Дәріс № 20 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық такті және этика 1. “Педагогикалық такт” ұғымы.
2. Педагогикалық такт – бала тәрбиелеудегі маңызы.
Дәріс мақсаты: педагогикалық тактының қарым-қатынас орнату стилі туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс мәтіні “Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады” Халық мақалы. Педагогикалық қарым-қатынас – күрделі процесс.Оған көптеген адамдардың қатынасы,балаға көзқарасы жатады.Ұстаздық қызмет,ұстаздық қызыметті ұйымдастырудың,балаларды ұжымда тәрбиелеу,балалардың өзара қатынасын ұйымдастырудың тәрбиесінде қолданылатың әдіс,тәсілдер,құралдары болып табылады.Мұнын бәрі педагогикалық қатынас арқылы іске асады,ұстаз баланы соған тәрбиелейді.
Ұстазға педагогикалық қарым-қатынасты орнату барысында балаға сүйіспеншілігі қызыметіне ынтасы,бейімділігі,қабілеті,ұстаздық нышаны,дарындылығы болу керек.
Әсіресе,педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы бірін-бірі толықтыратың бірнеше іскерлікке,қабілетке байланысты.Қатынас үшке бөлінеді:
- ішкі қатынас
- сыртқы қатынас
- табиғатпен қатынас
1. Ішкі қатынас-бұл адамның өзімен – өзінің күресуі.Қазақ мұндайда, қабырғаңмен тілдес дейді.Бұлда қатынастың бір жолы.
2.Сыртқы қатынасжеке адам бірімен және ұжыммен,топпен,ұстазбен,қатынасады.Бұл қатынастардың әрқайсысының көздеген мақсаты,мазмұны,әдісі,тәсілі бар.
3. Адам тірі және өлі табиғатпен,заттармен,жан-жануарлармен тілдесе отырып қатынас жасайды.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың сипаттары:
1.Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілібір кәсіби қасиет-сапалары қажет.Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін анықтауға бірқатарғалымдар(А.Сатынская,В.А.Сластенин,К.Успанов және т.б)көңіл бөлді.Біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып(Хмель.Н.Д)педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады.Сонымен,біртұтас педагогикалық процестің нәтижелі ”педагогтар-оқушылар-” жүйесіндегі өзара қатынастың,ықпалдастықтың деңгейіне байланысты,”Оқушы” жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады.”Оқушылар” қатынас салдары ретінде жасалады.Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенің көрсетеді.
Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор.Олай болатың себебі, мұғалімнің еңбегі өте жауапты,әрі күрделі.Өйткені ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін өзін жауапты сезінеді,оның тәртібі,білімі,қоғамнан алатын орны,адамгершілігі,белсенділігі,іскерлігі үшін күресетін,оның жүрегіне жол тауып,оның жан дүниесінің таза,қоғам үшін жан тәні мен еңбек етуге құштарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып,баланы білімге ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім.Оны осы қасиеттері үшін адам жанының инженері деп атайды.
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар.
Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар,өмірдің әр саласынан хабары бар, әртүрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатың,әр түрлі сұраққа жауап бере алатың адам болуы тиіс.
Такт- бұл адамдармен қарым-қатынасты реттеуге көмектесетін жағымды категория болып табылады.
Әдепті болу- әрбір адамға өнегелі,әдептіболуды талап етеді,әсіресе ол мұғалімге,себебі мұғалім жеке тұлғаның дамуына қатысып,өзіндік қасиеттерді қалыптастырады.
Педагогикалық такт - мұғалімнің кәсіби санасына,шеберлігінің бөлігі.Педагогикалық такты жалпы такт түсінігінен мыналар арқылы ерекшеленеді:мұғалімнің жеке,өзіндік қасиетін (әдептілік,құрмет,балаға деген мейрім,кішіпейілдік) белгілейді. Мұғалімге такт сабақтың барлық этабында қажет. Әсіресе, оқушылардың білімін бағалау, тексеру кезінде көңіл аудару керек. Мүнда такт оқушының оқушының жауабын тыңдауға шеберлігін білдіреді: жауаптың формасына мазмұнына көңіл аудару, қиын оқушыларға төзе білуі.
Барлық оқушы жауап беру кезінде өзіне көңіл қойып тыңдағанды, жақсы көреді. Жауап беру барысында қолдау көрсету: жақсы көзқарас, күлімдеу, мимика, сонымен қатар баға қою кезінде өте маңызды болып есептеледі. Сонымен педагогикалық такт мұғалімнің мінез¬-құлқы, жүріс тұрысы. Өйткені, педагог оқушының алдында әртүрлі рөлге еніп шығады.
Сабақта – айқындық, қаталдық, кластың берілген тапсырмаға дайын болмаған жағдайда өзін-өзі ұстай біліп, саллқын қанды болу керек. Сыныптан тыс жұмысты – еш зорлықсыз, сырластықпен, әсіресе жеке тұлғамен сұхбат жүргізу тиімді.
Тәрбие беру ісіндегі аса мңызды жайттардың бірі – педагогикалық такт. Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі. Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық ушін үлгі-өнеге. Ол әркез көпшіліктің бақылауында болады.
