Дәріс жиынтығЫ 1 Модуль. Механика


Егер үдеу жылдамдықтың модулінің өзгеру шапшаңдығын сипаттаса және траекторияға жанама бағытталса, онда мұндай үдеуді тангенциал үдеу деп атаймыз



бет2/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,7 Mb.
#144877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Модуль. Механика
СОР №1, 10 кл., СОР №1, 10 кл., СОӨЖ сырты, 11 класс, СОР, 3 четв., 6М071000 каз, Механика лекциялар, c95c7a48-52db-4b11-a7e6-e47412cea9e6, 8-15 физика, ГОС ответы, Капан М.Б. -тезис 2020, соч 8 а, Балтабеков Мұхамедәли
Егер үдеу жылдамдықтың модулінің өзгеру шапшаңдығын сипаттаса және траекторияға жанама бағытталса, онда мұндай үдеуді тангенциал үдеу деп атаймыз:

Егер үдеу траектория қисықтығының центріне нормаль бағытталған және жылдамдықтың бағытының өзгеру шапшаңдығын сипаттаса, онда мұндай үдеуді нормаль немесе центрге тартқыш үдеу деп атайды:

Ал толық үдеу:
Қисық сызықты қозғалысты шеңбердің доғасы бойымен жүретін қозғалыс ретінде қарастыруға болады:

Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Денелердің қозғалысын әртүрлі санақ жүйесінде қарастыруға болады. Кинематикада траектория, орын ауыстыру, жылдамдық сияқты қозғалыс сипаттамалары, әртүрлі санақ жүйелерінде әртүрлі болады.
Бізде екі санақ жүйесі болсын. ХОУ жүйесі – қозғалмайтын, ал ХOY жүйесі ХОУ жүйесіне қатысты υ0 жылдамдықпен ілгерлемелі қозғалыста деп есептейміз. ХОУ жүйесін Жер деп, ал ХOYрельспен жүретін платформа деп қарастырылды.
А дам платформа үстінен қандай да бір А нүктеден В нүктеге орын ауыстырды деп есептейік. Сонда оның орын ауыстыруы платформамен салыстырғанда Сонда платформамен салыстырғандағы орын ауыстыру , Жермен салыстарғандағы орын ауыстыру болады. Суреттен адамның Жермен қатысты орын ауыстыруы: .
Егер бір жүйе тұрақты жылдамдықпен екіншісіне қатысты ілгерлемелі қозғалса, онда өрнек мына түрде болады:

Егер аз уақыт аралығындағы орын ауыстыруды қарастыратын болсақ, онда теңдеудің екі жағында Δt шамасына бөліп жазсақ, онда

Мұндағы - қозғалмай тұрған ХОУ жүйедегі дененің жылдамдығы, яғни, абсолют жылдамдық; - ХOY қозғалмалы жүйедегі дененің жылдамдығы, яғни, салыстырмалы жылдамдық; - жалғастырушы жылдамдық.
Жүйелердің бір – біріне қатысты бір қалыпты түзу сызықты қозғалысы кезінде, оларыдң үдеулері бірдей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет