(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Театр деген не екенін білесіңбе? Театрға барып көрдіңдер ма? Театрдан алған әсеріңмен бөліс. Қандай театр түрлерін білесің?
Тәрбиеленушілердің жауаптары. Негізгі сөздерді үш тілде айтып үйрену.
Театр-театр-teater Актер- актер-аnactor Ым-ишара- жест, мимика-gesture Айсұлу: Менің сендерге қосарым бар, «театр»- көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Театрда әртүрлі көріністер қойылады. Театр жеке-дара өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. Театрдың негізгі үш түрі бар:
Қуыршақ театры,
Опера театры,
Драма театры.
Театрда ойнайтын адамдарды «актер» деп айтамыз. «Әртіс»- орындаушы дегенді білдіреді.
Жайлы әуен
Қуыршақ
Опера театры, драма театры, қуыршақ театры суреттері бейнеленген слайдтар
Қуыршақ театры: жұмсақ қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, үстел үсті театры, конус театры, қасық театры т.б суреттерін слайдтан көрсету
Сабақтың ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс 6-25 минут
(ПК) Балалар, сендер театрда кімдер жұмыс істейтінін білесіңдер ме?
(Ө)Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма. Суреттегі заттар не үшін керек деп ойлайсың? Тәрбиеленушілер театр қойылымдарына қажетті құралдармен танысады.
(Ұ) Сюжетті-рөлдік ойын: «Театр».
Қауныш пен Айсұлу:
Балалар, енді театрға барайық.
(ҮМ) Ал театрға бару үшін не керек?
-Билетті қайдан аламыз?
-Ендеше кассаға барайық.
1-бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай!
2-бала(кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар!
1-бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе?
2-бала (кассир): Әрине.
Балалар ақша төлеп, кассирден билеттер алады. Балалар: Рақмет!
Кассир: Оқасы жоқ!
Балалар билеттеріне сай орындарына отырады.