Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі


Қорытынды. Тәрбиеші қорытынды жасайды. Балалар оқу қызметін қалай түсінгенін білдіріп, смайликтер көтереді. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар



бет21/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды. Балалар оқу қызметін қалай түсінгенін білдіріп, смайликтер көтереді.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Жаңылтпаштар жаттау
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекіліктер:Фланель тақта, бота мен барыс суреттері, әріп жазылған жапырақтар, буындар жазылған шарлар, суреттер,жұмыс дәптері.
Билингвизм:Бақа-лягушка ,
Саусақ жаттығуы.
Алматы кітап5+

4апта

Тірі және өлі табиғат

«Б» дыбысын қайталау

«б»дыбысы мен әрпін қайталату,буындарды оқыту,сөздерді оқыту арқылы балалардың тілдерін дамыту,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді,
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Қайырлы күн, балалар!
Негізгі кезең
– Балалар, өткен оқу қызметінде алыстағы көлден не келді?
– Бақа қалай дыбыстайды екен?
– Бақ-бақ еткен бақа қай дыбыстан басталады?
– «Б» дыбысы қандай дыбыс?
– Енді мына көркем суретке назар аударыңдаршы.
Суреттегі көл жағасындағы бақа суретіне әңгіме құрату.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Ойын шарты: педагог балаларға жан-жануарлардың, жәндіктердің аттарын айтады.
Балалар сол жануар, жәндіктердің дауысын салып беру керек.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз,
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.
Тәрбиеші балаларға «Б» дыбысы бар сөздерден сөйлем құратады, "Б"дыбысын сөз ішінен табуға жаттығулар жасатады.
Дидактикалық ойын: «Не жетіспейді?».
Ойын шарты: тәрбиеші гүлдің, партаның , аққаланың, үйдің суреттерін тақта бетіне жапсырып қояды. Балалар жетіспейтін жерлерін апарып қосады. Мысалы: гүлдің жапырағы жоқ, партаның бір аяғы жоқ.
Тәрбиеші саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу жасатады.
Кел, санайық санамақ, Саусақтарды даралап. Басбармағым алғашқы, Балаң үйрек жалғасы, Ортан терек атасы, Шылдыр шүмек анасы, Шынашағым балапан, Бәріне ортақ алақан.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 20 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды.
– Балалар, оқу қызметінде түсінген, түсінбегендеріңді смайликтерді көтеру арқылы көрсетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет