерді естеріңде сақтап қалуға тырысыңдар.
Мақал-мәтел.
1.Ер дәулеті – еңбек.
2.Еңбек түбі – береке,
Көптің түбі – мереке.
3.Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін – зергер біледі.
Сөздік жұмыс «Зер» ою өрнек салу.
Зергер – алтын, күміс және асыл тастардан бұйым жасайтын адам.
Тіл ұстарту.
Ер-ер-ер
Қасиетті жер
Төгілді талай тер.
Жемістерді тер.
Аға соңынан ер.
Сұрағанын бер.
Ел-ел-ел
Соқты самал жел.
Аман болсын ел!
Уақытында кел!
Гүденіпті бұл ел!
Ес-ес-ес алдым кілең бес
Өзіңде болсын сес.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Шеңбер жасап алайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Қолымызды жаяйық,
Құсша қанат қағайық,
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Дидактикалық ойын: «Жалпы атауын ата»
Ойын шарты: педагог бір топқа жататын сөздерді айтады да, допты балаларға лақтырады. Допты қағып алған бала жалпы атауын айтуы керек.
Мысалы: Сиыр, қой, жылқы – мал.
Алма, жүзім, өрік – ...
Пияз, сәбіз, картоп – ...
Айгүл, Маржан, Марал – ...
Маса, шыбын, көбелек – ...
Сауысқан, қарға, кептер – ...
Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу.
Көбелек боп ұшамыз,
Көгершін боп ұшамыз.
Ұшып, ұшып аламыз,
Қолға қалам аламыз.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №26 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет