Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Балалар әдебиеті туралы түсінік. Балалар әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет10/19
Дата31.08.2022
өлшемі310,49 Kb.
#148396
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
лекция бала ад 15 саг

М.Иманжанов. Жазушы М.Иманжанов 1916 жылы 20 желтоқсанда қазіргі Желтоқсан облысы Жезді ауданында туған. Алматыдағы есеп-санақ техникумында(1935-38) оқыды. 1938-48 жылдары Республикалық радио хабарлар тарату комитетінде, 1942-49 жылдары «Социалистік Қазақстан»(қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім мегерушісі, 1949-58 жылдары «Пионер»(қазіргі «Ақ желкен») журналында бөлім меңгерушісі қызметінде болды. Тұңғыш әңгімелер жинағы «Жастық» деп аталады(1948). «Алғашқы айлар»(1950), «Таныс қыз»(1952, 1972) әңгімелері мен романы шықты. «Тыңдағылар»(1956) әңгіме және очерктер жинағы басылды. «Көк белес»(1960) романы, «Өркен»(1980) атты мақалалар, естеліктер кітабы жарық көрді. Балаларға арналған әңгімелері «Шаңғышылар» деген атпен шықты. Драматургия саласында да жемісті еңбек етті. «Жас өмір»(1948), «Менің махаббатым» (1954) повесі мен пьесалар жинағы жарық көрді. «Сөнген шам» (1957) сатиралық комедиясын жазды. 1958 жылы 18 наурызда қайтыс болды.
Әдеби творчесвосын соғыстың қиын кезеңінде бастайды. Саналы өмірін баспасөз маңында өткізді. «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясында әдеби қызметкер, кейін әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды. Денсаулығына байланысты өзі сұранып «Пионер» журналы редакциясына бөлім басқаруға ауысады. М.Иманжановтың тәлім-тәрбиесін көрген балалар қаламгерлері: Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, С.Сарғасқаев, Қ.Мырзалиев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Ыдырысов, С.Баязитов, Н.Сералиев т.б.
М.Иманжанов туындыларына өмір сүйгіштік рух, пафос, сыршылдық тән. Бұл жағынан С.Ерубаев пен Б.Бұлқышевтің өмір сүйгіштігін, бақыт пен ерлікті жырлайтын романтизмін жалғастырды. Сол замандастары тәрізді Мұқан да өмір туралы, бақыт, ерлік жайында толғанды, көп жазды. Ол ерлікті жалаң патетика емес, адам бойындағы игі сезімдердің, намыстың, азаматтықтың көрінісі деп таныды. Оның шығармаларынан сезім байлығы мен романтикалық көңіл күйі қатар орын алады. Ол балаларға арналған шығармаларын Отан соғысы тақырыбынан бастады. “Шал”, “Ақша”, “Бала қаны”, “Даладағы от”, “Жыртық дәптер”(1945), “Адам туралы аңыз”(Қ.Жармағамбетовпен бірігіп жазған) әңгімелері 1942-1945 жылдары жазылған.
М.Иманжанов әңгімелерінің кейіпкерлері қарапайым жандар, тігінші, сауыншы, троллейбустың кондукторы, телеграфшы болып келеді. Олардың бәрі өз қызметінде қоғамдық пайдалы іске үлес қосады. Бүлдіршіндер үшін істелген және істеліп жатқан игі істер сөз болады, бөбектердің өмірі суреттеледі. “Жол үстінде”(1948), “Ораз бен Боря”(1948), “Кітап”(1949), “Жас шебер”(1950), “Талап”(1951), “Бөбек”(1951), “Кішкентай көрші”(1951), “Коммунизм мүйісі”(1951),“Кондуктор”(1952), “Қорқақ”(1954), “Бес”(1954) әңгімелері баланы оқуға, алдағы зор мақсаттарға ынталандыру, еңбекке, іске үйрету, олардың өрісті талабын шыңдай түсу мәселелеріне арналды. 1948-1952 жылдар аралығында жазған осы әңгімелерінде жазушы балалардың ішкі жан-дүниесіне еркін бойлайды. Шығарма кейіпкерлері - өмір қозғалысына сай қимыл жасайтын оптимист балалар. Олар өздерін үлкен өмірдің кішкентай кірпішіндей сезінеді. 
М.Иманжанов өз шығармаларында мектеп жұмысын өндірістік оқумен, өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді. «Алғашқы айлар» повесінің (1950) әдебиет әлемінде принциптік жаңалығы болды. Шығарма бастапқыда «Ауыл мұғалімі» деген атпен «Пионер» журналында басылды. М.Иманжанов «Алғашқы айлар» повесінде ауыл мұғалімінің өмірі туралы жазды. Мектеп мұғалімерінің әр алуан мінезін бейнеледі. Жақыпбек мұғалімнің іскерлігін, табандылығын үлгі етеді. Жақыпбектің белсенді іс-әрекеті ауыл мәдениетін көтеруге, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға жұмсалады. Ол мектеп пен өмірдің байланысын көтеру, балаларды еңбекке баулу ісіне бастамашы болды. Мектеп пен отбасы, мектеп пен колхоз арасындағы байланыс жайы әңгіме етіледі. Автор мектеп жұмысының өмірмен тығыз байланысты болуы оқушылардың білімін тиянақты, тұрақты ететінін және оларды іскер азамат етіп шығаруға баулитынын дәлелдеп берді. Оқу процесімен қатар балалық шақтың алуан түрлі сәттері, бала психологиясындағы ерекшеліктер шынайылықпен көрсетіледі.
М.Иманжанов өз шығармаларында адам деген ұлы атты ардақтауды, оның бай сезім күйін жазды. Жазушылық пафосы мен творчествосының өміршең рухы жағынан М.Иманжанов Саттар Ерубаев пен Баубек Бұлқышевке ұқсайтын еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет