Құралдар мен материалдар: бала санына қарай кегельдер, бала санына қарай диаметрі 20 см доптар, тақтай (ені – 15 см, ұзындығы – 2 метр) – 4 дана.
Билингвалды компонент: «Жұбыңды тап!» – «Найди пару», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Спорттық атрибут – кегельдерге назар аудартады. Кегельдерді қандай мақсатта қолдануға болатынын жан-жақты талқылауға, жауап нұсқаларын айтуға ынталандырады. Спорт құралдары мен материалдарының топтағы балалардың күшті ғана емес, тату, ауызбіршілікті болуына көмектесетінін айтады.
II. Негізгі кезең. Қимылдарды орындайтын алаңды дайындау – кегельдерді екі қатарға қойып шығады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Өз кегеліңді тап».
Екі сап түзеп тұру. Кегельдерді пайдаланып, жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды (Жаттығулардың орындалу техникасын көрсету, бірге орындау).
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау.
Ойын «Жұбыңды тап»: сапта қарсы қарап тұрған баламен жұп құрау (өз қалауынша емес). Жұптасып жүру, адым қарқындарының бірдей болуын қадағалау.
Ойын: «Сиқырлы жолмен жүр».
Тепе-теңдік: еденде жатқан тақтай үстімен жүру. Тақтайлар залдың периметрін бойлай орналастырылған.
Ойын: «Түрлі түсті моншақтар».
Допты жоғары лақтыру және оны екі қолмен қағып алу.
Нұсқау: допты саусақтардың арасын азырақ ашып ұстау және алға-жоғары лақтыру.
Допты қағып алғаннан кейін сәл бүгілген қолдарын азырақ төмен түсіреді.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Ойын: «Тыныштық». Балалардың қимылдарын қадағалау.