Дәріс жиынтығЫ 1 Модуль. Механика


Әсер етуші күштердің тәуелсіздік заңы



бет7/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,7 Mb.
#144877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Модуль. Механика
СОР №1, 10 кл., СОР №1, 10 кл., СОӨЖ сырты, 11 класс, СОР, 3 четв., 6М071000 каз, Механика лекциялар, c95c7a48-52db-4b11-a7e6-e47412cea9e6, 8-15 физика, ГОС ответы, Капан М.Б. -тезис 2020, соч 8 а, Балтабеков Мұхамедәли
Әсер етуші күштердің тәуелсіздік заңы.
Егер материалдық денеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етсе, онда әрқайсысы осы материалдық денеге Ньютонның екінші заңы бойынша үдеу береді. Тәуелсіздік заңы бойынша күштер мен үдеулерді құраушыларға жіктеуге болады.
Мысалы, материалдық нүктенің нормаль және тангенсиал үдеулері сәйкесінше күштің құраушыларымен анықталады:
; ;


; ;
мұндағы F - қозғалысқа жанама бағытталған, ал Fn – траекторияның қисықтық центріне бағытталған және центрге тартқыш күш деп аталады.
Ньютонның үшінші заңы.
Ньютонның үшінші заңы, бірінші және екінші заңдарын толықтыра түседі.
Масса туралы ұғым енгізгенде, мынадай теңдеу жазғанбыз:

Векторлық түрде бұл теңдеу мына түрге енеді:

Мұндағы «минус» таңбасы әсерлесуші денелердің үдеулері бір – біріне қарама – қарсы екенін көрсетеді.
Ньютонның екінші заңы бойынша,

Бұдан,

Бұл теңдік Ньютонның үшінші заңы деп аталады.
Бұл заң былай тұжырымдалады:
әсерлесуші екі дененің бір-біріне әсері әр уақытта сан жағынан тең, бағыттары жағынан қарама-қарсы болады.
Денелердің әсерлесуі кезіндегі күштердің табиғаты бір. Олар әртүрлі денелерге түсірілген, сондықтан бір-бірін теңестіре алмайды. Ал, векторлық қосу ережесімен, тек бір денеге түсірілген күштерді ғана қосуға болады.
Төмендегі сурет Ньютонның үшінші заңын сипаттайды. Адам жүкке модулі қандай күшпен әсер етсе, жүк адамға сондай күшпен әсер етеді. Бұл күштер қарама – қарсы бағытталған және олардың физикалық табиғаты бірдей, ол - арқанның серпімді күші. Екі денеге берілетін үдеулер, дене массаларына кері пропорционал.


Физикадағы өзара әсерлесу күштерінің классификациясы.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет