Наурыз
1аптта
|
Әрқашан күн сөнбесін.Аналар мейрамы.
|
«Е» дыбысы мен әрпімен таныстыру
|
«е» дыбысы және оның әріп таңбасымен та- ныстыру,балалардың сөзге дыбыстық тал- дау жасауын одан әәрі дамыту,ұғымталдық- қа тәрбиелеу.
|
1
|
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Қай ай?
– Наурыз қай күні?
– Балалар, біз қандай дыбыстармен таныстық?
– Дыбыстар нешеге бөлінді?
Дауысты дыбыстар пен дауыссыз дыбыстардың айтылуында қандай айырмашылықтар бар?
– Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?
– Ал дауыссыз дыбыстар ше?
Негізгі кезең
– Адамдардың айтатын сөздері әртүрлі болады. Кейбір дыбыстар ауыз қуысынан еркін шықса, ал кейбіреуі кедергіге ұшырайды. Айнаны алып қараңдаршы, дыбысты айтуға не көмектеседі?
– Әрине, ауыз. Қараңдаршы, ауыз қуысында нелер бар?
– Тіл, тіс, ерін.
– Бұлар дыбысты айтуға көмектеседі.
– Мен сендерге дыбыс айтамын, ал сендер дыбысты айнаға қарап қайталайсыңдар. Тәрбиеші "е" дыбысын айтады.
– "Е" дыбысы ауыз қуысында кедергіге ұшырады ма?
– "Е" дыбысын әндетіп айтсақ болады
– Е-е-е. Өйткені "е" дыбысы дауысты, оны қызыл текшемен белгілейміз.
"Е" дыбысы ешкі, елік, ерін, етік, есек, ел сөздерінің басында кездеседі.
Кесе, күрек, бел сөздерінің қай жерінде кездеседі?
Бие, шие, түйе сөздерінің қай жерінде кездеседі?
|