Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі


Алдын-ала жүргізілетін жұмыс



бет20/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: өткен әріптерді қайталау. Көрнекіліктер:суреттер,жұмыс дәптері.
Билингвалдық компонент: Мысық – кошка, мұз – лед, аққала – снеговик.
Д\о: «Аққала».
Алматы кітап5+

3апта

Қыстайтын құстар

«Б» дыбысы таныстыру

«б»дыбысы және әрпімен таныстыру, «б»ды- бысынан басталатын сөздер айтқызып,буын- ға бөлуді үйрету,сөздік қорларын толықтыру балаларды ұқыптылыққа,ептілікке тәрбиелеу.

1

ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілінің қазір қай айы?
Күз мезгілінің соңғы айы суық, ызғарлы, болып соңы қарға ұласады.
– Бүгін аптаның қай күні?
Негізгі кезең:
Осы кезде сарқыраған судың дыбысы естіледі.
– Балалар, тыңдаңдаршы ненің дыбысын естіп отырсыңдар?
Тағы да ненің дыбысы естіліп тұр?
Осы кезде үстел үстіне бақа шыға келеді.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
– Балалар, бақа бүгін алыстағы көлден қонаққа келіпті. Сендердің ақылды, білімді екендеріңді көргісі келеді. Сондықтанда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, жауабын сендер ойланып айтасыңдар.
Жұмбақ.
Алыста көлде,
Кеште де, түнде. 35
Бақ-бақ етіп,
Шулайтын ол не?
– Иә, дұрыс айтасыңдар. Бақа сөзі «Б» дыбысынан басталады.
Тәрбиеші бақа сөзін екі тілде айтады.
– Кәне, бірге «Б», – деп қайталайық.
«Б»дыбысының дұрыс айтылу артикуляцсиясы.
Ерін бір-біріне жабысып тиеді, дауыс екпінімен «Б» дыбысы пайда болады.
– «Б» дыбысын ұзақ айтуға келмейді «М» дыбысына ұқсап кетеді екен?
– Сондықтан да «Б» дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па ?
– Иә, "Б"дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс.
– Ал дауысты дыбыстар қалай айтылады?
– Дауысты дыбыстарды қандай түсті текшемен белгілейміз?
– Ал дауыссыз дыбыстарды ше?
– «Б» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдаршы.
– Енді осы сөздерді буынға бөлейік.
– Ба-қа, бал-ға, бал-та, бұ-ғы.
Сергіту сәті:
Саусағымда сақина
Санап көрші, кәнеки,
1, 2, 3 – бір, екі, үш –
Демалайық жинап күш.
Тілге жаттығу жасату.
Ба-ба – бақа.
Та-та – тасбақа.
Дидактикалық ойын: «Жоқ дыбысты тауып айт»
Ойын шарты: тәрбиеші өлең оқып, соңғы дыбысын айтпайды. Балалар өздері қосып айтады. Мысалы: Көлде жүрген бақ....
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 19 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет