5 дәріс. Паскаль мен Архимед заңдары. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Тербелістер мен толқындар. Гармониялық тербелістердің кинематикасы. Гармониялық тербелістердің динамикасы (пружиналық маятник, математикалық маятник, физикалық маятник). Гармониялық тербелістердің энергиясы. Сұйықтың ағын сызықтары мен ағын түтіктері. Кинематикалық тұрғыдан қарастырғанда, сұйық қозғалысын оның әрбір бөлшектерінің қозғалысымен сипаттауға болады. Сұйық қозғалысын қарастырғанда ағын сызықтары және ағын түтігі деген ұғымдар пайланылады.
Мүлде сығылмайтын және мүлде тұтқыр емес сұйық идеал сұйық деп аталады.
Сұйықтың әрбір бөлшегі өзіне тән жылдамдықтың векторы бойымен қозғалады, яғни сұйық жылдамдық векторының өрісі болып табылады.
Егер жылдамдық векторы бойымен сызықтар жүргізсек, олардың әрбір нүктесінен жүргізілген жанама сұйық бөлшегі, жылдамдықтың сол нүктедегі бағытына дәл келсе, онда мұндай сызықтарды ағын сызықтары деп атайды.
Сұйықтардың ағын сызықтарымен шектелген бөлігін ағын түтігі деп атайды.