Қорыта айтқанда мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.
Педагогтық әдеп – мұғалімнің ең жақын кәсіптік белгісі. Ол әртурлі әрекет саласында педагогтың балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауы. Жалпы әдеп «жұғысу», «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Ал этикалық сөздікте «әдеп» адамдар арасындағы қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлық кодексін айтады.Бірақ бұл анықтама толық емес.
Педагогтық әдеп – этика ғылымының салыстырмалы дербес бөлімі. Ол педморальдің ерекшеліктері мен кәсіптік ортадағы өнегелік қатынастарды зерттейді. Педагогтық әдеп – мұғалімдер арасындағы пайда болған қарым-қатынастардың ерекшеліктерін, мінез-құлқының, киінуінің, балалармен қарым-қатынасының және т.б жиынтығын білдіреді. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп-жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын мұғалімнің мінез-құлқы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен жәнен әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.
Педагогтық әдеп оқуда да, тәрбиеде де өте қажет. Оның рөлі тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау кезінде мұғалімнің тәрбиесі нәтиже бермейді. Моральдық сенімді, ынта, ықылас және талғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу: балалар мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтуы керек. Балалар көбінесе ескертпе жасағыш, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсетуге, үстемдік жүргізуге тырысатын мұғалімдерді жүре тыңдайды. Сондықтан педагогтық әдепті сақтамайынша, олармен тіл табысу мүмкін емес. Белгілі психолог М.Д. Левитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, балалардың әрекетіне зияны тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп, қылықтардың пайда болуына себеп болады. М.Д Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы, оқушыларды тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейді. Олар мұғалімге өшігіп, бәрін теріс ұстауға бейім тұратын көрінеді. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, бақаны түсіне білушілік, жылы шырайлық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ салушылық, ұстамдылық, байсалдылық, сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.
Жалпы әдеп және педагогтық әдеп бар. Кез-келген тәрбиеші, мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп – медициналық қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік белгісі. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп – мұғалімнің баларды баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулер – мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі, ал үшіншілері – пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл айтылғандардың барлығы да қай-қайсысында педагогтық әдептің азды-көпті белгілері бар. Педагогтық әдепті мұғалімнің жалпы мәдениеті тәртібі және жалпы әдістемелік сауаттылығымен қою қате. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі болады. «Педагогтық әдеп дегеннің өзі, шын мәнінде психологиялық әдеп», - деген болатын К.Д Ушинский.
Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль принциптерінің мәнін қарастырып қоймай, олардың категорияларының мәнін де қарастырады.
Категориялары:
1. Кәсіби педагогтық борыш
2. Педагогтық әділеттілік (әділдік) абырой
3. Педагогтық беделділік
Педагогтық әдептің басты ерекшеліктерінің бірі – мұғалім жас буынға моральдық тәрбие беру процесінде қайталау арқылы емес, бүкіл оқу тәрбие жұмысын адамгершілікке тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастыра білуге байланысты болмақ. Бұл мұғалімнен принципшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.
Ұстаздың білімділігі жастардың моральдық қасиетін озінен-өзі қалыптастыра алмайды. Адам білімді болуы мүмкін, бірақ оның мінез-құлқы,адамгершілік қасиеті кейбір жағдайларда оның біліміне қайшы келуі мүмкін. Өмірде кейбір білімді адамдар арасынан мораль нормасы мен принциптері қайшы келетін, сөзі мен ісі арасында алшақтық бар адамдар да кездесіп отырады.
Педагогтық әдептің тағы бір ерекшелігі – мұғалім жас ұрпаққа белгілі бір салада жүйелі білім беру мен қатар, өздерінің іс-әрекеті, дүниеге көзқарасы , адамгершілік пен гуманистік қасиеттері арқылы оларды мораль нормаларына тәрбиелеуі тиіс.
Педагогтық әдепте әділдік түсінігінің ерекшеліктері бар. Әділдік педагогтық моральда мұғалімдердің обьективтілігін, балалардың қылықтарын, олардың оқуға және қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатынасын бағалауда көрінетін адамгершілік тәрбиелілігінің деңгейінің өлшемін білдіреді.
Әділеттілік пен абыройдың арасында біте қайнасқан білік бар . Себебі, әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді. Бірақ абырой тек әділетті болу емес, педагогтың өз жұмысына шебер келіп, көп еңбек сіңіруге байланысты болып келеді. Мысалы, кейбіреулер балаларға қатал көзбен қарау арқылы абыройлы болып көрінем деуі мүмкін. Осындай жағдайда оқушы сырттай мұғалімнің тілін алып, сөзін тыңдайтын болғанымен, іштей оны жақсы бағалай бермейді. Кейбір мұғалімдер сабақты асқан шеберлікпен, бағдарламалық материалды жақсы игерген, білімдарлықпен өткізуі мүмкін. Бірақ оқушылар арасында беделі болмауы мүмкін. Бұл мұғалімдер өздерінің білімдарлығымен, түсіндіру тонымен оларды басып тастайтынын сезбейді. Мұндай мұғалімдерге оқушылар сұрақ қоймайды. Себебі, «Сіз мынаны білмейсіз бе?», «Енді сіз нені білесіз?» деген репликаны естуі мүмкін.
