«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты



бет9/24
Дата04.11.2016
өлшемі6,67 Mb.
#330
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

«Қ». кезіндегі кеңестік ірі мәдени ошақтар – «Росконцерт», Москонцерт, «Укрконцерт»  сияқты үлкен ордалардың бірі болып, халыққа қалтқысыз мәдени қызмет етті. Алғашқы жылдары дәстүрлі музыка кештері мен эстрадалық жанрда концерттер ұйымдастырып, драмалық қойылымдар көрсете бастаған «Қ». республикамыздың облыс филармонияларына да Бас концерттiк мекеме болып, елімізді ән мен күйге бөлеп, төл өнерімізді насихаттай алды. «Қ» бiрлестiгiнiң бірінші директорлығына Г. И. Вайсман  тағайындалды.


Концерттік мекеменің атын шығарған сахна иелерінің саны да  республикамыздағы басқа мәдени мекемелерге қарағанда едәуір жоғары. Атап айтсақ, 2 КСРО халық артисі, 1 Халық Қаһарманы,  7 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 28 Қазақстанның халық артисі, 20 шақты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 30–дан аса Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 17 Мәдениет қайраткері, 50–ге жуық әр түрлі байқаулардың лауреаттары еңбек еткен. Бұған шығармашылық өмірін ауыл жұртшылығына арнап, тек жергілікті жердің алғыс қағаздарымен ғана шектелген 20 шақты концерттік бригадалардағы және эстрадалы ансамбльдердегі еңбек ардагерлерін қоса айтуға болады. «Қ.» бірлестігінің республикамыздың облыс филармонияларына да Бас концерттiк мекеме болғандығының арқасында Қазақстан халқы Ресейдің Үлкен және Кіші театрын, Хореографиялық «Березка» ансамблін, С. Образцовтың қуыршақ театрын, Өзбекстанның «Ялласының» және т.б. да мәдени шаралардың куәсі болып, шетел өнерін  тамашалай алды.

2006 жылдан бастап «Қазақ әуендері» АҚ–ның қамқорлығына өтіп, «Қазаққонцерт» Концерттік бірлестігі болып өзгертілді. 50 жыл ішінде республикамыздың және ТМД–ның барлық аймақтарын әуенге бөлеп, өркениетті 50 елдің алдында өнер көрсеткен үлкен ұжым 2010 жылдың 12–қарашасында «Қ.–ке 50 жыл» мерейтойын атап өтті және үн таспасы мен кітабі жарық көрді.



ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫ (ҚХА) – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1–наурызда құрылған.

ҚХА–ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс–тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея:мәдени–ағартушылық – тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт–дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік – қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;

Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым–қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.

Ассамблеяның 380–нен аса мүшесі бар. ҚХА–на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық–мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА–ның төрағасы – ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық–мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай–ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.

ҚХА–н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1–форумында ұсынды. Ассамблея өзінің он бес жылдан аса тарихында 17 сессия өткізіп, аталған шараларда қоғам өміріндегі маңызды мәселелер мен мемлекет дамуындағы негізгі бағыттар талқыланды. ҚХА Қазақстандада өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп оқушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми–практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.

Бұл ерекше институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен сындарлы дамыту мақсатына айтулы үлес қосты. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық  құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800–ден асады, оның ішінде 28–і республикалық. 15 тілде газет–журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно–білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді.

Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде.


«ҚАЗАҚФИЛЬМ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ – Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм акционерлік қоғамы – 1934 жылы «Алматы кинохроника студиясы» атауымен құрылды. 1941 – 1944 жылы Алматы көркемфильмдер киностудиясы көшіп келген «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен қоса Бірлескен орталық киностудиялар (ЦОКС) құрамына кірді. Соғыс жылдары ЦОКС–та КСРО фильмдерінің 80%–ы түсірілген. 1944 жылғы 25 қаңтарда Алматы киностудиясы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы болып қайта аталды. 1960 жылғы 9 қаңтарда Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта аталды.

1963 жылғы 8–9 қаңтарда Қазақстан кинематографтары одағының Бірінші Құрылтай съезді өткізілді, бірінші хатшы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды. 1963 жылғы 28 мамырда Қазақ КСР–нің Мемкино – кинематографиясы бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік Комитеті құрылды (1963–1988). 1967 жылы Қазақстанда мультипликациялық фильмдер көрсетіле бастады. 1984 жыл – «Қ.» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы). 2000 жылғы 28 мамыр – Ш.Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, Қазкинопрокат және Мемфильмқоры бірігу жолымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып құрылды. 2005 жылғы 6 маусымдағы N 563 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы» болып қайта құрылды.

Студияның алғашқы туындысы М. Әуезовтың сценарийі бойынша қойылған «Абай әні» (режисер Г. Рошаль, Е. Арон) фильмі болды. «Қ.–нің» қалыптасып, өркен жайып өсуіне Ш.Айманов, М. Бегалин, С. Қожықов, О. Әбішев сияқты белгілі киноөнер қайраткерлерінің қосқан үлестері елеулі. 1953 – 1970 жылы Айманов студияның көркемдік жағын басқарды. «Махаббат туралы дастан» (реж. Айманов, К. Гаккель), «Жамбыл» (реж. Е. Дзиган), «Ел басына күн туса» (реж. М.Бегалин) т.б. фильмдер қойылды. «Қ.–де» ұлттық кино өнерінің қайталанбас туындылары «Атамекен», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры», «Мәншүк туралы ән», «Қыз–Жібек» т.б. фильмдер түсірілді. Кинохроника, деректі және ғылыми–көпшілік фильмдермен қатар анимациялық фильмдер де түсірілді. Қазақ анимациясының негізін салушы Ә. Қайдаров «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген мультфильмін түсірді (1967). «Қ.–де» 70 жыл ішінде 228 толықметражды және 70 қысқаметражды көркем фильмдер, 1133 деректі және 139 анимациялық фильмдер түсіріліп, 1000–нан астам шет ел және ТМД елдерінің фильмдері қазақ тіліне аударылды. 1990 жылдан бастап «Қ.» киностудиясы Франция, Жапония, Ресей сияқты елдердің киностудияларымен бірлесіп фильмдер түсіріп келеді. Сондай «Нәзік жүрек», «Ақсуат», «Фара» т.б. фильмдер халықаралық кинофестивальдердің жүлделерін иеленді, шет елдерде кеңінен жарнамаланып, көрсетілді. «Қ.» павильондарында «Тоғысқан тағдырлар», «Саранча» («Шегіртке») секілді телевизиялық көп сериалы фильмдер түсірілді. 2003 жылы «Қазақфильм» киностудиясында «Көшпенділер» (сценарийдің авторы Р. Ибрагимов, режиссерлері И. Пассер, Т. Теменов), «Сардар» (сценарийдің авторы О. Агишев, режисер Б. Қалымбетов), «Ащы көлдің жағасында» (сценарийдің авторы И. Вовненко, режиссер А. Әшімов), «Аңшының отбасы» (сценарийдің авторы және реж. С. Апырымов) т.б. фильмдері түсірілді. Соңғы жылдар ішінде түсірілген Фархат Шәріповтың «Алқызыл қоян туралы хикая», Ақан Сатаевтың «Ликвидатор», Рүстем Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны», Қанағат Мұстафиннің «Секіріс», Ержан Рүстембеков пен Александр Черняевтың «Махаббат тәлкегі» сияқты фильмдер жарыққа шықты. «Қ.» аумағында (19 га) 2 павильонды киноға түсіру ғимараты, сол сияқты декоративтік–техникалық құрылыстар, дыбыс студиясы, өндірістік–лабораториялық құрылыстар орналасқан.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ – Қазақстан мемлекетінің Ата заңы1995 жылы 30 тамызда қабылданған

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа К. қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл К–ның 1993 жылғы К–дан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа К–ға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы – Сенат, төменгі палаталы – Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Ата заң қабылданған күн демалыс – мемлекеттік мереке – ҚР К–ның күнi деп жарияланды. Бұл жаңа К. Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР–ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi К.–ның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан–жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай–ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған. ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет