Тәжірибе: Ауа шарын үрлеп, одан кейін еркін қоя береміз. Ол біраз уақыт бөлме
ішінде ары – бері ұшатын болады.
Реактивті қозғалыс деп денеден оның қандай бір бөлігі бөлініп шыққан кездегі
қозғалысын айтады.
І. Реактивті қозғалыстың биологиямен байланысы.Теңіз жәндіктері сегізаяқ,кальмар,
теңізқұрт, медуза туралы айтып, бұл жәндіктердің реактивті қозғалыс принципі
бойынша қозғалатындығын айту.
ІІ. Тарих пен байланысы:Реактивті қозғалыс принципін пайдалана отырып,ХХ ғасырда
адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында көтерілгендігін және
ғарышты игеру тарихына толық тоқтала келіп, Қазақстанның тұңғыш ғарыш-
кері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев қазақ халқы мақтан тұтатындығын,
«Байқоңыр» сияқты ғарыш айлағы бар Қазақстан әлемдегі саналы ғарыштық
мемлекеттің бірі екендігін айтып түсіндіру.
Ғарышты игеру үшін зымырандарды пайдалану идеясын ХХ ғасырдың басында орыс ғалымы Константин Циалковский ұсынған.
Қуатты зымыран техникасын жасауға әйгілі ғалым – конструктор Сергей Павлович Королевтің еңбегі өте зор.
1957 ж ғарыш айлағынан орбитаға бірінші жасанды серігі шығарылды.
1961ж 12сәуірде планетаның тұңғыш ғарышкері – Ю.Гагарин ғарышқа қадам басты.
«Байқоңыр» ғарыш айлағын 2500 – ден астам зымыран, 3000 – нан астам ғарыш
апараттары ұшырылып, 130 – дан астам ғарышкер ғарышта болып қайтты.
Реактивті қозғалыспринципі түсіндіріліп, төмендегі формула қорытылып шығарылды.
- атылып шығатын газ жылдамдығы.
- қабықтың массасы.
Жаңа сабағымыз түсінікті болу үшін, «Ғажайып үй тік» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарттары әр қатардан бір оқушы шығып, тақтаға ілінген кестенің қалған
номерін ашып, сұраққа жауап береді.
10
10
10
20
20
20
30
30
30
Сұрақта 10 (1) – Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
10 (2) – Зымыраннан басқа реактивті қозғалыс жасайтын
денені ата?
10 (3) – Зымыран қанша бөліктен тұрады?
20 (1) – Ғарышқа алғаш қадам жасау идеясын ұсынған
ғалым кім?
20 (2) – Тұңғыш жасанда жер серігі қашан, қай жерде ұшырылды?
20 (3) – Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?
20 (1) – К.Е. Циалковский идеяларын жүзеге асырған ғалым, конструктор кім?
20 (2) – Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата?
30 (3) – Қандай мақсатпен зымырандар көп сатылы болып жасалады?
Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланып, үйге қосмша «Ғарыш» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу тапсырылады.
Қорыта келгенде, мұндай дәстүрлі емес сабақ түрлері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ғылыми көргендікке б аулиды.