Педагогтық беделдің деңгейі – білімнің тереңдігімен, әдептілігімен, шеберлігімен, жұмысқа қатынасымен мұғалімнің қоғамдық белсенділігін, педагогикалық тактикасымен айқындалады.
А.С Макаренконың айтуынша, педагогтық белгінің болуы қорқыту емес, ол талап етушілік және тәрбиеленушілерді құрметтеу ғана әсер етеді дейді.
Педагогтық әдеп жаттау, есте сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әрқалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас ерекшелігіне, темпераментіне, мінезқұлқына және т.б ерекшеліктерге байланысты.
Мұғалімнің әдебін құрайтын компоненттер көп. Олардың бастылары: педагогтық оптимизм, педагогтық такт, педагогикалық техника, шеберлік, байқағыштық,психологиялық қырағыштық, күшті ерікжігер, сөйлеу және сезім мәдениеттілігі, қылық сұлулығы, ұстамдылығы, талант, бейімділік, ұйымдастырушылық.
Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарымқатынас орнату күрделі іс. Ол педагогтардан жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, іскерлік пен дағдыны қажет етеді. Педагогтық әдеп түптеп келгенде педагогтық тактика болып табылады. «такт» латынша «жанасу», «түйсіну» дегеннен, ал «тактика» грекше «тәртіпке келтіру» деген сөзден шыққан. Біз көбінесе осы терминді екіншісімен алмастырып жібереміз,педагогикалық тактикамен істес бола отырып, педагогтық әдеп туралы айтамыз. «Педагогтың әдебі нашар», қайырымдылығы, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар т.б деумен бірдей. Ал педагогтық тактика тым күрделі жақсыдан жаманға, мейлінше жетілгендіктен, қара дүрсіндікке және тәрбие талаптарына сай еместікке мәні болуы мүмкін. Әрбір мұғалім оқушылармен қарымқатынасты белгілі бір тактиканы қолдана береді, бірақ онда педагогтың әдебінің болмауы ықтимал. Былайша айтқанда оқытушы бір сыныптың оқушыларын бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалауы, дауыс көтеру және т.б жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы бвр, бірақ ол педагогтық әдеп бола алмайды. Кейбір ұстаздар балаларға қарап, оларды қадірлеп, кең пейілді, әдепті болғанымен, олармен қоянқолтық сөйлесе алмайтын жағдай болады. Оның сабағында тәртіпсіздік үстем етеді, балалар үй тапсырмасын орындамайды, тыңдамайды, яғни оны сыйламайды. Мұндай оқытушының әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал-тәсілдерінің қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ.
Қарым-қатынас орнатудың келесі бір жолы – педагогикалық такт. Педагогикалық такт – бұл түрлі іс-әрекет саласында балалармен қарым-қатынас орнатуда өлшем принципін ұстануы және оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері негізінде оларға деген дұрыс қарым-қатынасты белгілеу шеберлігі. Педагогикалық такт негізінде педагогтың тұлғалық қасиеттеріне, дүниетанымына, мәдениетіне, еркіне, азаматтық позициясына және кәсіби шеберлігіне тәуелді.
Мұғалім мен оқушы арасында болатын қатынаста педагогикалық тактінің маңызы зор. “Такт” деген сөздің мағынасын дәлме-дәл беретін сөз қазақ тілінде жоқ. Педагогикалық такт деп біз мұғалімнің тәрбие беру процесінде балалардың көңіл күйін, жан дүниесін, мінез құбылыстары мен психо-физиологиялық ерекшеліктерін терең білудің негізінде нақтылы жағдайлардың талабына сәйкес қолданатын әдіс-тәсілдердің қосындысын айтамыз.
Педагог этикасында бұл ұғым тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арақатынастарын белгілейді. Педагогикалық такт болмайынша мұғалім өз пәнін қанша терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмыста алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған – жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды. Сондықтан педагогикалық тактінің психологиялық мәні бар екендігін атап кеткен жөн. Педагогикалық тактінің қалыптасуы жеке оқытушының психологиялық, эмоционалдық дүниесінің құрылымына байланысты. Осыған орай жеке тұлға басқа адамдармен, сондай-ақ жас ұрпақпен қарым-қатынас жасағанда, ол өзінің индивидаулдық өмір тәжірибесін, адамдар арасындағы қатынастардың қандай нормалар арқылы жүзеге асатындығын нақтылы көрсетуге тырысады. Өйткені педагогикалық такт, басқа этикалық ұғымдар сияқты, белгілі бір құрылымнан - өзіне тән ерекше құрамдас мүшелерден тұрады. Солардың ішіндегі ең негізгілері:
оқушыларға педагогикалық әсер етудегі мөлшерді сақтау мәселесі;
ұстаздық ықпалдың нәтижелілігі, жеке адамның, атап айтқанда, мұғалімнің баланың рухани дүниесін егжей –тегжейлі түсіне білуі;
жас буынның ұнамды қасиетін тани біліп, оны бүкіл адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға пайдалануға қабілеттілігі.