Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Авторитаризмның тоталитаризмнан ерекшілігі



бет25/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)

Авторитаризмның тоталитаризмнан ерекшілігі:

  1. міндетті емес анық жетілдірген бірыңғай идеология

  2. қоғамның үстінен мемлекет тарапынан ықпал жасаудың болмауы

  3. азаматтардың ынталық пен дербестігін мадақтау

  4. жеке өмірге қатысуына бас тарту

  5. саяси биліктің ең басты аргументы – бедел, бірақ оған күш пайдаланбай жету



Студенттерге берілетін тапсырмалар
1 тапсырма. Саяси режим ұғымы туралы саясаттанушылардың пікірлерін сәйкестіндіріңіз:




Саясаттанушылар






Олардың пікірлері

1

Немiс заңгерi Е.Левенштейн

A


2

Француз саясаттанушылары М.Дюверже мен А.Ориу

B




3

Американ саясаттанушысы К.Бекстер

C




4

Француз саясаттанушысы М.Дюверже

D




5

Американ ғалымы Д.Истон

E




Cеминар№9. Қазіргі сайлау жүйелері және олардың ерекшеліктері


Сабақтың жоспары:

  1. Сайлау саяси институт ретінде.

  2. Сайлаудың кызметтері және жіктелуі.

  3. Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорпионалды және аралас.

  4. Сайлау кұкығы және кағидалары.

  5. Сайлау үрдісі және сайлау науқаны.

  6. Сайлау технологиялары және оның түрлері.

  7. Қазақстан Республикасындағы сайлау және сайлау жүйелері.



Сабақтың мазмұны:
Сайлау тақырыбы қазiргi кезеңде бүкiл адамзат үшiн ең өзектi тақырып болып отыр, өйткенi:

  1. сайлау- қоғамның алдыңғы қатарлы өкiлдерiн билiк құрылымдарына

әкелу мүмкiндiгi;

  1. сайлау- демократия дамуының көрсеткiшi;

  2. сайлау- қоғам мен билiк байланысының тиiмдi механизмi;

  3. сайлау- азаматтар мүддесi мен талап-тiлектерiн билiк құрылдарына ұсыну.

Дегенмен орыс философы А.Ильин айтуы бойынша «барлық халық барлық уақытта жалпы халықтық сайлауда билiк басына лайықты адамдарды таңдауға қабiлеттi емес». Сайлау нәтижелi болуы бiрқатар экономикалық, әлеуметтiк және рухани факторларға тәуелдi. Оларға:

  1. Экономикалық факторларға - жеке меншiктiк, нарықтық қатынастардың, ерiктi кәсiпкерлiктiң дамуы, жеке меншiкке ие экономикалық тәуелсiз адамдардың көбеюi жатады.

  2. Әлеуметтiк факторлар- қоғамдық тұрақтылықты қолдаушы, экономикалық ауқатты, күштi орта таптың өмiр сүруi болып табылады. Сонымен бiрге, отырықшылық, отбасылық қатынас тұрақтылығы сияқты жағдайлар да ықпал етедi.

  3. Сайлауды нәтижелi пайдаланудың рухани негiзiне - халықтың патриотизмдi сезiнуi, заңға деген құрмет, мемлекеттiк жауапкершiлiк сезiмi жатады. Мұнда әсiресе маңызды нәрселер халықтың жоғарғы саяси мәдениетi мен бiлiмдiлiгi, оның демократиялық дәстүрi болып табылады.

Сонымен бiрге сайлау нәтижесi мен өту барысы қоғамның саяси өмiрiнiң көптеген қыр-сырын түсiнуге мүмкiндiк бередi, мәселен:

  • Саяси басқару субьектiлерi мен обьектiлерiнiң саяси мәдениетiнiң деңгейi мен сипатын;

  • Билiк басындағылардың iс-әрекетiнiң халыққа қаншалықты жағымды және жағымсыздығын;

  • Сайлау технологиясының жетiлгендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

Әлемде саяси билiк ұйымына сайлау өткiзiлмейтiн елдi табу қиын. Бiрақ барлық елдердегi сайлауды демократиялық деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекетiнiң сипатына қарай сайлаудың мынадай түрлерiн ажыратуға болады:
Азаматтық қоғам мемлекеттке бағынышты жағдайдағы сайлау, ол авторитарлы тәртiптерге тән. Мұнда депутаттар құрамы, сайлау алды бағдарлама мазмұны туралы барлық шешiмдердi елдiң саяси басшысы (хунта, олигархия, монополиялы партия) алдын-ала қабылдайды. Кандидаттар жасырын, сайлаушылар оның өзiн де, бағдарламасын да бiлмейдi. Олар сайлаушылар өкiлдерi емес, қайта билеушi партиялық-мемлекеттiк құрылым өкiлi ретiнде әрекет етедi. Сайлаудың бұл түрiнiң классикалық үлгiсiн КСРО көрсетедi, сонымен бiрге Пакистан, Филиппин, Индонезияды кездеседi.
Мемлекет пен азаматтық қоғам күштерi тепе-теңдiгiнiң тұрақсыз жағдайындағы сайлау. Ол көбiнесе демократиялық тәртiп тамыры бекiмеген, ал мемлекет басшысының демократиялық талпынысы антидемократиялық күштермен қақтығыста болған елдерде кездеседi. Мұнда халық сайлаған билiктiң өкiлдiк органдары кейде өзiнiң әрекет етуiн күштеу нәтижесiнде тоқтатуға мәжбүр болады. Мұндай екi даму жолы пайда болуы мүмкiн:

  • бәсекелесушi күштерге (демократиялық, антидемократиялық, оппозициялық) демократияны мойындауы үшiн уақыт беру керек. Яғни оппозициялық партиялар мен саясаткерлерге өз саяси бейнесiн қалыптастыруына, бәсекеге араласуына, билiк құрылымына өтуiне мүмкiндiк беру керек. Олар сонда демократия басқарудың ең лигитимдi формасы екендiгiн мойындайды. Бұл процестегi негiзгi нәрсе авторитаризмнен демократияға өту бiрте-бiрте халықтың қолдауынан айырыла отырып өту керек. Азаматтық қоғам демократиялық сайлаумен қалыптасады. Демократияға өту мерзiмi әр түрлi болуы мүмкiн. Көппартиялық практикалық тәжiрибе өз болған сайын, Бұл жол мен уақыт та алыстай бередi.

  • кейбiр елдерде демократияға асығыс өту авторитаризм мен квазидемократияға өтуге алып келедi. Заңның жетiлмеуi, сайлау барысын қоғамдық бақылайтын демократиялық дәстүр мен механизмнiң жоқ болуы, мемлект пен азаматтық қоғам күштерiнiң тұрақсыздығы дауыс беруде көптеген бұзушылықтарды, бұрмалаушылықтарды тудырады.

Мемлекет пен азаматтық қоғамға бағынышты жағдайдағы, яғни демократиялық тәртiп тұсындағы сайлау. Азаматтық қоғам дамуының жағдайы ретiнде мемлекет, қоғам мен индивид дамуының тепе-теңдiгi, құқықтарының бiрдейлiгi әрекет етедi. Олардың арасында болуы мүмкiн конфликттер тек заң арқылы шешiледi, күштеу мен зорлық көрсетуге орын берiлмейдi. Демократиялық сайлауға тән мына сипаттарды бөлiп алуға болады: билiкке таласушылардың өзара сенiмi және демократиялық сайлау арқылы билеушi элитаны қалыптастыру дәстүрiн құрметтеу.
Сайлау классификациясы.
Сайлауды билiк тармақтары негiзiнде заңшығарушы, атқарушы және сот ұйымдарын сайлау деп классификациялауға болады. Заңшығарушы ұйымдарды /парламент/ сайлау көп елдерге тән. Қазақстан Республикасында заңшығарушы ұйым ретiнде парламенттiң екi палатасы да сайланбалы.
Көптеген демократиялық елдерде атқарушы билiк жетекшiлерi - президент және жергiлiктi атқарушы билiк басшысы сайланады. Қазақстан Республикасында президент сайланады, ал жергiлiктi атқарушы билiк басшыларын (әкiмдер) президент тағайындайды.
Кейбiр елдерде сот билiгi өкiлдерiн де сайлау кездеседi.
Территориялық өкiлдiлiкке сай билiктiң мемлекеттiк ұйымын (парламент, президент) және жергiлiктi ұйымын (әкiм) сайлау болып бөлiнедi.
Сайлау сенiм көрсету жүйесi- белгiлi бiр саяси субьектiнiң жеңiске жетуi үшiн дауыс берудiң белгiлi бiр түрiн пайдалануына қарай бiрнеше топқа бөлуге болады. Дауыс беруге қарай сайлауды: балама (альтернативтi), коммулятивтi, лимиттiк деп бөлемiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет