Д. П. Қожамжарова, Р. Н. Темірбекова бауыржантануға кіріспе



бет5/11
Дата31.12.2019
өлшемі0,93 Mb.
#54012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тәртіп – қарамағындағылардың барлық күш-қуатын ортақ парыз негізінде біріктіру. Жауынгерлік сезімді саналы түрде түсінуге солдаттың бойында қызметтік міндеттерін өте жақсы орындап шығып көзге түссем деген ынталылықты ішкі жинақылықтың белгісі болып табылатын жайдарылығымен, сергектілігімен, күш-қуатының артуымен, ұқыптылығымен ар-намысты, абыройды жоғары ұстаудың белгісі болып табылатын сырттай мұнтаздайлығымен, парызға адалдықтың белгісі болып табылатын биязылығымен, ілтипатты-лықтың белгісі болып табылатын шешімталдықтың белгісі болып табылатын қызбалығымен, батылдықтың белгісі болып табылатын албырттылығымен, ерік-жігерлілігі мен табандылығының белгісі болып табылатын қайсарлығымен, сүйіспеншілік пен абыройлықтың белгісі табылатын намысқорлығымен ұштастыра, жетілдіре тәрбиелеу шарт.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Бауыржан Момышұлының ақыл, ерік, сезім және ар туралы түсініктемелерін талдаңдар.

  1. Ақыл – таниды, анықтайды, тапсырма береді, жоспарлайды, іс-қимылдың әдіс-тәсілдерін және мақсатқа жету жолдарын көрсетеді.

  2. Ерік – құралдарды іс-әрекетке, қимылға келтіреді, бұйрық, жарлықты орындайды, күш-қуатты демейді, яғни ерік дегеніміз, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттілігі мен қабылдаған шешімді тәжірибе жүзінде асыру қабілеттілігінің үйлесімдігі.

  3. Сезім – пайдалы қызметті арттырады, еңбек өнімділігін жоғары шегіне немесе құлдырауға, іс-әрекетсіздікке дейін көтереді немесе төмендетеді.

  4. Ар – парыздың қаншалықты дәрежеде орындалғанын таразыға салады, көңіл күйі адамның қызметіне қозғау салып, оятады – соның әсерінен бойындағы күш-қуат артып немесе кемиді, сергектік (мақтаныш), орындалған парыз немесе орындалмай қалған парыз үшін жанды жегідей жеген ұяттан азап шегіп, мұң басып, ұнжырғасының түсуін саналы түрде түсінеді.

13-14-сабақтар

ТӨМЕНГІ СЕЗІМДЕР
Жасық жан ержүрек бола алмайды.

Бауыржан Момышұлы
Тапсырма: Мәтінді оқып, төменгі сезімдерге сипаттама беріңдер.
Төменгі сезімдер:

Қорқыныш

Опасыздық

Зерігу мен селқостық

Күншілдік

Үрей және тағы басқа.

Қорқыныш дегеніміз не?

Бұл сұрақ белгілі бір дәрежеде проблемалық сұрақ та.

Қорықпайтын адам жер бетінде жоқ. Қорқыныш тірі нәрселердің бәріне, тек адам мен жан-жануарларға ғана емес, сонымен бірге тіпті өсімдіктерге де тән. Қалай болғанда да, жүзден аса ұрысты бастан өткізген екі жарым жылдың ішінде, әлі де бір қорықпайтын адамды кездестірген емеспін. Өлім қаупін сезінген бірде-бір жан қорқынышсыз арпалысуға бармайды, бірақ бұл қорықпаушылық деген сөз емес. Қорқынышты әрбір адам өмірде талай-талай басынан өткізеді. Қорқыныш бар, бірақ оны мәжбүр ету жолымен жеңуге болады.

Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.



Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың. Әңгіме мынада, бұл өзін-өзі сақтау инстинктінің екі жағы бар: бірінші – адам өзін-өзі сақтау үшін қашады, екіншісі – адам осындай мақсатпен шабуыл жасап қорғанады.

Қорқынышты әрбір адам көп-көптеген рет басынан өткізді. Қорқыныш сезімі аяғыңды артқа тартады немесе қорғасындай ауыр салмақпен жерге жабыстыра түседі, болмаса шинелдің етегінен жабысып, ілгері жібермейді. Қолың талып, әл кетіп, саусақтарың шүріппені басуға келмейді, көз шарасынан шығып, қарауылға алып, нысанына көздеу түгілі қараудан да қорқады. Буындары дірілдеп, тізесі қалтырайды. Өкпесі ауа жетпей алқынады. Кеудеңде жүрегің дүрс-дүрс соғады, түсі қашып, өңі сұп-сұр болып кетеді. Жүйкесі шегіне жете ширығады: мұның бәрі қашу керек, құтылу қажет дегенді білдіреді.

Сен адамсың! Сен азаматсың! Сен ұят, масқара болу, опасыздық сезімі бар – сенде жеке бастың асыл абыройы, өз отбасының абыройы, өз ұлтына деген мақтаныш – парыз сезімі бар. Сен жалғыз емессің, бұл ауыртпалық сенің жалғыз өзіңе ғана түсіп тұрған жоқ, жаныңда өзіңнің отандастарың, сенің қарулас жолдастарың бар, олар сенен кем емес, сен сияқты, бұлар да өмір сүргісі келеді.

Ойланшы! Егер сен бұқпантайлап қаша жөнелсең, онда өз замандасыңның алдында масқара боласың, лағнет қарғыс айтады, жұрттың бәрі сенен сырт айналады: сенен әке-шешең де сатқын ретінде безініп, беті күйіп көршілерінің жүзіне қарай алмайтын болады. Әйелің де бір жола сенен безініп, саған өзіңнің жүрек сырын ашқан бақытсыз күнді шерлі көңілмен еске алатын болады. Сенің сүйікті балаларың да безініп, мына барлық бақытсыз балалардың ішінде ең бақытсызы болмақ. Олар сенің фамилияңды алып жүруге ұялып, өздерінің әкесінің кім болғанын жасыратын болады. Өзіңнің қайғыңды, қиындығыңды, қауіп-қатеріңді бөліскің келмейтін жолдастарың, жерлестерің де бір жола сырт береді. Егер сені ұстап алатын болса – онда сатқын, опасыз адам ретінде атып тастайды, әділ түрде масқаралап, сенің қаныңмен коллективтің масқара болған күнәсін жуады. Саған өмірде ешкім сыйға тартпайды, оны өзің күресіп жеңіп аласың. Абыройыңды жоғалтпа.



Үрей – қиыншылық, қайғы – қасірет, жапа шегуді және басқа да жағымсыз нәрселерді күтуге байланысты туатын сезім.

Зәресі, үрейі ұшу – дегеніміз адам бойындағы қорқыныш сезімінің кейіннен үдей күшейе түсуі, қорқыныш сезімі ойламаған жерден, қауырт туып, сана-сезімді билеп алады, адам бір орында қаққан қазықтай қалшиып қалады, оның денесінің бәрі жансызданып қалғандай – жүйкесі босап, бұлшық еттерінің әл-дәрмені кетіп, тірі өлікке айналғандай, былайша айтқанда, адамның ішкі «мені» толық түрде бейберекетсіздікке ұшырайды.

Сасу – тобырға қорқыныштың таралуы. Үрей, қорқыныш, зәресі, үрейі ұшу, сасу өзін-өзі сақтау инстинктінің көлеңкелі жақтарынан, бір қалыпты әрі қауіпсіз тіршілікті аңсаудан туады.

Зерігу – ақыл-ойдың қызығушылығының болмауы, қабілеттің аздығы, қызметтің әлсіздігі осыдан келіп пайда болады. Зерігу қызмет орнына, табиғаты келмейтін жұмысқа бейімділігіне, қабілетіне қарамай тағайындай салушылықтан келіп туады. Халық «Қарғаны баптағанмен бүркіт болмас», «Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл», «Әркім өз жөнін білгені жақсы» деп бекер айтпаған. Әр уақытта адамның туа біткен қабілеттілігін, табиғи дарындылығын және қызметтік талаппен байланысты тууы мүмкін қайшылықтарды орғытып кеткен жөн.

Селқостық – негізінен зерігудің бір түрі, ойлаудың тиянақсыз-дығы, айқын еместігі, құбылысты байыпсыз қабылдаушылық; осыдан оның салдары енжарлық, қызметтік әлсіздік туады.

Армандаушылық – жүзеге аспайтын нәрселерді ойлану, дегенмен бұл адам бойындағы күшті құштарлық. Соғыста армандаушылық көбінесе нақты міндеттерді шешуде творчестволық жолға итермелейтін қозғаушы күш.

Күншілдік – басқа адамның басымдығын және өзінің әлсіздігі мен түкке шамасы келмейтіндігін түсіну. Басқалардың тасының өрге домалау, күш-қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ материалдық игілігі күншілдік сезімін тудырады. Өйткені әркімге іс-әрекет етуге құлшыныс танытушылық, мен басқалардан кеммін бе деп өзін-өзі жоғары қоюшылық пен сенімділік тән. Достық қарым-қатынас әдебін сақтап «Жамандығын жасырып, жақсылығын асырудың» орнына «түймедейді түйедей етіп көрсетеді». Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады, немесе әскер тілімен айтқанда, сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамның тырнағына да тұрмайды.

Күншіл – әсіресе, армияда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол жаман адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім. Күншіл адам ыждағаттылық, әділдік пен берілгендік сияқты адамның жақсы қасиеттерінің арасында кикілжің, іріткі салады. Сондықтан да мен «Ерлік елеусіз қалмасын. Олжа – елге сауға, атақ – ерге сауға» деп жазып едім.

Күншіл кісі, әдетте атақ, данқ, шен құмар, мақтаншақ келеді.



Мақтан сүйгіш – алғашқы мағынасы абыройды, ар – намысты құрметтеу әрі ерік – жігердің қозғаушы күші деген ұғымды білдірген, жағымсыз ұғымда – атақ, даңққа жөнсіз ұмтылуды білдіреді. Сый – құрметке, атақ даңққа, адамгершілікке жатпайтын, ойдан шығарылған жалған жымысқы әркетпен, шын мәнінде болған жайды өсіріп, өзінің еңбегі етіп көрсетуге ұмтылушылық.

Ерік – қозғаушы күш ретінде адам қызметінің негізін құрайды, жеке адам ерік – жігерін жалпы күшке біріктіре отырып, қарамағындағы адамдардың еркін бастықтардың еркіне яғни мойын ұсынушылардың еркін әмір етушілердің еркіне табиғи түрде тәуелді ете отырып дамып, көрініс табады. Қарамағындағы адамдардың еркін аға бастық өз еркіне бағындырып, ортақ мақсатқа бағыттайды.

Ынтасыздық – әр түрлі себептермен ерік-жігердің босаңсуы, жинақсыздығы, тұрақсыздығы.

Салақтық – істі аяғына жеткізуге дейін еріктің әлсіреуі, нашарлауы, божырауы.
Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Бауыржан Момышұлы адам бойында кездесетін төменгі сезімдерді қалай сипаттайды?

  2. Батыр бабамыз алға қойған мақсаттарға жетуге, сапалы білім алуға және еселі еңбек етуге кедергі келтіретін төменгі сезімдерді жоюдың қандай жолдарын ұсынады?

  3. Өз бойыңда кездесетін төменгі сезімдермен қалай күресесің?

15-сабақ

АДАМГЕРШІЛІК ПАРЫЗ
Адам бойындағы басты сезім-парыз

сезімін ұштап, тәрбиелеуқажет. Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты.

Бауыржан Момышұлы
Тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Парыз туралы айтылған қағидаларды әрқашан есте сақтап, оларды орындауға ұмтылыңдар.
Парыз – бұл орындалуға тиіс міндет пен әрекет. Парыз алға қойылған міндеттен туады, яғни міндет адамға парызды жүктейді, сондықтан да парыз бен міндет адамның қызмет әрекетінде әр түрлі. Халық: «Билік кімде болса, сұрау да содан» дейді. «Міндет адамға жауапкершілікті жүктейді». Егер бізді қоршаған табиғат пен жануарлар әлеміне тіл біткен болса, онда олар мүлдем әділ түрде дауыспен: «адамның қолына қыруар билік берілген, одан көбірек сұрағын, жаратушым!» – деген болар еді.

Парыз дегеніміз өзінің мағыналық аясына ақыл, сезім, ерік, абырой, ар – ождан, әділдік, шындық, махаббат тағы басқа да мәселе-лерді қамтып, оларға адамның қызмет аясындағы қайшы құбылыс-тарды қарама – қарсы қоятын ең жоғарғы интеллектуалдық ұғым.

Төменіректе парыз туралы толығырақ айту үшін алдымен мынандай анықтамаларға тоқтала кету қажет деп санаймын: парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

Ар – жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анықтайтын адамгершілік ұғымы. Бұл адамның қызметін оның ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғым түсінігіне байланысты реттейтін парыздың қаншалықты орындалған немесе орындалмағанын (осыдан келіп бірде сергектік, бірде жасушылық) анықтайтын, нені істеп неден бас тартуға тура келетінін көрсететін, көңіл-күйдің жайбарақаттығын білдіретін сезім.

Парыз сезімі, адамгершілік, жеке басының, ұлттың, отанның мақтанышы. Ұлттық игі дәстүрлер. Барлық халық пен барлық ұлт барлық ұлы тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Ұрыс жүргізуге тамаша нәрселерді жасауға дәстүрлер жоқ, ұрыс жүргізуге көмектесетін ұлттық дәстүрлер бар. Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты адам неге қабілетті болса соған, барлық ұлы және тамаша нәрселерге қабілетін арттыра түседі.
Парыздан мықты күш жоқ.

Парыздан нәзік сезім жоқ.

Парыздан қатал қазы жоқ..

Парыздан асқан қасиет жоқ.

Парыздан дана кемеңгер жоқ.

Парыздан жомарт сыйлық жоқ.

Парыздан түзу соқпақ жоқ.

Парыздан мөлдір тазалық жоқ.

Парыздан биік шың жоқ.

Парыздан мықты күш жоқ.

Парыз – сүйіспеншілікке шабыттандырушы.

Парыз – жан-тәнімен берілгендік негізі.

Парыз – арман мен даңқ шыңы.

Парыз – инабаттылық негізі.

Парыз – жан рухы, жүректердің жүрегі.

Парыз – сенімділік тірегі.

Парыз – ерлік рухы.

Парыз – ар-ождан іргетасы.

Парыз – абырой қорғаны.

Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ, әрі болмайды да.



Шындық – парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады. Өтірік – барып тұрған зиянды у.
Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Бауыржан Момышұлының адамгершілік парыз туралы филосо-фиялық пікірлерінің өмірлік маңызын өз ойларыңмен түсінді-ріңдер.

  2. «Парыз-абырой қорғаны».

«Парыз-сенімділік тірегі».

«Парыз-жан рухы».



«Парыздан жомарт сыйлық жоқ» тақырыптарында эссе жазыңдар.

  1. Парыз туралы берілген нақылдарды жаттап алыңдар.

16-сабақ

МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ
Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.

Бауыржан Момышұлы
Тапсырма: Мәтінді зейін оқып, мұражай экспонаттарымен мұқият танысыңыздар.
Көненің көзіндей, тарихтің өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап, жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау – ел алдындағы абыройлы міндет-тердің бірі. Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры,Халық қаһарманы, көрнекті жазушы, қазақ ұлтының біртуар данышпан перзенті Бауыржан Момышұлының ерлігін насихаттау және ұрпақтан-ұапаққа мұра ету мақсатымен батырдың кіндік қаны тамған қасиетті Жуалы топырағында, Қайрат ауылының шығыс жағында Баукеңнің жауынгерлік жолы мен жазушылық өміріне арналған мемориалдық мұражай салынған. Мұражай 1998 жылы 5 мамыр күні батырдың туылғанына 85 жыл толуына орай салтанатты түрде ашылған болатын. Мұражай алдына Бауыржан Момышұлының бюсті орнатылған. Батыр мұражайының композициясы ашылған кітап пен жазу қаламсабын бейнелейді. Мұражай жобасын сәулетшілер Талғат Жылысбаев пен Салауат Дембай жасаған.

Мұражайда Бауыржан Момышұлының Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерлігін баяндайтын мәліметтер мол жинақталған. Батырдың пайдаланған жеке заттары, әскери құралдары, жазған еңбектері, Бауыржан туралы басқа авторлардың кітаптары тағы басқа заттары қойылған. Дәлірек айтқанда, «Ел үшін аянба – ерлігіңе сын», «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет», «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, ақылыңа әдісіңді жолдас ет», «Ер жігіттің елі-ата-анасы, Отаны-өз үйі», «Отанға деген махаббат от басынан басталады», «Үлкенді ізетте, кішіңді күзетте» деген сынды батырдың өзі айтқан нақыл сөздерімен айдар берілген бөлімдерде Бауыржан Момышұлының отбасының суреттері қойылса, «Елсіз ер бола ма, Жұртсыз жігіт бола ма», «Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын», «Қарсыласқаннан дұшпан қаймығады», «Отан үшін отқа түс- күймейсің» деген бөлімдерінде оның майдан кезінде тұтынған заттары мен әскери құралдары жинақталған. Мұражай алдына орнатылған ұлы тұлғаның бюсті және мұражайға қойылған портреттері мен суреттері, пайдаланылған заттары мен құжаттары, түрлі бұйымдары мен сыйлықтары және басқа да көптеген тарихи-шежірелік жәдігерлері Бауыржанның өмір жолынан, қыры мен сыры мол ерліктерінен, әдеби бай рухани мұрасынан мол мағлұмат береді. Мұражай ашылған кезде онда 500-ге жуық жәдігерлер болса, бүгінде олардың саны 1500-ге жетіп отыр. Оның ішінде Баукең туралы «Ақиқат пен аңыз» деректі фильмі, «Ел басына күн туса» көркем фильмінің бейнетаспасы, туғанына 90 жыл толуына арналған альбомы, батырдың қолжазбалары, хаттары, отбасылык фотосуреттері, батырдың қолжазбалары, қарулас достарының фотосуреттері, әр жылдарда берілген медаль-ордендері, әскери киімдері, май шам, ыдыс-аяқтары, сыйға алған сағаты, ою үлгілері, сақал алғыш станогы бар. Бүгінде мұражай халықтың өз батырына деген үлкен сүйіспеншілігі мен аса зор құрметін айқындайтын үлкен бір тәрбие ордасына айналып отыр. Жыл санап мұражайға келіп, тәжім етушілер мен батырдың аңызға айналған мұраларымен танысуға ықылас білдірушілер саны арта түсуде. Мұражайға келген әрбір адам оның айтқан қанатты нақылдарынан тәлім алып, сақталған заттарына қарап, өзіндік ой түйеді. Мысалы, «Отан үшін отқа түс, күймейсің» – деген бөлімге Бауыржанның соғыста пайдаланған қару-жарақтары, гвардиялық белгісі, соғыс кезінде киген қалпағы, полковник кезіндегі папахасы, шинелі, етігі, майдан шебінде ұстаған әскери сөмкесі, 316-атқыштар дивизиясының майданда жүріп өткен жолының картасы, Жеңістің 40 жылдығына орай Панфиловшы батырларға берілген медальдар мен ордендер, майданна келген хаттары қойылған. Мұражайға келушілер Бауыржан Момышұлының жазу машинкасы мен үстелін, пайдаланған түрлі заттарын, сия сауытын қызыға тамашалайды. Мұражайдағы түрлі жәдігерлерді өз көзімен көрген адам Бауыржанның Отанын,жерін, елін қалай қорғағандығын еріксіз сезінеді. Бұл сезім әрбір қаны қазақ баласының Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына, еліне, жеріне деген көзқарасы қалыптасуына ықпал етумен қатар оны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелейді. Ал «Жуалылық батырлар», «Баукеңнің қарулас жерлестері», «Жерге тер төгіп,халқыңа қан төгіп қызмет ет», «Ерлік елеусіз қалмасын», «Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді», «Тарихтың түкпірінен сөз келгенде». «Ол жазушы болып екінші ерлік жасады» бөлімдерінде оның суреттері мен хаттары, жазған еңбектері және де ерен еңбегі үшін алған сыйлықтары орын алған.

Мұражайдың басқа бөлігінде батырдың майдан көрінісі туралы көптеген суреттері мен хаттары, Куба сапары, Жуалылық батыл жауынгерлер туралы көптеген деректі құжаттар, «От войнов Бауыржановцев» бөлімінде 28237-әскери бөлімінің сыйлықтары орын алған.

Бауыржан Момышұлының мұражайы қазіргі таңда үлкен мәдениет орталығы болумен қатар еліміздің тарихын, Баукеңдей тарихи тұлғаларын танытатын ұлттық тәрбие мектебі саналады. Бүгінде өмірге жолдама алған жас түлектер мен жас жұбайлар, азаматтық борышын өтеуге аттанатын жас сарбаздар, еңбек және соғыс ардагарлері, әскери қызметкерлер, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген ел ағалары мұражайға арнайы ат басын тіреп, батыр рухына тәжім етуді дәстүрге айналдырған. Келушілер арасынан шетелдік саяхатшыларды, еліміздің белгілі ғалымдары мен мемлекет қайраткерлерін де көптеп кездестіруге болады. Мұражайға жыл сайын ағылып келіп жататын туристер Бауыржан Момышұлының ерлігіне бас иіп, оның азаматтық рухын, патриоттық сезімін, жазушылық талантын, данышпандық нақыл сөздерін, әділдік пен шындық жолындағы қажымас қайратын ұрпақтан-ұрпаққа өнеге етеді. Болашақ ұрпақтың батыр Баукеңнен алар тағылымы орасан зор.

Жалпы Бауыржан Момышұлы мұражайы болашақ ұрпақты ерлік дәстүрге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мектебі болып табылады Бауыржан атамыздың халқын, дінін, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға шақыратын нақылдары жүректері қазақ деп соққан жалынды жастарды жігерлендіруде құндылығын ешқашан да жоғалтпайды....



17-сабақ

АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ

Ә. Нұршайықов
Ақбозат мінген қолбасшы атқа мініп жүре алмайтынға жуас та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді.

Бауыржан Момышұлы
Тапсырма: Батырдың атқа міну, ат тізгінін ұстау шеберлігіне мән беріңдер.
Мен Қиыр Шығысқа келгеннен кейін полктық батареяның басқару взводының командирі болып тағайындалдым. Ол кезде зеңбіректерді атқа жегіп сүйрейтінбіз. Ал қазақ үшін атқа міну- аспанда құс боп самғау екенін өзің де білесің ғой. Батареяға берілген көп жылқының ішінен мен өзіме сүттей әппақ, сүліктей жіңішке, екі құлағы тас төбесіне шаншылған, қаракөз атты таңдап алдым.Ақбоз атым айтулы жылқы болды.Ол желгенде желге мініп келе жатқандай желпінесің. Оның шабысын көлденеңнен қарағанда алыс орманға ат емес, ақ найза сүңгіп бара жатқандай әсер аласың.

Армияда спортқа ерекше мән беріледі. Мен ат спортымен де, жаяу спортпен де қатты шұғылданатынмын. Жалғыз мен ғана емес, менен әлдеқайда үлкен батальон, полк, дивизия командирлері де спортпен қабағат айналысатын. Ал менің спортшы ретінде атымды шығарған сол ақ боз ат болды.

Дивизияда бірнеше полк бар. Біздікі 306-шы полк болатын. Бір күні менің манежде Ақбоз атпен орғытып жүргенімді полковник Коваленко көріп қалып, қасына шақырды. Құйғытып жетіп бардым.

– Атты әскер ойындарының бәрін де білесің бе? – деді ол тізгінін жұлқып тықыршық атқан астымдағы Ақбоз ат пен маған кезек қарап.

– Үйрендім, жолдас полковник.

– Мылтықта мерген екеніңді білемін, ал қылыштан қалайсың? – деді белімдегі қылышты иегімен нұсқап.

– Оны да сілтеймін, жолдас полковник.

– Онда сені полктағы ат спорты командасының капитаны етіп тағайындаймын.

– Құп болады! – деп оң қолымды шекеме қойып, Ақбоз аттың тізгінін тартып қалып едім, ол аспанға тік қарғып, найзадай шаншыла қалды. Мұны атты әскерлердің тілінде «свечка» деп атайды.

Сөйтіп мен команда капитаны болдым. Барлық батальондардан таңдап жүріп, атымен отыз адам іріктеп алдым.Әскери әзірліктен кейін тынбастан әртүрлі жаттығулар жасаймыз. Оңды-солды қылыш сілтеп, бар пәрменімен шауып келе жатқан аттың екі жағына қадалған жас шыбықты шиқ-шиқ қиямыз. Неше алуан кедергілерден ат қарғытамыз. Кейбір кедергілерден секірткенде иманың қасым болады; не атың жалтарады, не өз жүрегің дауаламайды. Жаужүрек аттың үстінде жаужүрек жігіт қана отыруға тиіс. Ат спортының қағидасы осындай.

Бір күні Коваленко мені штабқа шақырып алды да:

– Дивизия бойынша аса жауапты жарыс өткізіледі. Соған жақсылап әзірленіңдер. Біздің полкке баға сенің командаң арқылы беріледі.Сендер жақсы болсаңдар, полк те жақсы, сендер сүрінсеңдер полктың да сүрінгені.Есіңде болсын, бұл байқауға командашының өзі келіп қалуы мүмкін, – деді.

Командашы келеді дегеннен бізде ес қалған жоқ. Аты жер жарған атақта қолбасының алдынан сүрінбей өтсек оны сыртынан да болса бір көрсек дейміз.

Сонымен байқау өтетін күн де жетті. Бір кезде бізге сигналмен «әзірленіңдер» деген команда берілді. Дивизиямыздың командирі Дотоль деген кісі еді. Команданы сол кісінің өзі беріп тұрды.

Ең алдымен, басқа екі полктың командалары өтті. Әскер тілінде «конкур-иппик» деп аталатын термин бар. Бұл ат спорты жарыстарында алынуға тиіс ең ауыыр кедергілер. Оның өзі біресе құзар биіктен қарғитын, біресе жалпақ ордан орғитын қиын-қиын он үш кедергіден тұрады. Команда тегіс соның он үшінен бірдей мүдірмей өтуге тиіс.

Алғы екі команда келергілердің орта тұсына дейін топтасып, жақсы барғандарымен, жетінші, сегізінші, кедергілерден-ақ қожырай бастады. Біреудің өзі қорқып, біреудің аты үркіп, қиын кедергілерден секіре алмай, бұрылып кетіп жатты. Ақыры ол екі командадан ешкім де ең соңғы он үшінші бөгетті ала алмады.

Бір кезде: – 306-полк командасының капитаны алаңға шық! – деген команда естілді.

Ақбоз атты екпіндете құйғытып манежға мен шықтым. Тәртіп бойынша команда капитаны атын шоқырақтатып отырып, манежды бір айналып шығуы керек. Манежға кіре Ақбоздың екпінін тежеп, адуын шоқыраққа салдым да, өзім, тырнақтарымен тұғырын бүрген қаршығадай қаздиып, ер тоқым үстінде қаттым да қалдым. Өйтетін себебім ат шоқырақ шабысқа көшкенде кейбіреулердің құйрығы қолбаңдап, ерді солқ-солқ соғып отырады. Ол атқа ауыр тиеді және белін кетіреді.Сондықтан мұндай кезде ат үстіндегі адамның құйрығы ердің артқы қасына винттеп тастағандай боп, қозғалмастан қатып қалуы керек. Сонда шауып келе жатқан атқа арқасындағы адамның салмағы өз денесінің салмағындай көрініп, ентікпей еркін көсіледі.

Комбриг Дотольдің оң жағындағы қырықпа мұртты төртбақ адамның Блюхер екенін бірден аңғардым. Екі қолымен бірдей портупеясынан ұстап, маған шаншыла қарап тұр екен. Маршал көзінің қарашығына іліну солдат үшін өзгеше бақыт қой, шіркін!

Содан кейін командамды ертіп, аренаға тарттым. Командадан менің озық бойы алда отыруым керек. Оныншы кедергіден өткенше артыма қарағамын жоқ. Өйткені ол кедергілерді менің жігіттерім мүдіртпей алуға тиіс. Әр кедергінің тұсындағы топ-топ түскен ат тұяғының дүбірінен-ақ олардың жұп жазбай келе жатқанын мөлшерлеп отырдым.

Он бірінші кедергі жалпақ ордан секіру еді. Ақбоз ор қояндай ырғып, ордың ар жағына барып, дік ете түсті. «Атаңнан айналайын, жануар!» деп, Ақбозды жалынан бір қағып қалдым да, он екінші бөгетке қарай ұмтылдым. Ұмтыла беріп артыма көз салып едім, екі жігітім ар жақта қалып қойыпты да, өңгелері ордың бер жағына дік-дік түсіп, содан соң қатарласа қайтадан менің соңымнан салды. Он екінші кедергі қиын емес еді. Қалғанымыз одан тегіс өттік. Енді ең соңғы кедергіге қарай лап қойдық.Бұл ең қиын кедергі еді. Биіктігі үш метр жардан секіруге аттың аты, жігіттің жігіті ғана шыдайды. Оған тақағанда аттары жарқ беріп, талай адам жерде домалап жатады. Ақбоз ат қанша сенімді болса да, он үшінші бөгетке қарай шапқанда оның тізгінін тас қып ұстап алдым.Биік жарға жақындаған сайын атым тайсалақтай бастады. «Жоқ, мені тастап кете алмайсың, – дедім мен оған. – Секіреміз, құласақ бірге кетеміз!» Ат көнді. Содан ат құйындай зымырап келді де, садақтың оғындай созылып, бөгеттің үстінен қалқыды. Секіріс үстінде ат үстіндегі адам құйрықты ерден қозғамай, ноқаттан-ноқат аудармай қатып қалуы керек. Әйтпесе ат құлайды. Ордан орғыған, биіктен қарғыған ат үстінде тастай қатып, тапжылмай отыру үшін де жігер, қайрат, ұстамдылық керек! Атымның төрт тұяғы найзадай шаншылып кеп, жерге кірш ете қатар қадалғанда ғана ол қасиеттердің өз бойымда бар екенін аңғардым. Бүкіл ипподром шартылдата шапалақ соқты. Жоқ, ондай жігер, қайрат жалғыз менде ғана емес, менің командамдағы жігіттерде де бар екен. Төрт жігітім тағы да бөгеттен топ етіп, соңымнан ілесті. Сөйтіп командамдағы он бес адамның бесеуі он үш бөгеттен бірдей мүдірмей өтті. Трибунаға тақағанда бәріміз бір кісідей ат үстінде қаздиып тік тұра қалып, қолымызды шекемізге қойып салют бердік, Содан соң ертоқымға қайтадан отыра қалып, аренаның сыртына шығып тұрдық.

Бір кезде репродуктордан саңқылдап, комдивтің үні естілді:

– Үздік әзірлігі үшін 306-шы полктың бүкіл командасына алғыс жариялаймын. Ал, команда капитаны лейтенант Момышұлына сыйлыққа сағат беріледі. Оны командарм, Совет Одағының Маршалы Василий Константинович Блюхер өз қолынан тапсырады.

Оркестр «да-да-да-дат» деп қошемет көрсетіп, бүкіл ипподром тағы да қол соқты. Тағы да Дотольдің командасы естілді.

– 306-шы полк командасының капитаны мінбеге келсін!

Тақымды қысып кеп қалып едім, Ақбоз ат алға қарай ақ найзадай шаншыла сілтеді. Мен тағы да жарқ етіп трибунаның қарсысынан шыға келдім. Оған он метр қалғанда атымның басын тартып кеп қалып едім, құйрық-жалы шашырап, ол аспанға фонтан болып атылды. Трибунадағы бастықтарға осылай сәлем бердім де, көкке шапшыған ақбоздың алдыңғы екі аяғы жерге түскенше мен де оның үстінен төмен қарай ырғыдым.Екеуміздің аяғымыз дік етіп топыраққа қатар тиді. Бұл да Ақбоз екеуміз ғана жасай алатын приемдардың бірі еді. Содан кейін «Еңкей» деп, Ақбоз атқа команда бердім. Ол алдыңғы екі аяғын бүгіп, тізесімен жер басып, трибунаға қарай үш рет шұлғыды.Сәлден кейін, менен бұйрық күтіп тұрған атыма «Тұр!» дедім. Атым қарғып тұрды да, қос құлағын төбесіне шаншып, тіп-тік бола қалды. Ат пен солдат екеуміз қаздиып тұрмыз. Мөлшерлі секундтар өткеннен кейін қылышымды жарқ еткізіп, қынабынан суырып алып, маңдайыма көтере ұстап, әскери адыммен дік-дік басып, шпорларым зың-зың етіп, трибунаның алдына келіп, маршалға салют бердім. Қарасам комбриг Дотольдің де, Коваленконың да қуанғаннан естері шығып кетті. Екі езулері құлақтарына жетіп, маған қарап бастарын изей береді. Командарм сағатты қолына ұстап, қою қара мұртының астынан жұмсақ қана жымиып тұр екен. Қылышымды қынабына салдым да, лыпып трибунаға көтерілдім.

– Сіздің команданың өнеріне өте қуаныштымын. Сіздің зор табысқа жетуіңізге тілектеспін, жолдас лейтенант. Жігіттеріңізге менен де алғыс айтуыңызды өтінемін, – деп командарм менің қолымды қысты да, екінші қолындағы сағатты берді. Маршалдың түсі сонша суық болғанмен, сөзі сондай жылы екен. Бетіңе қарап жымия сөйлегенде тура әкенің лебізін тыңдап тұрғандай рухтанады екенсің.

– Совет Одағына қызмет етемін! Командама Сіздің алғысыңызды да айтып барамын, жолдас маршал, – деп оң қолымды шекеме көтердім де мінбеден түстім.


Каталог: rus -> all.doc
all.doc -> Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Д. Искакова. Тараз: ТарМУ. Ғылыми кітапхана, 2013. 63б. «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы»
all.doc -> Өмірбаяны байбатша Ә. Б
all.doc -> Ғылыми кітапхананың 2011-2012 оқу жылы маусым айына жоспарланған іс-шаралар кестесі
all.doc -> Ғылыми кітапхана
all.doc -> Библиографиялық құралдар құрастыру Кеңес Библиографиялық құрал
all.doc -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
all.doc -> Литература на электронных носителях Научной библиотеки Таргу им. М. Х. Дулати
all.doc -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс
all.doc -> Қазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет