Дене, басқа бір сыртқы күш әсер еткенше тыныштық күйін сақтайды немесе түзу сызықты қозғалыста болады. Дененің өзінің қозғалысын немесе тыныштық күйін сақтауға ұмтылуын инерттілік деп атайды. Сондықтан Ньютонның бірінші заңын инерция заңы деп атайды.
Алғаш рет инерция заңы Г.Галилей (1632 ж.) ашты. Ал Ньютон (1687 ж.) осы тұжырымды жалпылап, оны динамиканың негізгі қозғалыс заңдарына енгізді.
Егер денелердің инерциалдық қасиеті болмаса, онда оның қозғалысы үдеуді сипаттамай, тек сол уақыттағы жылдамдықтың шамасын ғана көрсетеді. Инерциалдық қасиет, ол қозғалыс түріне байланысты емес, ол барлық физикалық денелерге тән қасиет.
Жер бетіне жақын, Жермен байланысты қозғалыстарды сипаттағанда жуық шамамен санақ жүйелерін инерциалды санақ жүйелері деп қарастыруға болады. Бірақ, Жердің өз осінен айналуына байланысты инерция заңдарынан ауытқу да байқалады.
Инерциалдық жүйелер өте көп. Тұрақты жылдамдықпен түзу бойымен қозғалатын поездбен байланысты санақ жүйесі де инерциалды санақ жүйесіне жатады. Барлық инерциалды санақ жүйелері бір – біріне қатысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыстағы санақ жүйелерінің тобын құрайды. Әртүрлі инерциалды жүйедегі денелердің үдеуі бірдей.
Сонымен, инерциалды санақ жүйесіндегі дене қозғалысының жылдамдығының өзгеруі, оның басқа денелермен әсерлесуінің нәтижесі болып табылады.
Дененің басқа бір дене әсерінен қозғалысын сипаттау үшін екі жаңа физикалық шама енгізу керек – дененің инерттілік массасы және күш.
Масса Масса – материяның бір түрі, ол инерттіліктің сандық өлшемін сипаттайды.
Сырттан әсер ететін күш бірдей болғанның өзінде, бір дене өзінің жылдамдығын тез, ал кейбіреуі дәл осындай жағдайларда – баяу өзгертеді. Мұндай жағдайда, екінші дененің инерттілігі жоғары, немесе басқа сөзбен айтқанда екінші дененің массасы көп.
Егер екі дене бір-бірімен әсерлессе, нәтижесінде екі дененің де жылдамдықтары өзгереді, яғни әсерлесу кезінде екеуі де үдеу алады. Екі берілген денелердің үдеулерінің қатынасы барлық әсерлесу үшін тұрақты. Физикада әсерлесуші денелердің массалары үдеулеріне кері пропорционал.
Бұл қатынаста және шамаларын және векторларының ОХ осіне проекциясы ретінде қарастыру керек. Оң жақтағы “теріс” таңбасы әсерлесуші денелердің үдеулерінің қарама-қарсы жаққа бағытталғанын көрсетеді.
Халықаралық бірлік жүйесінде дене массасы килограммен өлшенеді (кг).
Кез келген дененің массасын тәжірибеде эталон массасымен салыстыру арқылы анықтауға болады (mэт = 1 кг). Мысалы, m1 = mэт = 1 кг болсын, сонда
Дене массасы – скалярлық шама. Егер массалары m1және m2 екі денені қосса, онда шыққан дененің массасы m сол екі дененің массаларының қосындысына тең.
m = m1 + m2 Екі дененің массасын салыстыру
Массаның бұл қасиетін аддитивтілік деп айтады.
Дененің берілген нүктедегі тығыздығы деп дененің бір кішкентай бөлігінің dm массасының, осы бөліктің көлеміне dV қатынасын айтады.