Дәріс жиынтығЫ 1 Модуль. Механика



бет1/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,7 Mb.
#144877
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Модуль. Механика
СОР №1, 10 кл., СОР №1, 10 кл., СОӨЖ сырты, 11 класс, СОР, 3 четв., 6М071000 каз, Механика лекциялар, c95c7a48-52db-4b11-a7e6-e47412cea9e6, 8-15 физика, ГОС ответы, Капан М.Б. -тезис 2020, соч 8 а, Балтабеков Мұхамедәли

ДӘРІС ЖИЫНТЫҒЫ


1 Модуль. Механика.
1 дәріс. Механика. Ілгерілемелі қозғалыс кинематикасы. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық сипаттамалары.


Механика – механикалық қозғалыстар туралы ғылым.
Механикалық қозғалыс деп санақ жүйесі ретінде алынған денемен салыстырғанда басқа бір дененің уақыт өтуімен орын ауыстыруын айтады.
Кинематика – қозғалыстардың себептерін қарастырмай, тек түрлерін қарастырады.
Динамика – қозғалыстардың пайда болу себептерін қарастырады.
Халықаралық бірліктер жүйесінде (ХБЖ):
ұзындықтың өлшем бірлігін – метр,
уақыттың өлшем бірлігін – секундпен алу ұсынылған.
Егер дененің өлшемі, ара қашықтықтығына қарағанда әлдеқайда аз болса, онда мұндай денені материалдық нүкте деп атайды.
Материалдық нүктенің қозғала отырып із қалдыруын траектория деп атайды
К еңістікте қозғалыстағы денелердің қозғалмайтын денелер арқылы салыстырып қарау жүйесін санақ жүйесі деп атайды.
Санақ жүйесі ретінде Декарттық координат жүйесі қолданылады. Мысалы, М нүктесінің орнын радиус - вектор арқылы сипаттауға болады:


Материалдық нүктенің қозғалысы уақытқа тәуелді: x=x(t), y=y(t), z=z(t)
Бұл теңдеулер кинематикалық қозғалыс теңдеулері деп аталады. Олар нүктенің қозғалысының векторлық теңдеуіне сәйкес:
Траекторияның түріне байланысты қозғалыс түзу сызықты немесе қисық сызықты болып екіге бөлінеді.
Т раекторияның қарастырып отырған уақыттағы барлық бөліктерінің қосындысын жол деп атайды, ол скалярлық шама. (суретте ол доға түрінде тұр):

Қозғалыстың бастапқы нүктесі мен соңғы нүктесін қосатын векторды орын ауыстыру деп атайды, ол векторлық шама:

Егер ұмтылса, онда болады, яғни жол мен орын ауыстыру шамалас болады.
Егер дене, қисық сызықты траектория бойымен қозғалса, онда орын ауыстыру жүрілген жолдан кіші.
Д ененің қозғалысын сипаттау үшін жылдамдық деген түсінік енгізіледі:
Жылдамдық – уақыт мезетіндегі қозғалыстың шапшаңдығын білдіретін векторлық шама.

Орташа жылдамдық векторы радиус-векторының уақыт интервалына қатынасын айтады:



Орташа жылдамдықтың бағыты радиус - вектордың бағытымен бағыттас. Жылдамдықтың өлшем бірлігі: м/с.
Лездік жылдамдық берілген нүктедегі радиус–вектордың уақыт бойынша бірінші туындысын айтады немесе орташа жылдамдықтың өте аз уақыт аралығындағы шегі:

Л ездік жылдамдық траектория бағытына жанама бағытталған. Лездік жылдамдықтың модулі (скаляр шама) жолдың уақыт бойынша бірінші туындысы болып табылады:

Дене қисық сызықты траекториямен қозғалыс жасағанда, оның жылдамдығының модулі және бағыты өзгереді:

Δt уақыт аралығындағы жылдамдықтың өзгеру векторын екі құраушыға жіктеуге болады: вектор бойымен бағытталған (жанама құраушы)- , векторға перпендикуляр бағытталған (нормаль құраушы)-
Үдеу – жылдамдықтың модулі және бағыты бойынша шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама.
Орташа үдеу деп жылдамдықтың өзгеруінің уақыт интервалына қатынасын білдіретін векторлық шаманы айтады:

Лездік үдеу деп қарастырылып отырған нүктенің қозғалыс жылдамдығының уақыт бойынша бірінші туындысын, радиус - вектордың уақыт бойынша екінші туындысын айтады:

Үдеудің өлшем бірлігі – м/с2
Қисық сызықты қозғалыс кезінде үдеудің бағыты жылдамдықтың бағытымен сәйкес келмейді, ал түзу сызықты қозғалыс кезінде олар бағыттас.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет