Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Таттибаев К.М. 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана –Учебно-практическое пособие,.-Алматы: ТОО «Издательство: Экономика», 2011 г. 110 стр.
2. Бралиева Н.Б., Тимошенко В.Ф., Гагарина Н.Л. “Информационные системы в бизнесе”. Алматы, 2012 г.
3. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в программе “1С: Бухгалтерия”.-М.: Компьютер пресс, 2012
Лекция 5. Кадрлар есебі. Қызметкерді жұмысқа қабылдау
Лекцияның мақсаты:«1С:Бухгалтерия» бағдарламасында қызметкерлер туралы мәліметтер есебін жүргізуге «Қызметкерлер» анықтамалығымен таныстыру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: бұйрық, жалақы, кадрлық құжаттар, зейнетақы, есептелген табыс, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар.
1. «1С:Бухгалтерия» бағдарламасында қызметкерлер туралы мәліметтер есебін жүргізуге «Қызметкерлер» анықтамалығы арналған.
«Қызметкерлер» анықтамалығының көптеген деректемелері кезеңдік болғандықтан, анықтамалықпен жұмысты өте мұқият жасау қажет. Осыған байланысты типтік конфигурацияға «Қызметкерлер» анықтамалығына қызмет көрсету үшін арналған құжаттар жиынтығы енгізілген.
Оларға:
Кадрлар есебі бойынша барлық құжаттар бағдарламаның Бас менюіндегі «Журналдар/Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық құжаттар» журналында топтастырылады. «Қызметкерлер» анықтамалығына жаңа қызметкерді енгізу үшін типтік конфигурациядағы «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық» құжаты арналған.
Құжатты төмендегідей әдістермен қалыптастыруға болады:
«Құжаттар/ Еңбекақы және кардлар» менюіндегі «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық» пункті арқылы немесе
Құжаттың закладкалары «Қызметкерлер» анықтамалығындағы элемент нысандары мен бірдей болады.
Құжаттың закладкаларына барлық қажетті ақпаратты негізгеннен кейін, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты қалыптастырып, оны басып шығару керек және құжатты сақтап ол бойынша бухгалтерлік жазбаларды қалыптастыру керек (ОК түймесі).
Құжат бойынша бухгалтерлік жазбалар қалыптасқан кезде құжаттағы қызметкер туралы ақпараттар «Қызметкерлер» анықтамалығына көшеді.
Осы құжат закладкаларындағы мәліметтерді енгізу барысында кейбір ерекшеліктерді қарастырайық.
«Жалпы мәлімет» (Общие) закладкасында мына мәліметтер көрсетіледі: бұйрықтың нөмері мен датасы, жұмысқа қабылдау датасы, қызметкерлердің толық аты-жөні, лауазымы, бөлімшесі және бұйрықтың тексті.
«Аты-жөні» (ФИО) деректемесінде жұмысқа қабылданушының толық тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Бұл деректемені толтыру кезінде кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің тізімі көрсетілген «Қызметкерлер»
анықтамалығы ашылады. Осы тізімге жаңа қызметкерді енгізу үшін «Действия» менюіндегі «Жаңа» пунктін таңдап немесе Ins түймесін басу арқылы, жұмысқа қабылданушының тегі, аты және әкесінің атын жазу керек.
Құжаттың қалған деректемелерін толтыру тәртібі «Қызметкерлер» анықтамалығының сәйкесінше деректемелерін толтырумен бірдей.
Диалогтық терезеде төмендегідей түймелер орналасқан:
«Жазу» (Записать)- нысанда жаппай өзгерістерді жазу үшін.
«Баспа» (Печать) – құжаттардың баспалық нысанын қалыптастыру үшін
«ОК» - нысанды жаба отырып, құжатты журналда сақтау
«Жабу» (Закрыть)- құжатты енгізуден немесе жасалған өзгерістерден бас тарту үшін
«Іс-әрекеттер» (Действия) – белгілі бір құжат негізінде «Негіз бойынша енгізу», «Құжаттар қозғалысы» есеп беруін баспаға шығару, «Бағыныштылық құрылымы» немесе «Журналдан ашу» есеп берулерін баспаға шығару құжаттарымен іс-әрекеттер орындау үшін
2. «Қызметкерлер» анықтамалығының карточкасына қызметкердің бұрыңғы жұмыс орнындағы еңбекақыны есептеу, жеке табыс салығын ұстау және зейнетақы жарналарын аудару туралы: мәліметтерді енгізу үшін типтік конфигурацияда «Бұрыңғы жұмыс орнынан анықтама» құжаты арналған.
Құжатты төмендегі әдістер арқылы қалыптастыруға болады:
«Құжаттар/Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Алдыңғы жұмыс орнынан анықтама» пункті немесе
«Журналдар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық құжаттар» пунктінің «Жаңа» (Новый) бұйрығы немесе
«Қызметкерлер» анықтамалығы тізіміндегі «Алдындағы жұмыс орнынан анықтама» түймесі
Құжатты толтыру кезінде «Қызметкерлер» деректемесінде алдыңғы жұмыс орнынан анықтама әкелген кәсіпорын жұмысшысы көрсетілуі тиіс. Құжаттың кестелік бөлігінде төмендегілер көрсетілуі тиіс:
«Есептелген табыс» - салықтық кезеңнің сәйкесінше айына есептелген табыс сомасы;
«Салық салынбайтын табыс» - ҚР салық заңнамасы бойынша «Есептелген табыс» бағанындағы сәйкесінше айдағы салық салуға жатпайтын сома;
«Зейнетақы жарналары» бағанында – салық кезеңінің сәйкес айы үшін зейнетақы заңнамасына сәйкес анықталатын міндетті зейнетақы сомалары;
«Шегерімдер» бағанында – салық заңнамасына сәйкес салықтық шегерімдер сомасы.
«Табыс салығы» бағанында алдыңғы жұмыс орнында есептелген табыс салығының сомасы;
«Әлеуметтік салықпен қоса салық салынатын табыс» бағанында салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық салуға жататын табыс табыс сомасы, ол есептелген табыс пен зейнетақы жарналары, сондай-ақ әлеуметтік салық салуға жатпайтын сома арасындағы айырма ретінде анықталады.
«Әлеуметтік салық» бағанында ҚР Салық заңдылықтарына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы;
«Әлеуметтік аударымдар» бағанында - әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорына аударылатын әлеуметтік аударымдар сомасы;
«Жеңілдіктер сомасы» деректемесінде табыс салығы бойынша берілген жеңілдіктер сомасы көрсетіледі.
Құжатта кестелік бөлікті салық кезеңінің айлары бойынша сервистік мүмкіндік ретінде «Толтыру» (Заполнить) анықтамасы-түймесі арналған.
3. Қызметкерлердің кезеңдік деректемелерінің мәнін өзгерту үшін типтік конфигурацияда «Кадрлық өзгерістер туралы бұйрық» құжаты арналған. Оны мына жағдайда қолдану керек:
- жұмысшыны немесе қызметкерді бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстырғанда;
- қарауындағы (иждивенец) санының немесе табысынан шегерімдер түрлерінің өзгеруі кезінде;
- «Штаттағы жұмысшы» деректемесі өзгергенде;
- қызметкерлердің лауазымы өзгергенде;
- оның тарифтік мөлшерлемесі өзгергенде;
- ЖЗҚ өзгергенде.
Құжатты қалыптастыру үшін мына іс-әрекеттердің бірін орындау қажет:
«Құжаттар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық өзгерістер туралы бұйрық» пункті немесе
Құжат нысанында тек қана өзгертілген деректемелер үшін ғана жаңа мәндерді көрсету қажет.
Өзгерістерді енгізгеннен кейін құжатты жасап, баспаға шығару қажет, сондай-ақ оны сақтап, бухгалтерлік жазбаны қалыптастыру керек. («ОК» түймесі).
4. Жалақыны бәріне немесе қандай да бір топ қызметкерлеріне өзгерту қажет болғанда типтік конфигурацияда «Жалақының өзгеруі туралы бұйрық» құжаты арналған.
Құжатты мына әдістер арқылы қалыптастыруға болады:
«Құжаттар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Жалақының өзгеруі туралы бұйрық» пункті немесе
Құжаттың датасын енгізу бөлігіне қызметкерлерге жаңа жалақы белгіленген күн қойылады. Элементті құжаттың кестелік бөлігіне енгізу үшін Insert түймесін пайдалануға болады.
Егер жалақы бәріне немесе немесе қызметкердің көбісіне өзгертілсе, онда «Толтыру» (Заполнить) түймесін қолдануға болады. Сол кезде кестелік бөлікке ағымдағы еңбекақысының сомасы көрсетілген қызметкерлердің тізімімен толтырылады.
Толтырып болғаннан кейін құжатты сақтап, ол бойынша бухгалтерлік жазбаны қалыптастыру керек («ОК» түймесі). Құжатта көрсетілген барлық қызметкерлер үшін «Қызметкерлер» анықтамалығының «Оклад» деректемесіне жаңа мән жазылады.
5. Жұмысшымен еңбек қатынасын тоқтату жұмыстан шығу туралы бұйрықпен рәсімделеді.
Бұл бұйрықты қалыптастыру үшін типтік конфигурацияда «Жұмыстан шығу туралы бұйрық» құжаты қарастырылған.
Құжатты мына әдістер арқылы қалыптастыруға болады:
«Құжаттар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Жұмыстан шығу туралы бұйрық» пункті немесе
«Журналдар/ Еңбекақы және кадрлар» менюіндегі «Кадрлық құжаттар» пунктінің «Жаңа» бұйрығы
Енгізу нысанында бұйрықтың номері мен датасын, жұмыстан шығу датасын және жұмыстан шығатын қызметкерлердің аты-жөнін таңдау қажет.
Содан кейін жұмыстан шығу туралы бұйрықты жасап, баспаға шығарып, құжатты сақтап, ол бойынша бухгалтерлік жазбаларды қалыптастыру керек («ОК түймесі»).
Құжат бойынша жазбаны қалыптастырғанда жұмыстан шығу датасы «Қызметкерлер» анықтамалығында белгіленген қызметкерлердің «Жұмыстан шығу мерзімі» деректемесіне толтырылады.