Дәріс жиынтығЫ 1 Модуль. Механика


Егер толқын тараған кезде ортаның бөлшектері таралу бағытына перпендикуляр бағытта ығысатын болса, мұндай толқынды көлденең толқын деп атайды



бет23/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,7 Mb.
#144877
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Модуль. Механика

Егер толқын тараған кезде ортаның бөлшектері таралу бағытына перпендикуляр бағытта ығысатын болса, мұндай толқынды көлденең толқын деп атайды.
Мысал ретінде, резина жіпті алуға болады.



Егер ортаның бөлшектерінің ығысуы толқынның таралу бағытымен бағыттас болса, онда мұндай толқынды қума толқын деп атайды.
Серпімді стержендегі толқын немесе газдардағы дыбыстық толқындар осы түрге мысал бола алады.
Сұйықтардағы толқындар әрі көлденең, әрі қума бола алады. Көлденең толқында да, қума толқында да зат алмаспайды, онда тек бөлшектер тербеліс жасайды. Бірақ толқындар, тербеліс энергиясын бір нүктеден екінші нүктеге ауыстырады.

Серпімді стержендегі қума толқындық импульстің таралуы

Механикалық толқындар материалдық ортада тарала алады. Бос жерде таралатын толқындар да кездеседі, оларды жарық толқындары деп атайды.


Тербелістің бір фазасының бір тербеліс периоды ішінде таралатын ара қашықтығы толқын ұзындығы деп аталады:
Мұндағы, υ – толқынның таралу жылдамдығы, Т – периоды.
Егер .
Дыбыс.
Дыбыс деп адам құлағы қабылдай алатын толқынды айтады.
Адамның қабылдай алатын жиілігінің диапазоны шамамен 20 Гц-тен 200000 Гц-ке дейінгі аралықта жатыр. 20 Гц-тен төмен жиілікті инфрадыбыс, үлкенді – ультрадыбыс.
Дыбыс толқындары газдарда ғана емес, сонымен қатар, сұйықтарда да (қума), қатты денелерде де (көлденең және қума) тарала алады.
Жиілік, толқын жылдамдығы, толқын ұзындығы сияқты шамалардың ара қатынасы көлденең толқындардағы сияқты,

Дыбыс толқындарының ең маңызды сипаттамаларының бірі оның таралу жылдамдығы. Ол ортаның инерттілігі мен серпімділігіне байланысты.
Кез келген шексіз біртекті ортада көлденең толқындардың таралу жылдамдығы мына теңдеумен анықталады:

мұндағы B – жан–жақты қысу модулі, ρ – ортаның орташа тығыздығы

Адам құлағы әртүрлі дыбысты қабылдаған кезде ең алдымен, дыбыс толқынының интенсивтілігі мен энергия ағынына байланысты дауыс деңгейімен қабылдайды. Құлағымызға әсер ететін дыбыс, ол дыбыс қысымына, яғни, толқындағы қысымның амплитудасына байланысты. Құлағымызға ауыр келетін дыбыс 10 Па шамасына келеді.
Доплер эффектісі.
Егер дыбыс көзі және бақылаушы бір – біріне қатысты қозғалыста болса, онда бақылаушы қабылдайтын дыбыс жиілігі, дыбыс көзінің жиілігімен сәйкес келмейді. Бұл эффект Доплер эффектісі деп аталады.
Доплер эффектісіндегі жиілік мына формуламен анықталады:

мұндағы, ν – дыбыс көзінің шығаратын дыбыстық жиілігі, u – дыбыс көзінің қозғалыс жылдамдығы, υ – бақылаушының қозғалыс жылдамдығы, с – дыбыстың таралу жылдамдығы.
Егер бақылаушы дыбыс көзіне қарай келе жатса, онда жылдамдық υ > 0 болады, ал дыбыс көзі бақылаушыға қарай қозғалса, u <


0 болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет