Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы



бет1/7
Дата14.10.2022
өлшемі41,66 Kb.
#152951
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
blum-taksonomiyasy


Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы
Смагулова Марал Елтайқызы
№ 5 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған Республиканың « Білім туралы» Заңында «әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:

  1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.(топтау,бақылау, қалыптастыру)

  2. Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру

  3. Оқушы потенциалына сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату

  4. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, саабақты шығармашылықпен өткізу қажет.

Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге,
оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты.Олай болса, Ж.Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім» деген екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.
Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – іс-әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды.
Осы шығармашылық деңгейге жету үшін американдық ғалым Б.Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін сабағымда пайдалануды жөн көрдім.
Блум таксономиясы” кестесі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет