Бірінші тарау



бет8/24
Дата05.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#1789
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Мақамбет өскен жер


Мақамбет саяси қайраткер, ол шаруалардың өз теңдігі мен күнелтісі үшін озбырлық пен қанауға қарсы жүргізген саяси күресінің жетекшісі деңгейіне дейін көтерілген азаттық үшін болған бейбіт және қарулы соғысқа белсене қатысып, оны халық “батыр” деп атады. Ал бұл, 1827, 1829, 1836-1838 ж.ж. бұқаралық қанды шайқастың болу себептерін түсіну үшін, оған қатысқан М.Өтемісұлының азды-көпті еңбегін көрсету үшін Кіші жүз бен Бөкей ордасының шаруашылық, саяси, әлеуметтік жағдайы жөнінде ықшамды болса да түсінік беруіміз қажет етеді. Шаруашылықтың кең көлемде, әрі салалы дамуы ең алдымен сол жердің бетіне, табиғат байлығына байланысты. Олай болса қысқаша географиялық шолу жасаймыз. Ақын, әнші, домбырашы елді жиі аралайды, тәрбие алады.


Өтеміс Құлманиязұлы Нарынға 1801ж. күзде өтіп, Нарында қыстаған. Ол кезде Кіші жүз ауылдары жыл сайын дерлік жазда Жайықтың шығыс жағынан Жем, Сағыз өздеріне, тіпті Маңғыстауға дейін жайлап, қыста Нарын, Еділ жағында жиі қыстаған. Бұл Орал казак әскеріне (ОКӘ), патша әкімшілігіне ұнамады. 1804ж. көкек айында Өтеміс Князьқала (Калмыков) тұсынан Жайықтың шығысына өтпек болғанда ОКӘ-нен тойтарыс алғаны белгілі. Дегенмен Өтеміс іле өтіп, атақонысы “Жарыпшыққан” сайының жағасындағы Князьден 150 шақырымдай қашықтағы “Борсан” деген жерге барған. Табиғат жер беті тез өзгере қоймайды ғой. Біз 1981ж. 15 мамырда миялыдан Жарыпшыққаннан өттік, Ойылдың суы жаңа келіп жатыр екен. Жолдан 1 км-дей жерде батыста жарыпшыққан жағасында үлкен төбе – Борсан екен. Ел жоқ. Айнала тақыр. Әр жерде көк шөп қылтиып көрінеді. Бұдан Тайсойғанға бардық мен қадір тұтатын жазушы Ғабдол Слановтың “Дөң асқан” деген тамаша романында шебер суреттелген “Тайсойған, балдыр құмын “қақпақты көл” деп жырланатын әйгілі жер. Жағалай құм, қоныс әп-әсем. Жайылыс алыста. Осыдан Барлыбай (шығысында) төбесіне, оңтүстікке Қарабауға дейін шөп сирек, көл кездеспейді. Барлыбайдан Сағыз станциясы аралығында, Миялыдан Ойылға, не Қарауылкелдіге дейін қатқыл, шөбі сирек, жайылымы жұты. Тек Жайық жағындағы Саралжын, “Керік ана” жағында шабындығы мол көлдер бар. Бұл өңірде Беріш, Масқар, Тана т.б. ру ауылдары мекендеген. Ал Қалдығайты, Соналы, Бұлдырты т.б. ұсақ өзендер алқабын бір кезде Байбарақ бастаған алаша руы ауылдары Ақсайға дейін иемденген. Архив құжаттарында әр ру ауылдарының мекендері, қыстауы, жайлауы сирек болса да жазылған бірақ жер иелену түрлі жағдайға байланысты өзгеріп тұрған. Алаша руы Құдайғұл батыр тұсында Жайықтың Елек өзені тұсынан бері ХҮІІІғ. басында жайлаған. Қызылқұрт, Ысық т.б. ру ауылдары сол жақтан ығысқан. Себеп – патша әкімшілігі мен хан, сұлтандардың өктемдігі.
Ойыл өзенінен әрі шығысқа жер беті кейде құмдасын, кейде қатқыл шөбі аз. Оңтүстіктегі Желтау, Доңыз тау, Атай – Матай, Борсық құмына дейін осылай. Тек Жем, Сағыз өзендері өңірі аз кем тәуір. Ал Борсық құмынан Арал теңізіне дейін, одан шығысқа Ырғыз, Торғай өзендері сілімдеріне құмды не тақыр. Тек Мұғалжар, Бершігүр тауларымен Жем, Сағыздың басы жайылымды келеді. Бұл Дешті – Қыпшақ жерінің оңтүстігі суға қат, жайылымға мұқтаж, орманы жоқ, тауы аласа, нулы көлдері аз, қамысты арналары кем құрлық. Қобда, Қиыл өзендерінің басы, орта ағысының тұсы егінге қолайлы. Еңбекқор қазақ сол құм ішіндегі ойыс, көлеңді оазистерде бақша салып, суаратынын патша офицерлері көзімен көріп таң қалған. Шаруа бақшамен қысқы азығының жартысын айырған (25). Жердің шұрайлысы, орманы сулы өзендері Дешті-Қыпшақ даласының солтүстік жағында болған. Қазіргі Самар, Орынбор, Челябин губернияларының оңтүстігін ХҮІІІ – ғ. Қазақтар жайлаған. Орынборда Табын, Шекті, Алаша, Жағалбайлы т.б. рудың ауылдары тұрған. Қыстауы, көбінің егін жайы болыпты. “Табинка” деген қалашық сол кездің куәсі – табын руының жері, Торғай, Тоғызақ, Үй т.б. өзендер “Жабық Қарағай” сияқты ормандар Алшын ұлысының ежелгі қонысы еді. Табиғаты қатал болғанмен Орал тауы сілемдері, Қарталы маңы егін мен малға қолайлы болды. Жазда қоңыр салқын, жаңбырлы қыста қары көп еді. Қазақ Ресейге бодан болғасын жеріненде, басынанда билік кетеді. Шекара деп жағалай бекіністер салады, олар әскери линияға айналып, Орал, Орынбор казак әскерлері құралып, шекара күзетіп, әрі отарлаушы, жазалаушы қарулы күш болады.
Дешті Қыпшақ даласы орта ғасырда қалалары көп, қолөнер кәсібі дамыған, сауда жолындағы қатардағы өлке еді. Оған Қарашығанақтағы “Қырық оба” көмбесі, Теке қаласы қасындағы Шакафни көмбесі т.б. куә. Бұларда кірпіш заводының, моншаның, су ағатын бақша, бау суаратын су құбырының, жеміс, жидек, зергерлік, ұсталық бұйымдардың қалдықтары табылған. Жайықта кей жер аттарыда сақталып, олда куә. Мысалы, “Шабдалжап”. “Шабдал” деп орысша “Персик”-ті айтады және бұл өркениеттілікті көрсетеді. Немесе Теке қаласы төрінде “курени” деген орын бар, ол монғұл сөзі – үй-жәй. Қазақ ондайды “Көрәнә” дейді. Қалалардағы үйлер күйдірген кірпіштен салынған және сондай кірпіш “курениде де” бар. Ал зергерлік бұйымның талай, бай түрлері бар. Егіншілікпен де бабаларымыз айналысыпты. Міне осындай өлке ел ішінде ауызбірлік кеткесін ыдырып, әлсіреп, басқыншының жемсауында кеткен. Бұл процесс әсіресе Ақназар хан өлгесін күшейген. Бірлігі жоқ ел қалмақтарға тосқауыл жасай алмай, шабындыға ғасыр бойы ұшырап, бала-шағасы басқыншының қорлығында, құлдығында кеткен. Қалалар қираған, ел босқан. Бұған қоса Орал казак әскері шапқылап, елді тоздырған, Ноғайды бостырған “Қазақ пен Ноғайдың айырылысқаны”, “Ел айырған” күйі осы ХҮІІғ. болған. Қазақ ойға-қырға қашып, тек мал өсірумен ғана шұғылданған. Ресей қазаққа қосымша бейнет, қасірет әкелді. ХҮІІІ-ғ. Кіші жүздің ішкі бірлігін, шаруашылық байланысын әлсірету, өз өктемдігін көрсетіп, казак әскери шапқыншылығын жүргізіп, өлкені казак отарлауы (казачья колонизация) болса, ХІХ - ғ. Империялық отарлау толық күшіне кіріп, Ресей өз үстемдігін орнатты. Ең алдымен Кіші жүз жері қазынанікі, ақ патшанікі деп жарияланды. Жер бетінің, астының байлығы қазынанікі болды. Қазақ өндіріспен шұғылдануға қалі болмады, өзендер мен теңізден балық алуауға, сордан тұз алуға. Түзтөбеден (Елек), Дендерден түз, орманынан ағаш алуға, егін егуге, үй тұрғызып, қоныс тұрғызуға тиым салынды. Шекаарадан қашықта ғана бақша өсіріп, қақыра салу, қыстау мал қора салу сақталған. Ал оларды ОКӘ-і білсе түрлі сылтаумен қиратып отырған. Бұндай фактыларды патша, Совет авторларының көбі жасырып, жазбай, Ресейдің Кіші жүзге “прогрессивтік” ықпалы болды дейді. Экономикасы жаңа тұрғыда дамыды - деп бөседі. Содайдың бірі Н.Г.Аполлова Орынбор губернаторлары ХҮІІІ-ғ. Кіші жүзде егіншілікпен айналысуына ықпал жасады дейді. (26). Қандай көмегі болғанын атамайды. 1797ж. күзде ОКӘ атаманы Донсков әскери команда мен Жайықтың шығыс (Бұқар) жағындағы Кердері руының егіншілер аулына келіп. 2 қазақ малымызды ұрлап кетті, соларды іздеп келдік, - деген. Егіншілер біз ондаймен шұғылданбаймыз және оған мүмкіндігіміз (көлігіміз) жоқ, - деп сендіреді. Донсков командасы мен асып кетеді де, бір тобы келіп, әлгі ауылды талап, 18 кісіні өлтіріп, 2 тұтқындап, ойран салып әкетеді. (27: ). Шаруалар губернатор Бахметовке болған оқиғаны баяндап еді, еш нәтиже болмады, талаған дүние, малды қайтармады. Егіншілер қонысын тастап, жан-жаққа босып кетеді. Егін еккеннің көрер күні осы. Жайықтан әрі-бері өтуге, балық аулауға, мал суаруға болмайды, балықты шошытасың! Бір бекіре ұстағаны үшін Шапай деген жігітті жауапқа тартты. Жаза әр түрлі, 25-50 рет дүре соғу, көлік, мүлкін тартып алу, жер аудару т.б. ОКӘ-ң озбырлығы шексіз болған. Жайықтың шығыс жағын өз еркімен иеленіп, шөп шауып пішенін үйіп қарауылсыз тастап, кейін “пішеніме мал түсті” ұрлады”, - деп айып тағып ақша, мал өндіру “кәсіпке” айналған. Қазақ ауылдарын аралап, тіміскілеп жүрген, егерде бір үйден бір тал ағаш көрінсе, орманнан ағаш ұрладың деп айыптап, өндірген. Немесе Мақамбетті 3-4 жолдасымен, “Жайықтан өтпек болды” деп ұстап Князь қала абақтысына жапқан. Бұндай сорақылықтар көп, қайсы бірін тізе бересің. Мақамбет осының бәрін көріп, естіп өскен.
Мал өсірудің азабы көпте, пайдасы әр жанұя қажетін өтемейді. Малды, оның өнімін сатқанмен одан түскен ақша азық-түлік, киім-кешек, үй іші бұйымы, шаруашылық құралдарын сатып алуға жетіспейді екен. Тек байлар ғана киімі бүтін, тамағы тоқ, шаруасы мығым болған. Онда да бай құдіретті ауа райына, саяси жағдайға байланысты. Бай көп малға пішенді шалғы орақпен жеткілікті дайындай алмаған, шөп өнімі аз. Тек аз ғана сауын малымен төлге, көлікке жетерлік пішен жиған. Қалған малды қысы, жазы жайылыста ұстаған. Көп мал қырдағы сирек шөпті тез тауысатын болғасын, жазда мал бір орында 7-10 күннен соң көше берген. Әр ру аылының тарихи қалыптасқан қыстау орны, жайлауы, көшу жолы, құдықтары, жазғы орындары болған. Мысалы, Адай, Табын т.б. ру ауылдары Жем, Сағыз сағасынан Қостанайға қарай көктем басталарда көшіп, жазда Торғай, Жем, Тобыл, Тоғызақ т.б. өзендер бастауында тұрған. Бай малшы жалдап, өзі ауанымен жәйләп жылжып, бабымен көшкен. Көшуді әр қызық, думанды өткізуге тырысқан. Қариялар адайдың Құлсары байы (қазіргі Құлсары қаласы орнының иесі. И.К.) қыстауынан қозғалып жолай қыдырып, Ақұшан, Алатау т.б. мекендерге қона түстене жүріп, бойжеткен Қызданай, Төремұрат ауылдарында қонақтағанын айтар еді. Одан Үш Бөкенбай жағына, Мұғалжар жағына көшкен. Оңтүстікке, Үстірт қыратында, Шың тауында кедейлер тұрған. Көше алмаған өзендер мен көлдер маңында қақыра салып, бақша салған, аң аулап, балық ұстап Арал теңізі жағалауында күнелткен. Халықтың бұл тобының тұрмысының өте нашар екенін Е.П.Ковалевский т.б. жазған.
Көш жолшыбай саудасын жасап, киімін, құралдарын оңдап, баласын оқытып, тойын жасап, қаліпті өмірін өткізген. Негізгі сауда Ресей шекарасына жақындағанда жасалған. Орынбор, Орск, Тобыл, Қосатанай базарларында мал, мал өнімдерін (тері, жүн, киіз, алаша, май), ағаштан, металдан көмір, құрал-жабдық, мата, киім, ағаш т.б. сатып алған. Сондай-ақ шай, секермен, бау-бақша өнімдерін алған.
Жайылым, шабындық, суат жетпеген. Бұл мұқтаждық ауылдар мен рулар арасында талас туғызып, аяғы дауға, барымтаға айналған. Жоғарыда біз атаған тақыр, жартылай шөлейіт жерлер көп болса да мал асырауға жетпеген. Жайылым көлемі жылдан-жылға азая берген. Бұған ауа райының тұрақсыздығы, жиі болатын қуаңшылық жұт әкеліп, мал саны күрт кеміп, адам шығынын көбейткен. Бұл жәй шаруалар арасында түрлі жағымсыз қылықтар туғызып, наразылық өршіген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет