Бірінші тарау


§3. Ішкі тарап және оның қалыптасуы



бет9/24
Дата05.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#1789
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
§3. Ішкі тарап және оның қалыптасуы
а. Ішкі тараптың табиғаты

Кіші жүзде жайылым, суат, орман, малға пана, азық қалың қамыс, қоға, талды жер тапшылығымен қатар он екі ата Байұлы тайпасы руларының Еділ, Жайық аралығына көшу қозғалысының басты себебі – бұл алқап ежелден Байұлының атамекені. Бұны жер, су, қоныс атаулары да қостайды. (Нарын, Самар, Тарғынтөбе, Үштархын, Қиғаш, Дыңқызыл т.б.). Екінші басты себебі – Нарын құмының табиғаты ерекше, оның дамға ол кездегі пайдаланғанын айтуға сөз жетпейді. Еділ-Жайық аралығын “Самар даласы” депте атаған. “Самар” деген көлдер. Бұл даланың жер беті әртүрлі құм, қатқыл. Нарын құмының терістік шығыс жағындағы далалық “қатқыл” деп аталады, табиғаты өзге. Терістік – шығысы Сырт қыратына дейін барады. Қазіргі Ершов, Семиглавыйлар станциялары қасындағы “Баяш” тауы маңынан қатар екі өзен ағады – батысындағы “Сары өзен”, шығысындағы “Қара өзен” деп аталады. Екеуі 500 км-дей қатар ағып отырып, “Жаңақала” тұсында Самар көлдеріне құяды. Ірілі-ұсақты 24 көл бар. Ертеде айнала ну нар қамыс болған. Бұл екеуінің батысында Мақамбет айтқан “” Ащы өзек бар, қар суы тасып “Соркөл” деген үлкен сорға құяды, суы жаздай болады, жағалауы жерде қалың қамыс, тал болыпты. Әр жерде ағашта өскен. Сары, Қара өзендер, Балықты, Оюкен (Грачи) т.б. су жайылымдары қар суымен тасып, жазғытұрым су екі жағалауына сай, көлдерді қуалай 10-20 км. Жерге жайлаған. Пішен көп болады. Бұл екі өзен аңғарында қамыс, тал, (Жалпақтал), қоға, ши, ағаш өскен. Топырағы егін егуге қолайлы. Мақамбет “Ақтеңіз” деген “Ақкөл”, суы таза, шипалы, қамыс көп өседі. Бұл алапта “сор” деп аталатын ащы сулы, батпақты, татыры, сайы көп “Түрке”, “Әукетай”, “Шаламан” т.б. сорлар бар. Айналасы қой, түйе жоюға өте қолайлы, құдық суы мол, тұщы. Бұл айтылғаннан қосөзен алабы ежелден шаруаға қолайлы болғанын көреміз. Талас, наразылықта осыдан туады. Бөкей сұлтан Сары өзеннің қазіргі Жәнібек ауданы тұсында қоныс салыпты, оны қазірде тұрғындар “Бөкей жаңақаласы” дейді. Бекер қызықпаған. Шөпті, сулы, Астрак, Саратов, Самараға баратын жолдың түйісі, саудаға тым қолайлы, байланысқа жақсы.


Нарын құмының табиғатын жазу қызықта ұзақ әңгіме (28). Ол жерге аяғым тисе таңдана, сүйсінумен боламын, бірнеше рет әрлі-берлі кесіпте, ұзынынан қиыпта шарладым. Нарын құмы Жасқұстан Жайыққа қарай “Шыбынтай” құмына дейін 350-400 км, терістік-шығысында “Арал сордан” (Бөрілі, Жиек құмдарынан Дінқызыл, Мыңтөбеге, одан әрі Сасық тау, Танюшкинге қарай 400 км. шамасы аумақты алып жатады. Нарын құмы жөнінде баспасөзде көп жазылады, бірақ оның табиғи қызық, пайдалы ерекшеліктерін аз да болса тиянақтап жазғанды көрмедік. Біз шалып өтеміз. Нарынды анығырақ жазған Я.Ханыков оның ені 50-60км, ұзындығы 230 км шамасы депті, бұл тым кемітіп айтылған. Ханыков Нарын құмын 12 бөлікке бөледі, олар Бекетай Бөрілі, Жиекқұм, Жасқұс, Дүйсе, Теректі, Жаманқұм, Ірге құм, Айғыр құм т.б. Құмда әр түрлі болады екен, жел тұрса көшіп жүреді. Құмы көбіне жинала атжалданып биіктей “таушық” болады. Биік, неше түрлі шоқада бар. Құмды жер арасында ашық жер - алап болады, жалпақ көк шөп өсіп, күзге дейін қурамай тұрады. Себебі – ылғал жақын. 1942ж. Жасқұсқа (Ордаға) барғанымда 1-1,5 м. Тереңдікте құдық көріп, таңғалып, ат суардым. Кей жерде (Шалқар 2 м Қарамолада 2,5м) болады. Қатқылда құдық терең болады, 1943ж. “Байтілеуде” (Құрманғазы күйшінің туысы, жайлауы). Колхозға құдық қазғанымда 5 м. Тереңдіктен ғана су шықты, онда да әлсін-әлі құдық түбін аршумен болдық. Бұл малшы қызметінің ауырлығын көрсетеді. Ертеде құдық қазу кәсіп болған. Нарынның тағы бір ерекшелігі – қыста қар сирек, аз жауады, ал, қатқылда құмнан алыстаған сайын қар қалың, күн суық, қысы ұзақ болады. Қуаңшылық жылы қатқылдағылар Нарындағыларды сағалап, малдарын қыстай жайып аман алып қалады.
Нарынның ХІХ-ғ. басындағы тағы бір ерекшелігі – арман, ағаш, қамыс, ши, бұта, тобылғы, тал, шетен, қоға көп болған. 1827ж. Жасқұста келген сенатор Энегль “Пескал Нарына был покрыто лесом” деп жазып, оны қорғау жоқтығын жазған ( : ). Орман шаруашылығын зерттеушілер Нарында ХІХ-ғ. Басында орман 33% жер көлемін алып жатқан депті. ( : ). Бұл аса үлкен байлық. Ағаш, бұта, Қамыс көп болғасын ылғалда көп, ұзаққа сақталады. Қамыс Каспий теңіз жағалауында тұтас өскен, ішінде жабайы аңдар көп болғанын айтады. Сондай-ақ, Самар көлдері 24, ну қамыс. Қыста қамыс арасы ықтан астына төсем басындағы бүршігі малға қорек. Суат қасында Қысы, жазы Самар көлдерінде балық арылмайды және түрі көп болған, тұрғындарға қосымша азық сатса қаржы. Қатқыл деп Нарынның Басқұншақ, Бөгде тауы, Сайқын, Жәнібек жағын, Сары, Қара өзендер, Ащы өзек, алқабын айтқан, бұнда жайылым, суат. Өзендер жағасында Қамыс, тал, бұта, шетен қоға өскен, арман алқаптары, сайлар, көлдер көп болған, шабындығы мол, аң құс кең жайлаған. Қырлығында қар суы жиналған көлдер бар. Олар “Есей Саралжын көлі”, “Қуан, не Кунбай Саралжыны, Ағай Қара көлі т.б. аталады. Қырлығында еркек шөп, жусан бетеге, өзен, итмұрын, көкпек, тарбаған, таспақара, қарақат, көсік, шие т.б. өсімдіктер болған. (29:532)
Үштаған, Керей ашығы, Балқұдық, Қошалақты жағында да Саздыға, Қарақамысқа дейін ойдым-ойдым қатқыл бар, бірақ өзен су жоқ. Ақжонас жайлауы малға жайлы. Теңіз жағы сулы болғанмен жер беті егінге жарамсыз. Қамысы көп, қалың, арасында Жолбарыс, Қабан көп екен. Аңыз Исатай жасында жолбарыс пен алысып, өлтіріп, батыр болған дейді. Бұл өңірде малға жайлы болғасын көз тартқан, көп ауыл келген.
Ұзақ жылдар (ХҮІІ – ғ-дан) иесіз жатқасын аң көп болыпты. Орман мен нар қамыс арасында жолбарыс, бұғы, қабан мен қатар басқа аңдар жүрген. Қариялар бұғы, бүркіт, т.б. құстар болғанын айтатын. Ең қызықтысы, Нарында құлан, тарпаң, киік, құстың көп (ителгі, қаршыға, сұңқар т.б.) түрі, Бақсай жағында қызғылт қаз, құмында батпа, борсық, қасқыр, қатқылында түлкі, қорқау, құс пен тышқанның неше түрі өседі. Ащы өзек бойын, Тарғын өзеніне дейін құлан, киік, қасқыр, қабан т.б. жайлаған. Құлан көп өседі, “құлан ойнақ” жерде жиі болады, бұл жөнінде тарихи әңгімеде бар. Жылқының да тағы түрі жүрген. Үйрек, қаз, аққу, дуадақ өз алдына әңгіме. Нарынның табиғаты мен байлығын сипаттауға сөз жетпейді деген осы. Ұлы Мақамбетте мақтағаны белгілі. Ол: “…Шортаны қара бақандай,
Бақасы сары атандай.
Балдырғаны білектей,
Баттауығы жүректей,
Сонасы қоңыр үйректей”, - деген.
Нарынның біз көрген қариялары бұл өңірдің өткендегі табиғи байлығына кісіні тамсандыра айтатын. Аңның көптігі аңызға айналған. Мақамбетте өз өлеңдерінде құстың бірнеше түрін, бұғыны, жыртқыш аңды атаған. Қарттарымыз бұл аңдарды хан, сұлтандар, орыс чиновниктері талай аяусыз қырғанын, аз уақытта оларды жойғанын да қанжыла мәлімдейтін. Аңдардың Нарында көп болатыны – бұл өңір екі ғасырдай қаңырап бос қалған, тек анда-санда өткінші жолаушылар, қалмақтар, қазақтың бірен-саран ауылдары ғана аз күн тұрақтаған. Бұлар Нарынның сенатор Энгель жазғандай “орман жапқан” даласына елеулі нұқсан келтірген. Орманда, аңдарда, жалпы, далалық ХІХ – ғ-ң 2-ші ширегінде жаппай аяусыз ысырапқа ұшыраған. Энгель орманды үй, қора салуға, отынға деп еш бақылаусыз, есепсіз отайтынын жазған. Оқымысты хан бұған қорықшы, қорғаушы қоймаған. Өзі туыстарымен Жасқұс пен Жиекқұм құмдарындағы орман ағаштарынан үй, қора, монша т.б. салғанын, отқа жаққанын 1942ж. Орда қонысы қарттарынан өз құлағымызбен естігенбіз. Ал, оның орнына ештеңе отырғызбаған. Бөкей ордасын басқаратын Уақытша Советке 1847 ж.ж. Советник болып істеген. А.Ереинов “Нарында орман болған, ол 1850 жылға тек томарлары қалған”, - деп жазады. (30) Аң құстар жөнінде де жан қинарлық әңгімелер айтылатын. Жәңгір хан аңға жиі шығады екен, қасына көбіне орыс чиновниктерін ілестіріп, жабыла аң аулаумен бірге қырда “қона-жастана жатып” әкімге сый-сияпат көрсетіп, жақсатты болады екен. Есесіне чиновниктер ырза болып, ханды мадақтап, мақала, рапорттарда жазады. Жәңгірдің аңға шығуы халыққа залал екен. Бұл жөнінде Ақмет Мамытұлы (автор өзі осылай жазыпты) 1926 ж. мақаласында Жәңгір аңға жиі шығып, қасына сұлтандармен 12 билерін, қызметшілерін алып аңға шығады екен жолай көрінген ауылдарға қонып, шығындыруымен бірге қыз, келіншектерге “қырғындай” тиіп, әдепсіздік жасайтынын наразылық туғызатынын жазған. Аңдарды аяусыз қыратыны жөнінде “Құлан ойнақ” деген сықылды тарихи әңгімелер ел аузында көп еді. “Ащы өзек” аңғары кең, сулы, нулы терең, жалпақ сай екен, бір кезде оны киік, құлан тарпаң, қабан т.б. аңдар жайлапты. Қабан барын бізде көрдік. Ертеде құлан жиналатын, дамылдайтын орны болған, оны "құлан ойнақ" деп атапты. Ашулы хан бірде көп кісімен әлгі құландарды қоршап алып, қырыпты дейді. Киелі аң еді!… Ал “құлан ойнақ” деген жер атауы күні кешеге дейін халық жадында (Ащы өзектің Казталовка жағында) еді. Аң терісі ХІХ ғ. 1-ширегінде аңшыға күнелтіс көзі болыпты.
Айта берсек, Нарын даласының ХІХ ғ. Басында табиғат байлығы мол екен. Азғыр, Басқұншақ, Элтон тұздары тағы бар. Олардан басқа Батырбек, Түрке, Аралсор т.б. көптеген тұзды сорлардың тұзы, жағалауындағы көкпекті тобылғылы, жусанды еңкеулер малғада, адамға жайлы еді. Тек жусанның 28 түрі өседі. Ермен деген тері илеуге теріні, ағашты, жүнді бояуға “Сақар” сабын қайнататын, неше түрлі жемістік шөптер, құмаршық, Сағыз, Қамыстың борығы т.б. көп болыпты. Өсімдік байлығы туралы Мақамбетте тебірене “Біздің анау Нарында” деген өлеңінде:
“…Қойды мыңға толтырған,
Нарынның анау құмдары
Түйені жүзге толтырған.
Көкпекті, шайыр шымдары.
Жатып қалған тайлағы.
Жардай атан болған жер.
Жабағылы тоқтысы,
Қой болып қора толған жер.
Аш, арығым жойған жер,
Жылаған бала қойған жер,
Шортаны қара бақандай.
Бақасы сары атандай.
Балдырғаны білектей.
Баттауығы жүректей.
Қымыздығы күректей.
Сонасы қоңыр үйректей, - дей келе
“Нарында бас пайданың бәрі бар” – дегені әділ де, нақты сипаттама емес пе.
Сонымен Нарын даласының табиғат байлығы, Сыртқы орта мал шаруашылығына ХІХ-ғ. Басында қолайлы екен көреміз. Жер беті, ауа райы егіншілікке онша қолайлы болмады. Бірақ, Қос (Сары және Қара) өзендер алқабына, қатқылға да егін салуға болатын. Әрине, Нарынның ауа райы мақтанарлық қыс жылы, қар аз жауады, ауасы тамаша – адамға қуат береді. Бірақ, көп жерінде жаз ыссы, қатқылда кей жылдары құрғақшылық болып, ел жұтқа ұшырайды. Сонда да ұқыпты шаруа амалын тауып байыған Еділмен Жайық аралығында 30 млн. десятина жер болса, соның 6 млн. десятинасын Байұлы өзіне қайтарып, иемденеді. Осының 5.200 млн-дес. Жайылыс, 400 мң десятина құм, 192 мың дес. Сорбалшық, 100-120 мың деястина шабындық, 12 мың дес. Қамыс болған (31:289). Басқа бір деректе орман осы территорияның 1/3 бөлігін құрағаны белгілі. Міне, бұл ол кезде құлазыған далада иесіз жатқан ен байлыққа – ата мұраға оралып, иеленім деген қозғалыстың үшінші себебі еді.
Мақамбеттің жастық шағын, оның әнші, домбырашы болып, ел аралап, кемелденуі жазушы әнес Сарай біркелкі нанымды етіп өз кітабында жазыпты. Қазақ өнерпазы батырлық, пішіні, зергерлік, тігінші, үйші т.б. кәсіби қабілеті ежелден ел ішінде көріп, білуден, еліктеуден, үлкендерден үйренуден басталатыны белгілі. Бұл процесс Кіші жүзбен оның Ішкі тарабында Асан қайғы мен Қазтуған кезіненде күрделі, аса қиын саяси, экономикалық әлеуметтік азып-тозу заманында өткенін біздің жазушыларымыз (Ә.Әлімжанов, Ә.Сарай, М.Тәжімұратов, Н.Әбіталипов т.б.) нақтап, әрі толық жазбай, әлі жетпей күрделі қоғамдық құбылысты, рухани, мәдени қожырауды айналып өте береді. Жетіру тайпасының ХІХ-ғ. басындағы аға биі Тіленші Бөкенбай ұлы жазғандай: Кіші жүз жұрты екі оттың ортасында болды: бір жағынан елді басқара алмай, әлі жеткенді тонап, талаған хан, сұлтандар, екіншіден – жергілікті патша әкімшілігі, олардың Орынбор, Орал әскерлері. Бұл қыспақтан Байұлы тайпасының ауылдары Нарынға өтіп еді, онда да орыс помещиктері, Орал әскерлері. Бұл қыспақтан Байұлы тайпасының ауылдары Нарынға өтіп еді, онда да орыс помещиктері, Орал әскері т.б. қысым жасай бастады. Бұдан бас сауғалап Өтеміс пен Жүз батыр Беріш руы ауылын бастап, бесіктегі нәресте Мақамбетті түйеге теңдеп 1804ж. көкек айында Жайықтан Тайсойғанға өтпек болып, Калымковтың казак әскері тойтарыс берді. Ауыл қайта оралып Дендер тұсынан өтіпті. Жайықта үш кешу бар деген қариялар, біреуі – Қалмақ өткел. Солардан түнде білдірмей өтсе керек. Оған жету тіптен қиын. Ауылдар ебін тауып Дендерге қарай өте берді. Нарынға жібермегесін қаша берді. Нарын жағында жұрт күртазайды. Бұл патша өкіметінің есебін жаңылдырды. Империяға Орталыққа жақын мал, мал өнімін т.б. арзанға сатып алатын өз өнеркәсіп товарын сататын рынок керек. Бөкей сұлтан, орыс купецтері дабыл қақты. Содан патша үкіметі 1806ж. 19 мамырда қазақ елін билеу. Бөкей Ордасы жөнінде Ережесін шығарып, қазақтардың Жайықтан әрлі-берлі өтуінің тәртібін көрсетті. Енді қазақтар өз руы, не ру бөлімінің старшыны басқаруымен, жан басын тізімдеп, мал басын санап, Бақсай мен Гребенщиков форпостылары тұсынан, арнайы постыдан бақылауымен өтетін болды. “Ереже” бойынша кедей қазақтар балаларын тек ресейліктерге құлдыққа сатуы тиіс еді. Билеуші топ пен орыс казак әскерінің шабындысы тоқтамады, бір талауда, не жұтта бүкіл ауыл малсыз, дүниесіз қалып қайыршы болып шыға келді. Байғұстар саны өсе берді. Байғұс дегенге Ә.Сарай кітабында түсініктеме бермепті де, олар Орал әскери мекендерде орыстармен бірге тұрады депті. Бұл қате мәлімет. Байғұс деген қалмақ сөзі көрінеді, мағынасы – тақыр кедей. Орыс басылымында кедей қазақ күнелтіс үшін Орал, Орынбор әскери қоныстары қасына келіп, ең соңында тағанын, не мосыны сатып қайыршы болады, әскери мекен сыртында, қашықта жұлым үйлерін, күркелерін тігіп, сонда тұрады. Бір орында тұра берсен үй айнала шөптен аралап тақырланып, шаң көтеріледі. Амал 50-60 қадам жерге байғұс күркесін көшіреді. Бұны түсінбеген орыс-қазақ көшпелі, байғұс болса да көшуді елестетіп, азғантай үй жабдығын арқалап, көше береді деп жазған. Байғұстардың пайда болуы – қоғамдағы саяси-әлеуметтік дағдарыстың тереңдігін көрсетеді. Байғұстарды әскери қоныстар тегін жалшыға пайдаланған, не үкімет христиан дініне, орал казак әскеріне кіргізген. Балаларын арзанға сатып алып, дініне кіргізіп, аты, жөнін өзгертіп, қызметіне пайдаланып, еліне қайырмаған. Бұндай адам жанын тітіркендіретін фактылар оқулықтарда жазылмайды, лекцияларда айтылмайды. Аналарымыз кһрген азаппен қорлықты қазіргі ұрпақ толық біліп, тағылым алуы тиіс. Сонда аталарымыз тіршілігін көзін іздеп, отырған атамекенін тастап, қатерлі Жайық шебінен әрлі-берлі тозап неге өте бергенін түсінер. Қазақта тіршілік көзі болып мал қалды, қолөнер мен өнеркәсіпті дамытуға балық аулап талшық етуге, тұз өндіріп, аң аулап табыс табуға Орал әскері жол бермеді. Амал жоқ, қара шаруа мал өсірумен айналысты, біран оны өсіруге жайылым керек, мал бір жерде ұзақ тұра алмайды. Міне осыдан келіп қазағым, Өтеміс 1808ж. күзде Жайықтан қайта өтіп, Нарынға 5 жасар Мақамбетті тұлыпқа орап, Бекетай құмына барады. Осы жерде туып, өскен Шүкірғали Абдешұлы (руы Масқар, 1899 ж. туған, сауатты) білікті кісі екен, 1972ж. 28-шілдеді Миялы ойда (Орда ауданы) тұрғанында барып сөйлескенімде: Бекетай құмы ежелден Беріш жері, Ағатай батырдың дәуірінде де осында тұрыпты. Бекетай деген “басқа да беріш, өзі де, ұрпағыда осы өңірді әлсін әлі келіп жайлаған. Бұны Әжікен Исқақұлы (руы Беріш, 1913 ж.ж. сауатты, Орда ауданы) қайталады, беріштің Бөдене деген сәуегені осы жерді көріп, ұрпағына, Бекетайға мұра етіпті. Әжекеңде патриот кісі екен, білгені көп. Атасы Тұтқыш Байқұрманұлы Исатайды 1837ж. Жайықтан өтерде қорғаймын деп тосқауыл болып, қуығынан құтылуына көмектесіп, өзі өлімші жаралы болып, 1 жыл, қашып, Кердері, Мұқаш дегеннің үйінде бір жыл жасырынып, емделген. Бұлардың сөзін Демесін Шерниязов (1887ж.т., Беріш, сауатты) растап, одан әрі Қараша дейді. Бес жігіт алғыр, батыл, ерен болғасын “басқасқа” деп ел мадақтап атапты. Бұлардың 2-і Дендер жағында қалып, 3-і Бекетай құмына орнығыпты. Ол Жаңақаланың батысында 90 км-дей, ұзындығы 9-10 км-дей, оңтүстіктен терістікке көлбеп жатыр. Ауасы жылы, қысы аз, шөбі мол аумақ “Айтпай бесқасқа құмы”, “Қараша бесқасқа құмы”, “бекетай болып тағы бөлінеді. Біздің үйіміз Бекетайдың шығыс-терістік жиегінде еді – дейді атай. “Айтпай құмы” ойпаңды, көк шөп көп өседі, “Көктөбе деген осында, айнала үсті көгал. Бекетайдың батысында “Тас төбе” деген жер бар, оның терістігінде “Тау бұйрат” деген құм арқылы жол Жасқұсқа кетеді. Бұл жерлер Мақамбеттің туған, өскен, тұрған жері болғасын тақақтап отырмыз. Демесін атай Әжікен т.б. сөздерін қайталап, арғы “Көктөбе” деген бар. Мақамбеттің Бекетайда “тас үйі” (саман) болған. Жәңгір т.б. Өтемісті, кейін оның балаларын ысырып шығарған. Бекетайға Қаруыл хожа Бабажанов келіп, “Кілке” деген жерге ағаш үй салған. Бұл “ала құйын” біздің үйден 3 км-дей жерде еді дейді Демесін патшаға жағынып, медаль алған, хорунжий әскери атағы бар, Жайықтан 1809ж. өтіп, осы жерге қыстырып, алауздық пен жерге таласты ала келді, - дейді қариялар. Оның Қиғаш өзені жағында т.б. патша жері болған. Бекетай құмында “Қамау, Қамал шағыл” бар, сонда, Мақамбет жасында болған, кейін 1837ж. сол жерде үлкен шайқас болған, - дейді. 80-дегі Қалила әже 1972ж. Жаңақалада. Ол кісі ауданның жер бетінің бәрін біліп отыр, Бекетайда туып, өскен бесқасқа. Бұл айтылған кәриялар мәліметін тексеруге шықтым. Ол үшін әуелі Есентай Тасмағанбетовке (Байбақты – бұғанай, 1890ж.ж., сауатты Орда ауд. Теректі құмында туып, өскен) жолықтым. Тым білгір екен, алдымды орап, сөйлетпеді. Жоғарыда айтылған Бекетай алқабы туралы әңгімелерді біледі екен. Шеркеш Жақсыбаев – дейді Еспентай атай, Жәңгірмен бірге Мәскеуге барып, алтын медаль, қайтарда хан Үфі (Уфа) қаласына барып, Нұралы хан бейтінде болып: “Қара қазақ-ай, қаңғытып өлтірдің-ай, - деп азуын қайрайды. Шеркеш екеуі ұрсып қалады. Елге келгесін хан Шеркешті қудалаумен болады, - дейді кәрия. Бекетай құмы, тұрғындары жоғарыдағы мәліметтерді Жаңақалада Ғазиз Умбетияров, Сейтім Тәкеев, Аманғали Қанатов, Қабдолла Құбиев, Сеитов, Атырауда Тілекқабыл Шамшиденов, қаппар Бижанов, 1 … т.б. растады.
Алматыда экономист Жақыбалиев ағай (р.Байбақты - Шекеу) коллективтендіру кезінде біз ығысып “Мақамбеттің Көктөбесі” деген жерде тұрдық деген. Д.Шерниязов т.б. кәриялар бұны растады және “Мақамбеттің арғымақ байлаған жері” дегенде бар деді. Мақамбет жасында сол Көктөбенің басына келіп, жастармен өлең айтып, кешкісін ән салып, домбыра тартып, тіпті ойын сауықта өткізетін болыпты. Бұған үлкендерге келіп қызықтап, өздері білетін өлең, жырларды айтып, жаттанып, жастарға “Қазтуған”, “Ел айырған” т.б. күйлерді, Шалгез, Доспамбет, т.б. жырларын, Жиренше шешен, Сыпыра жырау әңгімелерін айтатын болыпты, - дейді кәриялар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет