Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік



бет14/14
Дата28.01.2018
өлшемі5,03 Mb.
#34137
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Ара тұқымдары. Ара тұқымдары, ТМД елдерінің (бұрынғы Кеңес Одағының) кең-байтақ табиғатына сай, түрлері де алуан-түрлі болады. Әр тұқымы бір-бірінен сыртқы түрімен, мінез-құлқымен, шаруашылыққа пайдалы белгілерімен ажыратылады. Әсіресе кең тараған тұқымдардың бірі – орман арасы – Украина мен авказ арасын мекендейді. Орманда мекендейтін бұл араның түсі қара, балы аппақ болады. Украина арасы далалы және қара топырақты аймақтарды мекендейді, түсі ақшылдау, ұзын тұмсығы гүл тозаңдарын жинауға ыңғайлы, балы аппақ болады. Оларға жақындағанда түтін немесе арнайы масқа қажет болады. Кавказ арасының түсі сары немесе сұр, тұмсығы ұзын, адамды шақпайды.

Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты болады, олардың негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинайды. Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор: олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады.



Ара шаруашылығынан алынатын өнімдер. Араның беретін негізгі өнімі –бал – әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюза мен витаминдер, микро- және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы (пчелинный яд), аналық сүтше (маточное молочко), балауыз (воск), ара желімі (прополис, пчелинный клей) сияқты өнімдерді береді.

Мөлдір бал жоғары сапасы жоғары болып есептелінеді. Қазақстан бойынша 300 мыңнан аса жанұялары бар, әрбіржанұя орта есеппен жылына 40-50 кг бал жинайды.

Омарта ұстау, ара өсірудің пайдасы зор. Өйткені бал бүгінгі күні әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Мәселен, балдың түрлі ауруға қарсы емдік қасиеті, тұрмыстық заттар жасауға керектігі баяғыдан белгілі. Ал бал құрамында адам ағзасына пайдалы 60 түрлі зат бар.

Мысалы, глюкоза, минералды тұздар, ферменттер, дәрумендер, радиоактивті заттар және бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Осыдан-ақ ара ұстаудың аса пайдалы екенін байқайсыз.

Өркениетті елдер жыл сайын омарта ұстауға, ара тұқымын асылдандыру үшін жүздеген миллион доллар бөледі. Өйткені ара балына сұраныс көп. Өзін ақтайтын сала. Ал бізде ше? Елімізде ара шаруашылығы Шығыс Қазақстан облысында жақсы дамыған. Бұл аймақта соңғы жылдары асыл тұқымды омарта санын арттыру да дұрыс жолға қойыла бастаған. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы ҒЗИ омарташылық бөлімінің меңгерушісі Абзал Жұмағалиев: - «Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері асыл тұқымды омарта саны артуда» дегенді айтады. «Желтоқсанда аумақта асыл тұқымды 12 омарта болса, қазір олардың саны 24-ке жетті. Ұлан, Күршім аудандарында олардың саны алтаудан, Глубоковский, Шемонайха мен Қатон-Қарағай аудандарында - үшеуден, Үржар және Көкпекті аудандарында - біреу бар. Өкінішке қарай, біздің омарташылардың көбі, бұдан жүз жыл бұрынғыдай ауыр қол еңбегін қолданады. Ал бал алудың кез келген кезеңін механизациялау өнімділікті 25-30 пайызға арттырады. Біз жергілікті машина жасау зауытында бал бөлгіш электр аппаратының екеуіне, сондай-ақ көшпелі омарташылық үшін типтік модульдеріне тапсырыс бердік» дейді ол.

Сондай-ақ ғалым орыстың орта белдеу жазығы тұқымының кенді-алтайлық эндемикалық популяциясын сақтау үшін, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінен тұқымы белгісіз араларды әкелінуін тоқтату мақсатында әр ауданда 3-тен 5-ке дейін, барлығы - 35 асыл тұқымды ара омартасын ашу көзделуде. Одан басқа, алдағы уақытта омарташылар үшін бал алу әдісі бойынша 10 семинардан тұратын курс өткізу жоспарланып отыр. Қазір Шығыс Қазақстанда қазақстандық балдың 70% үлесі жиналады (800 тоннадай). Ал облыстың әлеуеттік 18 мың тонна бал жинауға жетеді.

Қазақстандық омарташыларға ара өсіру шаруашылығында әлемдік стандарттарға қол жеткізу үшін әрбір ара ұясының өнімділігін 25-30 кг балдан 50-60 кг-ға дейін арттыру қажет, деп мәлім етті Шығыс Қазақстанның ара өсірушілері қауымдастығының директоры, ШҚО ауыл шаруашылығы ҒЗИ бөлім меңгерушісі Абзал Жұмағалиев Аргентинадағы 42-ші Апимондия халықаралық конгресінің қорытындысы бойынша өткізілген кеңесте. «Ол жақта жартылай кәсіби омартада ара ұясының орташа өнім беруі 50 кг балды құраса, кәсіби омартада бір ара ұясынан 70 кг бал алынады. Ал бізде ара ұясының орташа өнімділігі - 30 кг, биыл ауа райының қолайсыздығынан 22 кг болды», - деп хабарлады А. Жұмағалиев. Қауымдастық басшысының айтуынша, әлемдік бал өндірісінің 25% - жылына 86-98 мың тонна Аргентинаның үлесінде. Оларда эвкалипт балы негіз болып табылады, оны құрылыс материалдары үшін щикізат – эвкалиптінің жасанды плантацияларында алады. Аргентиналық кәсіби омарталарда 26 мыңға дейін ара ұясы болады және олар барлық өнімнің үштен бір бөлігін береді, бір жұмыскер 800-1000 ара ұясын күтеді. Апимондияның мәліметтеріне сәйкес, ел аумағында барлығы шамамен 2,8 млн ара ұясы бар.

«Шығыс Қазақстанда биыл 31 асыл тұқымды омарта құрылды, оның әрқайсысында карпат немесе орта орыс тұқымының 1500-200 ара ұясы бар. Бал өндірісі 4 мың тоннаны құрады, бірақ аймақтың әлеуеті кем дегенде 18 мың тонна. Бұл біздің ара өсірушілерімізге озық технологияларға көшу керектігін көрсетеді», - деді А. Жұмағалиев.

Оның айтуынша, басты міндеттердің ішінде омарта шаруашылықтарын техникалық қайта жарақтандыру, көпкорпустық ара ұяларына ауысу, аз өнім беретін ара ұяларынан құтылу үшін селекциялық жұмысты мұқият жүргізу, омарталарды өнеркәсіптік көлемге дейін кеңейту болып табылады.

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері асыл тұқымды омарта саны артуда, деп ШҚО ауыл шаруашылығы ҒЗИ омарташылық бөлімінің меңгерушісі Абзал Жұмағалиев мәлім етті. «Желтоқсанда облыста асыл тұқымды 12 омарта болса, қазір олардың саны 24-ке жетті. Ұлан, Күршім аудандарында олардың саны алтаудан, Глубоковский, Шемонайха мен Қатон-Қарағай аудандарында - үшеуден, Үлжар және Көкпекті аудандарында - біреуден бар», - деді ғалым.

А. Мұмағалиевтің айтуынша, орыстың орта белдеу жазығының тұқымының кенді-алтайлық эндемикалық популяциясын сақтау үшін, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінен тұқымы белгісіз араларды әкелінуін тоқтату мақсатныда әр ауданда 3-тен 5-ке дейін, барлығы - 35 асыл тұқымды ара омарталарын ашу көздерілуде. Одан басқа, омарташылар үшін бал алудың 10 семинардан тұратын қарқынды курсын өткізу жоспарланып отыр.

«Өкінішке қарай біздің омарташылардың көбі, бұдан жүз жыл бұрынғыдай ауыр қол еңбегін қолданады. Ал бал алудың кезкелген кезеңін механизациялау өнімділікті 25-30 %-ға арттырады. Біз жергілікті машинажасау зауытында бал бөлгіш электр аппаратының екеуіне, сондай-ақ, көшпелі омарташылық үшін типтік модульдеріне тапсырыс бердік. Ірі омарташылардың қарқынды технологияларының артықшылығын көрсетеміз», - деп А. Жұмағалиев атап өтті.

Қазір Шығыс Қазақстанда қазақстандық балдың 70% үлесі жиналады екен (800 тоннадай). Ал облыстың әлеуеттік мүмкіндігі жаңа технологияларды ескерсек, 18 мың тонна.

Ара тұқымының жер бетінде 3 түрі бар: италиян, карниол және Кавказ аралары. Кавказ арасы әлемде таза, басқа түрмен араласпай сақталып қалған жалғыз жер – Артвин Жамили аймағы. Осында өсірілетін аралардың үстінде нөмірлері де бар.

Мол бал беретін саф Кавказ арасының ең үлкен ерекшелігі – жұмысшы аралардың қарындарының қара болуы. Сары қарындылар басқа аралармен араласқан деп есептеледі.

Кавказ аралары 500 гр бал үшін 3 миллион 750 мың мәрте гүлге қонып шығады. 1 кг бал үшін болса 40 мың дана ара 6 миллион гүлге қонады.

Индонезияның қалың ормандарында алып ара тұқымы табылды. Америкалық бір газеттің жазуына қарағанда, араның ұзындығы 5 см. Бір қызығы ол термиттермен бейбіт қатар өмір сүретін көрінеді.


Дәріс 14. Бал арасы әулетінің көбею биологиясы мен көбейту биотехнологиясы
Баларасы әулетін көбейту биотехнологиясы

  1. Әулеті және биологиясы

  2. Бал ара әулеті және оның көбейту биотехнологиясы

Ара әулеті бүтін бір биологиялық жүйе және шаруашылық бірлік болып табылады.Бал ара әулеті мүшелері болады.Олар : 1аналық ара,мыңдаған,жүздеген аталық аралар,бірнеше,мыңдаған жұмысшы аралар .Ара әулеті жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады. Ол экологиялық жағдайдасыртқы температурасы орташа азықтың болуына байланысты. Ара әулеті бір қалыпты клиникалық жағдайда көктем жаз маусымында тез қарқынды көбейеді. Суық түсе көбею бәсеңдейді, активті кезең көктемде басталады. Әулетті ұрпақ пайда болады.

Аналық ара: қалыпты жағдайда жақсы ара әулеті толық 1 ғ2ана жыныс мүшесі жетілген ұрпақ беруге қаблетті аналық ара. Сырт пішіні жағдайын анықтайды, қанаты (құрсағының жартысын жабады) қарап анықтайды.

Көбею кезінде 180мг кетеді екен. Қыста жұмыртқа шашатын кезде 150мг кішірейіп қалады. Аналық араларды ара сүтімен қоректендіріп отырады. 5 жыл өмір сүреді (бірақ 2-ақ жыл ұстайды).

Ара әудетінде ұрпақ бермесе немесе ұзақ уақыт аналық ара жоғалып кетсе –әулеті жойылып кету қаупі туады.

Жұмысшы аралар аналық аралар өсіру қаблетіне ие. Зерттеулерге қарағанда аналық араның жағдайын, денсеулығын әулет мүшелеріне хабардар етіп отырады. Аналық ара үйір салғанда, ұшып кетсе ұрпақ бермесе.

Үйір салғаннан кейін жұмыртқа салады аналық ара жаңа үйірмен бірге ұшып шығып, жаңа жерге жаңа ара әулеті құрайды. Ал аналық әулетте – жас аналық қалады. Бірнеше аналық жақсы аралар өсіріледі де, нашарын өлтіріп тастайды. Аналық үнемі ұяда болады. Тек шағылысуда ғана шығады. Бір ұяшыққа бір аналық ара. Ол қарайды дайынба жоқ па?

Аналық аралар және жұмысшы аралар

Жұмысшы аралар – ең ұсағы. Олар сан алуан күрделі жұмыс атқарады, тозаң жинайды. Бал ауыз бөліп ұяшық салады. Әулет өміріндегі үрдістерді басқарады. Ара әулетінде ара саны өзгеріп отырады. Қыстан шыққан күйлі әулеттен 15-20 мың әулет болады. Ал жаздың күні 80-100 мың болады. Күзде 30 мыңдай қалады. Күзде пайда болған жұмысшы аралар 9 ай тіршілік етеді. Олар бөлінеді:



  • Ұялық аралар (жас аралар)

  • Жұмысшы аралар шырын, тозаң жинайды.

Аталық - 250 мг қанаттары ұзын, тек шағылысады.
Ара әулетін өсіру биотехнологиясы

Ара әулетінің өсуі жағымды, жағымсыз және 0 болуы мүмкін

Күзде кәрі аталық аралар өледі. Бір жылда ара әулеті бір-бірінен ерекшеленетін 5 өсу кезеңінен өтеді. Бұл кезеңде ара санымен сапасы бо йынша ерекшеленеді.


  1. Қыстамадан шыққан аралардың ауысуы. 15-20 мың жұмысшы аралар ұзақтығы 30-35 күн. Оны омартаға қойып аналық ара қарқынды жұмысқа сала бастайды.

  2. Әулеттің қарқынды өсу кезеңі. Әулетте жас ана аралар пайда болады.сондықтан саны ғана емес сапасы жағынан да өзгереді. Жас аралар қыстан шыққан аралардан 3-4 есе жоғары болады.

  3. Ара әулеті толысып, жқмысшы ара 80-90 мыңға жетіп жұмысқа қосылмаған артық аралар артып кетеді, үйірлену болады.

  4. Ара әулетін қыстамаға дайындау кезеңі. Аралар әлсіреп көптеп өледі. Аналық ара жұмыртқа салуын азайтады. Ірі денесінде дернәсілдік көп ірі жұмысшы аралар пайда болады.

  5. Қыстама кезең. Ара әулеті көбеймейді. Денесінде зат алмасу төмендеп, олар ұяда қысқа шоғырланып топтасуға бейімделеді. Қыстамада температура 0-2ºС болады.

Үйірлену

Бал арасы әулетіне көбейудің 2 түрі тән.

1.Ара әулетінің жекелеген мүшелерінің көбеюі-мүшелерінің санының тұрақтылығын сақтау.

2.Ара әулетінің көбеюі-үйірлену.Тұтас көбею органы ретінде әрекет етеді.Үйірлену нәтижесінде аналық ара әулетінің 1бөлігін жаңа қонысқа әкетеді.Үйірлену бал арасының тұқым қуалайтын қасиеті.Ол ара әулеті табиғатта түр реттейтін сақталуын қамтамасыз етеді. Аналық, бірнеше мың жұмысшы ара және бірнеше жүз аталық ара бөлініп, ұя салып, азық жинайды. Сөйтіп жаңа әулетті қалыптастырады. Бұл – табиғи үйірлену деп аталады.

Үйірлену кезеңі майдың аяғынан бастап 30-40 күнге созылады. Үйірлену кезеңінің басталуы әулеттен шыққан, өсіп-өнуі, тұқымы, ауа райы, азық қоры әсер етеді.

Ара әулетінің табиғи жас аналық араларын өсіруден, сәл кейінірек аталық аралардан басталады. Жоғарыда айтқандай өте көп бос жас жұмысшы аралар пайда болады. Олар ағзасына бал сауытына азық ұорын жинайды жұмыртқаларын 45 пайыз арттырып, күрт тежейді. Арнайы дайындалған ұяшықтарға жас аналық аралар пайда болады. Үйірленер алдында әулеттің ұясындағы дернәсілдер 11,9 пайыз есе артады, ал жай әулетте үйірленбеген бұл ара қатынас 2,4 пайыз есе болады.Үйірленер алдында 7-10 күн әулет ұяшық жасмайды.Шырын жасап өңдемейді.Бұл жағдай т.б жас аналық жойлып ьір ғана сапалы жас аналық ара қалғанша жалғасады.Негізгі аналық араның салмағы күрт азаяды.Жаңа ұяда 5 күн ішінде қайта салмақ жинайды.Әулетте біріншіден соң екінші,үшінші үйірлену болады.Үйірлену күні таңертең ұшуы әлсіз,түске таман үйірленіп 5-10 минутқа созылады.Оған белгі:барлаушы аралардың қоныс тауып келеді.Ұядан ұшып шыққан үйір дыбыс арқылы ұшып жүреді.Ұшып шыққандары үйір ағашқа қонады.Үірдің сыртқы 3 арадан тұратын қабатпен қабталған.



Дәріс 15. Қазақстандағы омарта шаруашылықтары. Бал арасы әулетінің пакеттерін өндіру және пайдалану биотехнологиясы

Қасиетті балдың қадірін ежелгі дәуірдің жұрты да жақсы біліп, түсінгенін тарих дәлелдеп отыр. Суы бал, шөбі нәр дәл Алтай жерде осыдан үш ғасырға жуық уақыт бұрын арадан бал алынған көрінеді. Араның гуліне толы сай ішіндегі омарта басында: «Бұл жерде 1786 жылы Қазақстан мен Сібірдегі ең алғашқы омарташылық кәсібі басталған» деген гранит тасқа қашалып жазылған сөздері бар ескерткіш тақта ашылды.

Қазақстанда омарта шаруашылығы - артта қалып келе жатқан сала. Шаруашылықты өркендетуге қаржы қарастырылмай отыр. Қазіргі күні елімізде барлығы 6 мыңнан астам ғана ара ұясы бар. Мемлекет тарапынан назар аударылмай отырған мәселені бір ғана облыс деңгейінде шешіп, қалпына келтіру оңай емес. Елімізде «Омарта шаруашылығы туралы» Заң бар болғанымен, саланың жұмысын жүйелеуге қауқарсыз болып келеді. Өскеменде осымен қатарынан екінші жыл ұйымдастырылып отырған халықаралық бал фестивалінің көздеген басты мақсаты - омарта шаруашылығының шырайын келтіріп, оны табысты кәсіпке айналдырып отырған елдердің іс-тәжірибесін үйреніп, өз облысымызға, елімізге енгізу, орын алған проблемаларды бірлесе шешу жолдарын қарастыру. Өңірдің табиғи ерекшелігін, әлеуеттік мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, саланы өркендету үшін Шығыста екі жылдан бері марал, омарта шаруашылығына қолдау көрсетіліп, облыстық бюджеттен субсидия бөлінуде. Омарташылар даярлауға, ара тұқымын асылдандыруға жағдай жасалуда.

Қазақстанда таяу жылдары бал арасының ұясын 2 миллионға дейін жеткізу жоспарлануда. Осы межеге жету үшін бал араларын асылдандыруға үлкен мән берілуде. Осы фестивальға биыл да келіп қатысып, балдың адам иммунитетін көтеріп, ағзаны сауықтырудағы баға жетпес қасиеті жөнінде дәйекті деректер келтірген Қазақстан тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов тұмса табиғатымыздың сан мың алуан гүлі мен тобылғы, шырғанақ, қарақат, тошала, шүйгін шөбінен жиналған Шығыс Қазақстан жерінің балы, Алтайдың балы барлық елдің, жердің балынан асып түсетін теңдесі жоқ шипалы өнім екенін ерекше атап айтып, «облыс басшысының мектеп оқушыларының тамақ мәзіріне 20 грамнан балды енгізіп отыруы халық болып қолдап, бүкіл Қазақстанда жүзеге асырылуы қажет шара» деп бағалады.



Ара тұқымын асылдандыру мақсатында биылғы жылы 3 асыл тұқымды «Орта орыс» арасын өсіруші шаруашылықтар құрылды. Сонымен қатар екі шаруашылық асыл тұқымды ара өсіруші шаруашылық мәртебесін алуға өтініш білдіріп, ғылыми зерттеу институтымен бірлесе жұмыс жүргізуде.


Таяуда Солтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалықтары зығыр өсімдігі егілген алқаптарды ұшақпен дәрілетеміз деп омарташылардың 22 миллионнан астам бал арасын қырып алды. Омарташылардың есіл еңбектерін еш еткендер ел-жұртты күні бұрын хабарландырмаған. Ал Шығыс Қазақстан облысында алқаптарға шегірткеге қарсы химиялық дәрі шашудың салдарынан 50 омарташының бал арасының тең жартысы жойылды. Мұнда да омарташылар алдын-ала хабардар етілмеген. Араның бір «отбасы» 125 мың теңгенің әселін жинайды


Ара бағып, бал жинаумен айналысушылар Оңтүстік Қазақстан облысында да көп. Ал бұл жақтағы ара шаруашылығының жағдайы қалай болып жатыр? Бал араларына деген қауіптің алдын-алу мәсе­лесі назарда ұстала ма?
Осыны білу мақсатында біз облыстағы «Әуесқой ерікті омарташылар» қоғамының төрағасы Төрехан Нұрмұхаммедовпен хабарластық. Оның айтуына қарағанда, біздің аймағымызда да аралардың қы­рылып қалу қаупі жоғары. Алдын-ала бейхабар болғандықтан Сарыағаш ауданында шегірткеге қарсы, Мақтаарал ауданында көсек құртына қарсы дәрілеу жұмыстары кезінде омарташылардың араларын қырып алатын кездері болып тұрады. Сондықтан біз бал араларымызға деген қауіп-қатерді әрдайым сезініп, алаңдап отырамыз. Ал арманымыз – осы кәсіптің ел ішінде өркендеуі.
– Қурай, жантақты жерлерден бал жақсы жиналады, – дейді Т. Нұрмұхаммедов. – Бірақ қауіпті болғасын осы күні омарташыларымыз далалы жерге аз шығады. Қазір бұрынғыдай тәртіп жоқ, хабар­ламай-ақ алқаптарға дәрі шашады. Мақтааралдағы омарташымыздың бірінде – 300, екіншісінде 400 бал арасының ұясы болатын. Химикаттарға уланып қырылудан соларда осы күні 60-70 ұядан ғана қалды. Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының табиғаты ара бағуға қолайлы болғанымен қауіпті жағы басым.
Бал арасының пайдасын биліктегілер әлі күнге дейін жете түсінбей келеді. Сондықтан ара шаруашылығының етек жаюына жағдай жасалмауда. Балдың бір килосы солтүстік жақта 2,5 мың теңге, бізде одан төменірек. Сонда 1 «фляга» балыңыз 125 мың теңге, оны бір-ақ ұяның арасы жиып береді. Егер жас аралар болса екі «фляга» бал жинайды. Кірісті ең көп кіргізетін кәсіптің бірі осы. Есеп бойынша қазір қол­да бар бал аралары бір жылда бүкіл «Қазақмыс» кәсіпорнының жылдық табысын әкеле алады екен.

Биыл далалы жерлердің өсімдіктері күйіп кеткендіктен омарташылар көбіне тауға жақын жақтарға шықты. Оған қоса көктем суық болып, бал аз өндірілді. Дегенмен облысымызда тұрғындардың бал арасын өсіруге деген ынтасы жоғары. Бір қиыны, бал арасын ұстаушыларды бүгінде кәсіпкерлерге теңеп қойған. Олар салық басқармасына тіркеліп, есеп береді. Ал бұрын бұл кәсіптің иелері әуесқой бал арасын бағушылар ғана болатын.
Оңтүстікте 4 мыңдай омарташы бар
Т.Нұрмұхаммедовтің өзі зейнеткер, бал арасымен шұғылданып келе жатқанына 28 жыл болыпты. Облыстағы омарташылардың басым бө­лігі осы кісінің шәкірттері. Ол бал араларын қалай күтіп-баптауды және олардың тұқымын асылдандыру жолдарын жақсы меңгерген. Бұл ша­руашылықтың проблемалары аз емес. Төкең министрді де, әкімдерді де талай жағалап көріпті. Бірақ әзірге мемлекет тарапынан омарташы­ларға деген қамқорлық сезілмей тұр.
Ол кісі былай дейді: «Біз облыс басшылығынан ара тасымалына кедендік бақылаудың күшейтілуін сұрадық. Себебі Өзбекстанның араларының тұқымы таза емес, әлсіз болады. Сол жақтан кәсіпкерлер көп әкеліп, таратқасын сапасы жоқ ара көбейді. Тұқымы асылдандырылған жас араларды өзіміз өндіріп жатырмыз. Солтүстік облыстардағы омарташылар араның ұрығын бізден әкетуде.
Жылда көктемде жер дауы өршиді. Жергілікті тұрғындар айдаладағы бос жатқан тоғайлар мен далаларға омарташыларды оңайлықпен кіргізбейді. «Менің жерім, мұнда келмеңдер» деп алдарынан шығады. Мемлекеттің жерін жалға алған адамдарға бал арасының еш зияны жоқ. Қайта өсімдіктерді тозаңдандырады. Жергілікті әкімдіктер омарташыларға жер жөнінен көмек берсе дұрыс болар еді. Ол жерді көтеріп әкетпейді, уақытша ғана тұрақтайды.
Жалпы, ара шаруашылығына басшылар оң көзбен қараса, осының дамуына үлес қосса дейміз. Бал өндірісі кеңінен жолға қойылса, мол пайда түседі, жаңадан жұмыс орындары ашылады.
Төлеби ауданындағы Раис деген азаматқа асыл тұқымды ара бердік. Ол арасының ұясын 30-ға жеткізді. Өзімізге сатудан бас тартты. Себебі ол араның пайдасын білді. Бір маусымда 40 «фляга» бал алды. Пұлдағанда ол кемі 1 миллион теңге болады. Мұның алдында әкесінің 100 қойына қарап жүретін. Қазір қойды менсінбейді, араның пайдасы қойдікінен әлдеқайда көп екен деп жүр. Жалпы, бал арасының пайдасын көп адам біліп қалды. Қазір облыста 3-4 мың омарташы бар. Солар әйтеуір кәсібін жасап, күндерін көріп жүр. Ал мемлекеттен қолдау болып жатса шаруа дүркіреп кетер еді. Бізге келіп осы өнерді үйренушілер бар. Кейбіреулер ақыл-кеңес алып тұрады. Кімде кім үйренемін деп ниет етсе, келсін, қоғамымызға мүше болсын. Мекен-жайымыз: Толстой көшесі. №43 үй, телефонымыз: 43-33-15. Ал менің үйімнің телефоны: 57-57-88».
...Шынында, бал арасының пайдасын қазақтан гөрі өзге жұрт жақсы біледі. АҚШ, Канада, Қытай тұрғындары мұнымен қатты айналысады. Оларда бал арасын бағудың технологиясы мен әдіс-тәсілдері қалыптасқан.
Т. Нұрмұхаммедов бал арасының егін алқаптарына да өте көп пайда келтіретінін айтады. Шет елдерде егін алқабының иелері бал арасын бағатындарға қомақты ақы төлеп, екі-үш ұясын егіннің басына бес-алты күн қойғызады екен. Ара тозаңдандырған егін өнімді үш есе артық бе­реді. Ал біздегі шаруа қожалықтарының иелері осыған мән бермей келеді. Кейбіреулері ғана егіні гүлдегенде бал арасын іздейтін көрінеді.
Адамға пайданы шаш-етектен келтіретін ара шаруашылығын қауіп-қатерден сақтап, оның өркендеуін қолға алсақ жаман болмас еді.

С.НАҒАШЫБЕК.



 Таяуда Солтүстік Қазақстан облы­сын­да шаруа қожалықтары зығыр өсімдігі егіл­ген алқаптарды ұшақпен дәрілетеміз деп омарташылардың 22 миллионнан астам бал арасын қырып алды. Омарташылардың есіл ең­бектерін еш еткендер ел-жұртты күні бұрын хабарландырмаған. Ал Шығыс Қазақстан облысында алқаптарға шегірт­ке­ге қарсы химиялық дәрі шашудың салдарынан 50 омарташының бал арасының тең жартысы жойылды. Мұн­да да омарташылар алдын-ала хабардар етілмеген.

Араның бір «отбасы» 125 мың теңгенің балын жинайды

Ара бағып, бал жинаумен айналысушылар Оңтүстік Қа­зақстан облысында да көп. Ал бұл жақтағы ара шаруашы­лығының жағдайы қалай болып жатыр? Бал араларына деген қауіптің алдын-алу мә­се­лесі назарда ұстала ма?

Осыны білу мақсатында біз об­­лыстағы «Әуесқой ерікті омар­ташылар» қоғамының тө­ра­ғасы Төрехан Нұр­мұ­хам­ме­довпен хабар­лас­тық. Оның айтуына қарағанда, біздің ай­ма­ғымызда да аралардың қы­рылып қалу қаупі жоғары. Алдын-ала бейхабар бол­ғандықтан Сарыағаш ауданында ше­гірт­кеге қарсы, Мақтаарал ау­данында көсек құртына қарсы дәрілеу жұ­мыс­тары кезінде омар­­ташы­лардың араларын қыры­п алатын кездері болып тұрады. Сондықтан біз бал ара­­­лары­мызға деген қауіп-қатерді әр­дайым сезініп, алаң­­дап отырамыз. Ал арма­ны­мыз – осы кәсіптің ел ішін­де өркендеуі.

– Қурай, жантақты жер­лер­­ден бал жақсы жиналады, – дейді Т. Нұрмұхаммедов. – Бірақ қауіпті болғасын осы кү­ні омарташыларымыз далалы жерге аз шығады. Қазір бұ­­рын­ғыдай тәртіп жоқ, ха­бар­ламай-ақ алқаптарға дәрі ша­шады. Мақтааралдағы омар­­­та­шымыздың бірінде – 300, екіншісінде 400 бал арасының ұясы болатын. Хими­кат­тарға уланып қырылудан соларда осы күні 60-70 ұядан ғана қалды. Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының табиғаты ара бағуға қолайлы бол­ғанымен қауіпті жағы басым.

Бал арасының пайдасын би­ліктегілер әлі күнге дейін же­те түсінбей келеді. Сондықтан ара шаруашылығының етек жаюына жағдай жасалмауда. Балдың бір килосы сол­түстік жақта 2,5 мың теңге, бізде одан төменірек. Сонда 1 «фляга» балыңыз 125 мың теңге, оны бір-ақ ұяның арасы жиып береді. Егер жас аралар болса екі «фляга» бал жинайды. Кірісті ең көп кіргі­зетін кәсіптің бірі осы. Есеп бо­­йын­­ша қазір қол­да бар бал аралары бір жыл­да бүкіл «Қа­зақ­мыс» кәсіпорнының жылдық табысын әкеле алады екен.

Биыл далалы жерлердің өсім­діктері күйіп кеткендіктен омарташылар көбіне тауға жақын жақтарға шықты. Оған қо­са көктем суық болып, бал аз өндірілді. Дегенмен облысымызда тұрғындардың бал арасын өсіруге деген ынтасы жоғары. Бір қиыны, бал арасын ұс­таушыларды бүгінде кәсіп­керлерге теңеп қой­ған. Олар салық басқармасына тіркеліп, есеп береді. Ал бұрын бұл кә­сіптің иелері әуесқой бал ара­сын бағушылар ғана болатын.



Оңтүстікте 4 мыңдай омарташы бар

Т.Нұрмұхаммедовтің өзі зейнеткер, бал арасымен шұ­ғылданып келе жатқанына 28 жыл болыпты. Облыстағы омар­­ташылардың басым бө­лігі осы кісінің шәкірттері. Ол бал араларын қалай күтіп-бап­тауды және олардың тұ­қымын асылдандыру жолдарын жақсы меңгерген. Бұл ша­руа­шы­лықтың проблемалары аз емес. Төкең министрді де, әкім­дерді де талай жағалап көріпті. Бірақ әзірге мемлекет тарапынан омарташы­лар­ға де­ген қамқорлық сезіл­мей тұр.

Ол кісі былай дейді: «Біз облыс басшылығынан ара тасымалына кедендік бақылаудың күшейтілуін сұрадық. Се­бебі Өзбекстанның араларының тұқымы таза емес, әлсіз болады. Сол жақтан кәсіпкер­лер көп әкеліп, таратқасын сапасы жоқ ара көбейді. Тұқымы асылдандырылған жас ара­ларды өзіміз өндіріп жа­тыр­мыз. Солтүстік облыстардағы омарташылар араның ұрығын бізден әкетуде.

Жылда көктемде жер дауы өршиді. Жергілікті тұрғындар айдаладағы бос жатқан тоғайлар мен далаларға омарташыларды оңайлықпен кіргіз­бейді. «Менің жерім, мұнда келмеңдер» деп алдарынан шы­ғады. Мемлекеттің жерін жалға алған адамдарға бал арасының еш зияны жоқ. Қай­та өсімдіктерді тозаңдандырады. Жергілікті әкімдіктер омарташыларға жер жөнінен кө­мек берсе дұрыс болар еді. Ол жерді көтеріп әкетпейді, уақытша ғана тұрақтайды.

Жалпы, ара шаруашылығына басшылар оң көзбен қа­раса, осының дамуына үлес қос­са дейміз. Бал өндірісі ке­ңінен жолға қойылса, мол пай­да түседі, жаңадан жұмыс орындары ашылады.

Төлеби ауданындағы Раис деген азаматқа асыл тұқымды ара бердік. Ол арасының ұясын 30-ға жеткізді. Өзімізге сатудан бас тартты. Себебі ол араның пайдасын білді. Бір маусымда 40 «фляга» бал ал­ды. Пұлдағанда ол кемі 1 миллион теңге болады. Мұның алдында әкесінің 100 қойына қарап жүретін. Қазір қойды мен­­сінбейді, араның пайдасы қойдікінен әлдеқайда көп екен деп жүр. Жалпы, бал арасының пайдасын көп адам біліп қалды. Қазір облыста 3-4 мың омарташы бар. Солар әйтеуір кәсібін жасап, күндерін көріп жүр. Ал мемлекеттен қолдау болып жатса шаруа дүркіреп кетер еді. Бізге келіп осы өнер­ді үйренушілер бар. Кей­біреулер ақыл-кеңес алып тұ­рады. Кімде кім үйренемін деп ниет етсе, келсін, қоғамы­мыз­ға мүше болсын. Мекен-жайымыз: Толстой көшесі. №43 үй, телефонымыз: 43-33-15. Ал менің үйімнің телефоны: 57-57-88».

...Шынында, бал арасының пайдасын қазақтан гөрі өзге жұрт жақсы біледі. АҚШ, Канада, Қытай тұрғындары мұ­ны­мен қатты айналысады. Олар­да бал арасын бағудың технологиясы мен әдіс-тә­сіл­дері қалыптасқан.

Т. Нұрмұхаммедов бал ара­сының егін алқаптарына да өте көп пайда келтіретінін айтады. Шет елдерде егін ал­қабының иелері бал арасын бағатындарға қомақты ақы төлеп, екі-үш ұясын егіннің басына бес-алты күн қойғызады екен. Ара тозаңдандыр­ған егін өнімді үш есе артық бе­реді. Ал біздегі шаруа қожалықтарының иелері осыған мән бермей келеді. Кейбіреу­лері ғана егіні гүлдегенде бал арасын іздейтін көрінеді.



Адамға пайданы шаш-етектен келтіретін ара шаруашылығын қауіп-қатерден сақтап, оның өркендеуін қолға алсақ жаман болмас еді.
 
Шемонайха ауданына қарайтын Убинка елді мекеніндегі Мишениндер отбасының үйі
Аспанда шөкімдей бұлт көрінбейді. Көктегі күннің көзі жердің бетіне шұғыласын аямай төгіп тұр. Құлаққа аралардың ызыңдаған дыбысы алыстан талып жетеді. Аулаға кіре бергенімізде ағаш бояйтын лактың мүңкіген иісі келді мұрынға. Білегін түріп тастап жұмысқа белсене кіріскен ер адам қаз-қатар тізілген ағаш жәшіктерді бояп жүр.

Шемонайха ауданына қарайтын Убинка елді мекеніндегі Мишениндер отбасының үйі бұл.
– Жазғы маусымға қамданып жатқандағы түріміз ғой, – деп бастады әңгімесін отағасы Алексей Мишенин амандық-саулық сұрасқан-нан кейін. – Ара өсірумен айналысқаныма 
9 жылдан асты, биылғы қыстан аман-есен алып шыққан 27 жәшік араларым бар. Тағы да отыз жәшіктей араны сатып алмақпын. Мынау лактап жатқан омарталар соған арналған.
Оның сөзіне қарағанда, «Жұмыспен қам-ту-2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттен кепілдікпен алған бір миллион теңге көлемін-дегі несиеге бал араларын сатып алып, ауылды жерде жеке кәсібін өркендетпек. Несиені ол жылына 4,95 пайыздық мөлшерлемемен 5 жыл мерзімге алыпты. Дей тұрғанмен кәсіпкер азамат ісі оңға басып, табыс жақсы түсіп жатса, екі жылдан ұзатпай қарызды өтеп тастауды жөн көріп отыр.


– Ауылда тұрып жұмыс жоқ деген адам-дарды түсінбеймін. Он екі мүшесі сау, тепсе темір үзетін жігіттерге екі қолға бір күрек табылады қазіргі заманда. Оның үстіне мемлекет тарапынан да көрсетілетін қолдау бар. Қарапайым ғана мысал, мен өзім осы бағдарламаның арқасында тиімді несиеге қол жеткізіп, шаруамды дамы-туға мүмкіндік алдым, – деп ағынан жарылған Алексей алдағы жоспарларымен де бөлісті. 


Жиыны алпысқа жуық омартаны өсіріп-бағуға бел буған омарташы жігіт көк құлпыра салысымен араларын жайлауға шығармақшы. Рас, жері шұрайлы, сан алуан өсімдіктер қорына бай Шемонайха өңірі бал арасын өсіруге сұранып-ақ тұр.

Бұған қоса көсіліп жатқан ат шаптырым егістік алқаптар, соның ішінде қарақұмық, күнбағыс сияқты дәнді дақылдар гүлдегенде еңбексүйгіш жәндіктер үшін нағыз «той» басталады. Өнімді шелектеп төгетін де – 
осы кез. Мәселен, жаз жайлы болғанда бір омарта бір маусымда қырық литрден астам бал бере алады десек, алпыс жәшіктен қанша литр өнім алынатындығын есептей беріңіз. Ауылдағы ағайындарға бұл үлкен пайда. Бір ыңғайлысы, шаруа иесі араларды жайлауға шығаруға техника іздеп әуреленбейді екен. Туысқан ағасының жекеменшік тракторына тіркеме іліп алып, желегі жайқалған жерлерді аралап көшіп отырмақ. Сонымен қатар шаруа қожалықтарының басшыларымен келісіп, егістік алқаптарды жағалай жайғаспақшы.

Айтпақшы, Алексейдің негізгі мамандығы – дәнекерлеуші. Ара өсіруді ол аталас ағасынан «жұқтырыпты». Несиеге ара сатып алып, жеке шаруашылықпен айналысу жөніндегі кеңесті де осы ағасы берсе керек. Бүгінде Убинка ауылында тұратын ағасының 170-тей омартасы бар. Дей тұрғанмен біздің кейіпкеріміз өзінің тоғыз жылдық тәжірибесін жетілдіре түсу мақсатымен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы үш айлық омарташыларды оқыту курсына жазылып, наурыз айының 15-інен бастап таңдаған кәсібінің қыр-сырын терең-
детіп меңгеруге ден қойыпты. 
Мишениндер отбасы ала жаздай жинаған өнімдерін өткізуді де осы бастан ойластырып жатыр.
– Аудандық жұмыспен қамту орталығы жеке кәсіпкерлерге несие беріп қана қоймай бухгалтерлік, заңгерлік тұрғыдан да көмектер көрсетеміз. Нина Мишенина (Алексейдің жұбайы) жеке кәсіпкерлік ашу жөніндегі құжаттарды салық органдарына тапсырып қойған. Осы құжаттар қалай дайын болады, солай өз өнімдерін мемлекеттік сатып алу арқылы өткізуге мүмкіндік алады. Мәселен, мектептер мен балабақшаларды, басқа да мекемелерді тиімді бағаға сапалы балмен қамтамасыз ететін болады. Тауар міндетті түрде сертификатталып, тіркеуден өтеді, – дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы   23 қыркүйектегі № 514 бұйрығында:

 «Бал араларының ауруларын  алдын алу, емдеу және бал аралары қауымының зиянкестерімен күресу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы   23 қыркүйектегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3159 болып тіркелген, 2005 жылғы

Бал аралық қауымдарда, пакеттерді, аналықтарды өткізу ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеріп қарағаннан кейін жүзеге асырылады. Әр омартаға  «Баларасы шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 27 мамырдағы №297 бұйрығымен бекітілген  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2374 болып тіркелген) нысан бойынша  ветеринариялық паспорт жүргізіледі.»;

ОМАРТАШЫНЫҢ ҚҰПИЯ СЫРЫ

Кәсiп түбi-нәсiп

Қасиеттi Құран-Кәрiмде "Ара" атты сүре бар. Онда бал арасынан алынатын барлық өнiмнiң адамға пайдалы екенi айтылыпты.

Алладан түскен соңғы кiтапта араға арналған сүре тұрса, оның қаншалықты пайдасының барлығы осынан көрiнетiнi сөзсiз ғой. 

Қазақ ежелден балды да, бал арасын да бiлсе керек. Бұған көне Отырар, Сайрам, Сығанақ қалаларының орнынан табылған балауыз сияқты заттар дәлел. Соған қарағанда, там-тұм омарта ұстағандар да болған. Рас, ол туралы дерек көздерi тым сирек. Ал қазiр бiзде бал арасын ұстаудың шежiресiн 1786 жылдан, яғни, қазақ даласының сонау шығысында жатқан Алтай өлкесiн Ресейдiң отарлау кезеңiнен бастайды. Сонан кейiн аталған кәсiп Жетiсу өңiрiне тарапты. Ақжайыққа алғашқы омарташылар мен бал арасының "отбасылары" көршiлес Орынбор өңiрiнен келген.


Қай заманда да өмiрден өшпейтiн омарташылық Кеңес өкiметiнiң жылдарында өрiсiн кеңге жайды.

Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейiн Қазақстанда 400 мыңға жуық ара ұясы болып, ұжымшарлар мен кеңшарларда және жеке шаруашылықтарда ұсталды, бағып-күтiлдi. Отанымыз жыл сайын Жапония, Оңтүстiк Корея және тағы басқа елдерге 50 мың тоннадан астам жоғары сапалы, мөлдiр де таза балды экспортқа шығарып отырған.

Бал арасын өсiру саласында 100 мыңнан астам адам еңбек еттi. Бал арасын өсiру – бiреулер үшiн кәсiп болса, екiншiлер үшiн нәсiпке және бос уақытын мазмұнды өткiзудiң көзiне айналды.
Алайда соның барлығы бүгiнде бәрi өтiрiк". 2008 жылы елiмiзде бар болғаны... 2780 тонна бал өндiрiлiптi. Қазiр бал арасын өсiрумен бүкiл республика бойынша тек он мың адам ғана айналысуда. Салыстыратын болсақ, Украинада бұл кәсiпке мойын бұрғандардың саны жарты миллионға жеттi. Былай қарағанда, украин елiнiң экономикалық ахуалы бiзбен тiптi салыстыруға да келмейдi.

Сонымен қатар, ара отбасыларының саны он есеге қысқарған. Мемлекет тарапынан бал арасын өсiру саласын басқару тетiгi атымен жоқ. Қазақтың бал арасын өсiру тәжiрибе стансасы жабылып қалды.


Тек соңғы жылдары ғана iсте жанданушылық байқалады. Қазақстанның бұрынғы Үкiметбасы С. Терещенконың бастамасымен Қазақстан бал арасын өсiрушiлердiң Ұлттық Одағы құрылды. Оның төрағасы – өзi. Бұдан басқа, аймақтарда осы одақтың бөлiмшелерiн құру қолға алынды. Отанымызға сырттан бал арасы үшiн нәрлi шөптердiң тұқымдары әкелiнiп, себiлуде. Нәр беретiн ағаштар отырғызу iске асырылып жатыр.

Осы салаға қажеттi құр ал-жабдықтар өндiретiн кәсiпорын ашылмақ. Тағы да басқа iстерге қозғау салынды.


Таулы Алтайдың шөбi шұрайлы, жасыл желектi аңғарларындай болмаса да, Ақжайықта да омарта ұстап, күнiн көргендер бұрын да аз кездеспеген. Тап қазiр де жоғалып кете қойған жоқ. Тек санының күрт кемiгенi болмаса.

Гүлжан Мәжитқызының айтуынша, бал арасын өсiруге және омарта ұстауға қызығушылар жеткiлiктi. Аталған ұжым шiлде айында "Информбиржа" газетiне "Тұңғыш омарташылар компаниясы "Тенториум" жұмысқа және ынтымақтасуға шақырады" хабарландыру бергенде, безек қаққан телефонда тыным болмапты. Сан адам, iшiнде өзiмiздiң қаракөздер де бар, қалайша бал арасын өсiруге болады, омартаны қалай ұстау және басқа үдерiмдер жөнiнде кеңес пен көмек беруiн сұрапты.

Осы жерде айта кеткен жөн, омарташылардың арасында қандастардың саны әлi де саусақпен санарлықтай... 
Алайда бал арасын өсiрудi онан әрi дамытуға кедергi де көп. Оның да түрлi себебi бар. Мәселен, бал арасы нәр жинайтын екпе шөптер өсiрiлетiн алқаптар жоқтың қасы. Барының өзi тым аз. Мысалы, өңiрiмiзде өсiрiлiп жатқан күнбағыс түрлерi мейлiнше майлы болғанымен, бал арасына берер нәрi жұтаң. Эспарцет, қарақұмық сынды нәрi мол дақылдардың себiлмегенiне көп болды немесе барының өзi жартымсыз.

Несие жайыда алаңғайырлық облысымызға танымал омарташы Сергей Кривобоков биыл банктен несие алды. Рас, ол өзiнiң мүлiктiк және қаржылық мүмкiндiгiне кәмiл сенiмдi. Өкiнiшке қарай, өзге омарташылар мұндай қадамнан әзiрге жалтарулы. Өйткенi, кез келген банктың пайыздық жеңiлдiктерiнiң жоқтығы өз алдына, сол несие алу үшiн сандаған ведомствоға барып, құлаш-құлаш құжат жинаудың машақатын айтыңызшы?!

Соңғы кезде тағы бiр аяққа оралғылар туындады-биыл шiлде айында қабылданған Қазақстан Республикасының биоқосымшалар туралы заңында бал арасының бiр өнiмi-прополис биоқосымшаға жатқызылған. Сондай-ақ, дәрiгерлер қауымы да: "Араның балы да аллерген" деп, ызыңдай бастады. Ал мұндай ұйғарымдарға Г.Мұхамбетқалиева сол саланың маманы ретiнде үзiлдi-кесiлдi қарсы:– Табиғаттың тума тұнбасы болғандықтан, бал ешқандай аллерген де, биоқосымша да емес.

Тек бал ғана емес, арадан алынатын прополис, аналық сүт, тозаң гүлi және басқа өнiмдер бүкiл дертке дауа.

Апитерапия-яғни, бал арасы, бал өнiмдерiмен сауықтыру-ежелден келе жатқан ем-домның түрi.

Тiптi балды дәрi-дәрмекпен қатар қолданса, ол ағзадағы дәрiден тұла бойға сiңген химиялық улы заттарды бiртiндеп шығаратын көрiнедi. Сондықтан компанияға келушiлердiң қарасы үзiлмейдi, жұмыс телефонына да тыным жоқ. Бiр сөзбен айтсақ облыс омарташылары ара шаруашылығы туралы арнайы заңның қабылдануын асыға күтедi. Сонан соң, бал арасына қатысты облыстық бағдарлама қабылданса да, артық болмас едi. Әрине, мұның бәрi келешектiң еншiсiне тиер жұмыстар.


Жайықтың балы да арзан. Келiсi 2 мың теңгеден аспайды. Атырау мен Ақтауда ол 3,5-4 мыңнан кем емес. Тек жасанды емес, тазасын таңдай бiлсеңiз болғаны. Айтпақшы, 14 қыркүйекте атаулы күнге орай, Орал қаласындағы М.Ықсанов және Құрманғазы атындағы көшелердiң тоғысқан тұсында бал жәрмеңкесi ұйымдастырылды. Одан құр қалғандар Орал қаласының күнi-18 қыркүйекте болған келесi жәрмеңкеге барып, өз қалағандарын тапты.
Осыған орай айтарымыз, "Тенториум" компаниясы жан-жақты байланыс орнатқан. Сонау Ресейдiң Пермь қаласында бал өнiмдерiнiң бүкiләлемдiк көрмесi ретiндегi мұрағат бар екен. Мiне, соған жеткiзiлген Ақжайықтың балы "Ең сапалы да дәмдi өнiм" деген бағаға ие болса керек. 
Бал арасын өсiру және омарта ұстау-әрi қиын, әрi қызықты кәсiп. Кеткен шығынды ақтайтыны өз алдына, Гүлжан Мәжитқызының айтуынша, кiрiсiнiң өзi кейде 200 пайызға дейiн барады. 
Қазақтың даңқты ұлы, Кеңес Одағының екi мәрте Батыры Талғат Бигелдинов ағамыз жетпiстен асқан шағында омарташылыққа ден қойыпты. Осы кәсiппен түбегейлi айналысқан ақсақал өзiнiң таза балды күнделiктi тұтынуының арқасында денсаулығының күрт жақсарып, ағзасының жасара түскенiн айтады. Әттең, Талғат ағамыздың өнегесiнен бүгiнде қолы бос, кейбiр мазасыз, қытымыр қарттарымыз үлгi алса, кәне?!

Қали АХОН, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлiм бастығы: 
Бал арасын өсiрудiң және омарташылардың қиыншылықтары маған жақсы таныс. Қазiргi экономикалық ахуалға байланысты ара шаруашылығына байланысты облыстық бағдарлама жасау кейiнге шегерiлген. Ендi ара нәр жинайтын екпе шөп пен ағаштар алқабына келсек, омарташылар өзара бiрiгiп, келiсiп, жер алсын да ексiн. Оған бiздiң тарапымыздан кедергi жоқ. Немесе ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi шаруашылық қожайындарымен келiсiп, өзара тиiмдi ынтымаққа ұмтылса, несi ауыр?! "Жыламаған сәбиге омырау бермейдi" деген халық даналығы бар ғой.

Өзiмнiң пайымдауымша, өңiрiмiзде ара өсiрудiң үлкенкелешегi бар.



Руслан ДОСМҰХАМБЕТОВ, омарташы: Осы кәсiппен бес жылдан берi айналысамын. Әрi еңбек, әрi ермек. Пайдасы да мол. Өзiме де ұнайды. Атақты Шерлок Холмс та омарта ұстапты ғой. 





Араны да асылдандыруға болады









Омарта ұстау, ара өсірудің пайдасы зор. Өйткені бал бүгінгі күні әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Мәселен, балдың түрлі ауруға қарсы емдік қасиеті, тұрмыстық заттар жасауға керектігі баяғыдан белгілі. Ал бал құрамында адам ағзасына пайдалы 60 түрлі зат бар.

Мысалы, глюкоза, минералды тұздар, ферменттер, дәрумендер, радиоактивті заттар және бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Осыдан-ақ ара ұстаудың аса пайдалы екенін байқайсыз.

Өркениетті елдер жыл сайын омарта ұстауға, ара тұқымын асылдандыру үшін жүздеген миллион доллар бөледі. Өйткені ара балына сұраныс көп. Өзін ақтайтын сала. Ал бізде ше? Елімізде ара шаруашылығы Шығыс Қазақстан облысында жақсы дамыған. Бұл аймақта соңғы жылдары асыл тұқымды омарта санын арттыру да дұрыс жолға қойыла бастаған. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы ҒЗИ омарташылық бөлімінің меңгерушісі Абзал Жұмағалиев: - «Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері асыл тұқымды омарта саны артуда» дегенді айтады. «Желтоқсанда аумақта асыл тұқымды 12 омарта болса, қазір олардың саны 24-ке жетті. Ұлан, Күршім аудандарында олардың саны алтаудан, Глубоковский, Шемонайха мен Қатон-Қарағай аудандарында - үшеуден, Үржар және Көкпекті аудандарында - біреу бар. Өкінішке қарай, біздің омарташылардың көбі, бұдан жүз жыл бұрынғыдай ауыр қол еңбегін қолданады. Ал бал алудың кез келген кезеңін механизациялау өнімділікті 25-30 пайызға арттырады. Біз жергілікті машина жасау зауытында бал бөлгіш электр аппаратының екеуіне, сондай-ақ көшпелі омарташылық үшін типтік модульдеріне тапсырыс бердік» дейді ол. 
Сондай-ақ ғалым орыстың орта белдеу жазығы тұқымының кенді-алтайлық эндемикалық популяциясын сақтау үшін, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінен тұқымы белгісіз араларды әкелінуін тоқтату мақсатында әр ауданда 3-тен 5-ке дейін, барлығы - 35 асыл тұқымды ара омартасын ашу көзделуде. Одан басқа, алдағы уақытта омарташылар үшін бал алу әдісі бойынша 10 семинардан тұратын курс өткізу жоспарланып отыр. Қазір Шығыс Қазақстанда қазақстандық балдың 70% үлесі жиналады (800 тоннадай). Ал облыстың әлеуеттік 18 мың тонна бал жинауға жетеді. 



БАЛ АРАСЫНЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ
Вирустық салдану.

Бал арасының салдануы (Паралич пчел) – ересек аралар жаппай қырылатын вирустық ауру.



Қоздырушысы – Maratovirus paralisis мөлшері 27-45нм, РНҚ геномды 930С-та қыздырғанда 30минутта өледі. 40С-та бірнеше күн, ал -200С-та 6 айға дейін сақталады.

Ерекшелігі: Вирус жас және кәрі аралар үшін зардапты. Тәжірибе жүзінде араларға вирусты бүркіп жұқтырғанда, олардың 25-100%-ы 8-14 күн ішінде, кейде кейінірек өледі. Таралу жолдары анықталмаған.

Қоздырушы вирус жүйке жүйесінде және аш ішектің эпителийінде орналасады.

Клиникалық белгісі: Ауру басталғанда аралар қозынып, өте белсенді болады да, кейіннен сыртқы әсерге бейтараптанып, қорғаныс әрекетінен қалады, ауаға көтерілуі ауырлап, ұшуы баяулайды. Ауырған ара ұзақ уақыт қозғалыссыз болып, тиіскен кезде қанатын зорға қозғалтады. Ауырған және өлген аралардың сыртқы түті түсіп қалады, түсі жылтыр қара-қошқыл болады. Ауру жіті өтіп, ара тез арада құрыстанып, өліп кетеді. Кейде ауру созылмалы өтіп, 30-40күнге созылуы мүмкін. Ондай жағдайда араның ауруға шалдыққандығы байқалмай қалады. Аурудың таралуына ауа райының ыстық болуы қолайлы ықпал жасайды.

Алдын –алу шаралары: Сау омарталарды ауру әкелуден қорғап, араларды дұрыс күтіп, олардың ыстыққа ұрынбауын қадағалау қажет. Ауру шыққан омартадағы араларға көктемде 500мл қант шырынына 200000 ӘБ биомицин қосып береді. Ұядағы араларға 50мг панкреатин рибонуклеазасын 15мл суға езіп бүрку жақсы нәтиже береді.
Аскосфероз.

Аскосфероз немесе өсіннің әктенуі – жетілген балапан құрттардың өліп, кеуіп қалуымен ерекшеленетін араның жұқпалы ауруы. Кепкен балапан құрттар қатайып, түсі ағарып әкке ұқсайды, содан ауру өсіннің әктенуі деп аталады.



Қоздырушысы – Ascosphera apis – аскомицеттер класына жатады. Саңырауқұлақтың мицелияларында аскомицеттерге тән септалары болады. Бояп қарағанда жыныстық диморфизм айқын байқалады. Аскосфералар жетілген кезде жекелеген қапшықтары жарыла бастайды. Жетілген спорацисталар 45-120мкм. Споралар ара ұясында ондаған жылдар бойы сақталады.

Ерекшелігі: Араның аскоферозы алғаш рет ХХ ғасырдың басында Германияда байқалды. Кейіннен басқа Европа елдерінде, АҚШ пен Канадада тіркелді. Ауру қоздырушысының бастауы ауырған және өлген балапан құрттар, ал жұғу факторлары – қоректік азық пен механикалық тасымалдаушы ересек аралар.

Клиникалық белгісі: Әдетте әлсіз ұялар жиі ауырады. Ең алдымен кәрездің төменгі жағында орналасқан еркек аралардың балапан құрттары зақымданады. Кейін жұмысшы аралардың балапан құрттары да ауыра бастайды. Мицелиялар кутикулаларды тесіп өтіп, балапан құрттың денесін ақ зең басады. Әсіресе, оның мойын тұсында ақ жаға тәрізді орналасады. Өлген балапан құрттар кеуіп, сұрғылт ақ түске еніп ұяларынан оңай алынады. Жабық өсінділер зақымданғанда қақпақшылардың астынан зеңнің ағарған дақтары көрінеді.

Алдын – алу шаралары: Омартада күшті ара ұясын қалтырып, үйшікті жақсылап жылылайды, араларды сапалы қорекпен қамтамасыз етеді. Аскосфероз байқалғанда, зақымданған өсінді алып тастап, ұяны тығыздайды, омартаны тазалап, жақсылап жылылайды. Әлсіз ұяларды бір – біріне қосып, біріктіреді. Араларға әдеттегі жеміне натрий пропионатын және сорбин қышқылын қосып илеп, шелпек жасап береді, кейіннен бұл препараттарды 50% қант шырынына қосады.
Қалталанған өсін.

Қалталанған өсін – бал арасының жетілген балапан құртының денесі сұйыққа толы қапшыққа немесе қалтаға ұқсап өліп қалатын жұқпалы ауруы.



Қоздырушысы – РНҚ геномды, систематикалық орны айқындалмаған вирус. Вирионының мөлшері 30нм. Тауық пен тышқанның фибробластарында өсіріледі. Балда 1ай шамасында, шірігенде 7-10 күн сақталады. 590С-та қыздырғанда, күн сәулесінің әсерінен тез өледі.

Ерекшелігі: Вирус 5-6 күндік араның балапан құрттары үшін зардапты. Ересек аралар жасырын түрде ауырып, денесінде ұзақ уақыт вирусты сақтайды. Қоздырушы адам мен жылы қанды жануарлар үшін зиянсыз. Ұя ішінде вирус балапан құрттарға зарарланған бал және гүл тозаңымен қоректендіргенде беріледі. Омарта ішіндегі аралар ұяшықты тазалап, өлекселерді шығарған кезде денесінде вирусты ілестіріп, балапан құрттарды қоректендіргенде оларға жұқтырады. Вирус алып жүретін ересек аралар өзінің және бөтен омарталардағы ұяларға ауру таратады.

Вирус балапан құрттардың сыртқы қабатындағы торшаларды зақымдайды. Түлейтін сыртқы қабат пен өсіп келе жатқан ішкі қабаттың ұлпаларының арасында кеңістік пайда болып, ол сұйыққа толады. Майлы ұлпа ыдырайды. Гемолимфаның торшалары іріміктеніп, балапан құрт өледі.



Клиникалық белгілері: Өсіні бар кәрездің түрі шіріме ауруларындағыдай ала-құла болады. Ұяшықтардың қақпақшаларының кейбірі тесіліп, кейбірі мұлдем болмайды. Негізінен ауызы жабық өсіндер өледі. Ауруға жұмысшы, еркек және аналық аралардың балапан құрттары шалдығады. Өзіне тән иісі болмайды. Зақымданған балапан құрттың түсі бозғылт, өлексесі ұяшықтан оңай алынады. Өлексе сұйыққа толы қапшыққа ұқсайды. Қабығын тескенде ірімігі бар сұйық ағады. Өлексе жиырылып, басы сорайып, балапан құрттың жалпы пішіні ұшы қайқайған башмаққа ұқсайды. Аралар өлексені қапшығын бүлдірмей шығарып тастайтындығынан, ауру оншама тарамай, зілсіз өтеді.

Ауру мамыр айының соңында, маусымда байқалып, шілдеде сирек кездеседі. Бал жинау молшылық жағдайда болғанда ауру тежеліп немесе мүлдем тоқтап қалады. Ауа райы қолайсыз, суық, жауынды, бал жинау жетімсіз болса, керісінше ауру кең етек алады.



Алдын – алу және күресу шаралары: Омартада мықты ұяларды ұстап, оларды жеткілікті мөлшерде қорекпен қамтамасыз етіп, жақын туыстық ұрықтануына жол бермей, барлық санитариялық, тазалық ережелерін мұқият орындап, жүйелі түрде құрал – жабдықты дезинфекциялап тұру – аурудың алдын алудың негізгі шарттары.

Ауырған араларды емдейтін арнайы препараттар жоқ. Егер ұя оншама зақымданбаса, зақымданған кәрезді алып тастайды. Ауырған ұяның анасын жас аналықпен ауыстырады. Үйір қосу жақсы нәтиже береді. Нашар ұяларды бір – біріне қосады. Ұя күшті зақымданғанда оны зарарсыздандырылған омартаға көшіреді. Ауру жойылған соң 1жылдан кейін карантин алынады.


Гафниоз.

Бал арасының гафниозы немесе қылау – іші өтіп, қыстың соңы мен көктемде жаппай қырылуға соқтыратын жұқпалы ауру.



Қоздырушысы – Hafnia alvei (B. paratyphi alvei) ұсақ, ұштары жұмыр келген полиморфты таяқшалар, мөлшері 1-2 х 0,3-0,5мкм, спора түзбейді, қозғалмалы, барлық анелин бояуларымен жақсы боялады, грам-теріс. Гафния бактериялары суда қайнатқанда 1-2минутта, 58-600 С-та 30минутта өледі.

Ерекшелігі: Ауру негізінен қыстың аяғында жіне көктемде, ал жазда күн суытып, жауынды болғанда байқалады. Оның шығуына араның қоректік балының сапасыз сұйық болуы, орналасқан жерінің суық және ылғалдылығы ықпал етеді. Көбінесе жұмысшы аралар ауырады. Қолдан жұқтырғанда қоздырушы бактерияны 5-10% қант шырынына қосып берсе аралардың өлімге ұшырауы күрт көбейеді, ал микробты құрғақ ұнтақ қантпен бергенде аралардың тіршілігі әдеттегідей өзгере қоймайды.

Көктемде ара ұяларын қысқы орынынан шығарғанда, кәрездерді ауыстырғанда, адасқан аралар арқылы, ортақ ыдыстан суарғанда ауру сау ұяның араларына жұғады. Өлім көрсеткіші, ара орыны ылғалды болғанда, 50-60%-ға жетеді.



Клиникалық белгілері: Жасырын кезеңі 3-14күн. Гафниоздың өзгеше клиникалық белгілері болмайды. Ауырған ара ұша алмай жорғалап жүреді.Құрсақ бөлігі қампиып,іші өтеді. Тыныс ала алмай, кейде аяқтары салданады. Ауру жіті өткенде араның шығыны мол болады. Көктемде ұша бастағанда аралар иісі жағымсыз, жабысқақ, сұйылған, шамадан тыс көп мөлшерде бозғылт – қоңыр түсті нәжіс бөліп шығарады. Көктемгі ұшуы сылбыр болады. Омартаны тексергенде қорек қоры мол, бірақ барлық кәрездер қоңырқай жабысқақ немесе сұйық экскременттермен былғанған. Ауырған араны сойып көргенде ішектері кеуіп, ластанған ақшыл немесе ақшыл сұрғылт түсті болады.

Алдын – алу және күресу шаралары: Аралардың күтімін жақсарту әдетте ауруды тоқтатады. Аралардың шығыны көп болған жағдайда оларға 3рет арасына 1апта аралатып 1л 50% қант шырынына қосып левомецитин – 0,2г, стрептомицитин 200000 ӘБ, биомицин 100000ӘБ антибиотиктердің бірін береді.
Бал арасының инвазиялық аурулары.
Браулез (ара биті) – Браула соска жәндігінің аналық немесе жұмысшы ара денесіне жабысып, қатты мазасыздандырып, ақырында тез арада өлтіріп тынатын инвазиялық ауру.

Қоздырғышы – Браула соска. Ол қызыл-күрең түсті, көлемі 1,1-1,3мм, денесі түкті, өте қозғалғыш үш жұп аяқтылы жәндік. Ара ұясында үш аптада толық өніп-өседі. Сақа браулалар артқы аяқтарымен аналық, жұмысшы аралардың басына мықтап жабысады. Алдыңғы аяқтарымен аралардың үстіңгі ернін тырналайды. Осының салдарынан ара аузына жем салғанда қатты мазасызданып, аузындағы шырынды қайта құсады. Осы сәтті аңдып тұрған браулалар дереу сорып алады. Браулалар өте қозғалғыш бір жерден екінші жерге еркін ауысады. Ара денесінен сыртқа түссе 2-3 күн тіршілік ете алады. Кейде бір аналық араға жүзден астам браулалар жабысып, бүкіл тыныс мүшелерін бітеп тастайды. Бұл жағдайда аналық ара жұмыртқалауын тоқтатып, әлсіреп өледі. Ал браула жабысқан жұмысшы аралардың гүл тозаңын, шырын жинау қабілеті төмендейді.

Ауруды анықтау – үшін браулаларды жинап алып, балға, глицеринге немесе спиртке салып лабораторияға жөнелтеді.

Емі – ауырған ара семьяларын фенотиазин түтінімен ыстайды, 1,5 г фенотиазинді қызарып шоқталған түтіндеткішке салып ақшыл қызғылт түтін шыққанда әр ұяның есікшесінен 30-40 рет үрлейді. Келесі ара семьясын осы әдіспен емдеп, ең соңында екі ұяға да қосымша 20 будақтан түтін жібереді. Емдеу жұмыстарын үш күн ұдайы кешке қарай жүргізіп, 10 күннен соң қайталайды. Ұядағы төселген қағаз үстіне құлап түскен браулаларды жинап өртейді.

Алдын алу шаралары – омартаны карантинге жауып мал дәрігерлік- санитарлық қағидаларға сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізеді.

Карездерді ұялардан алып уақытша қоймаға апарып қою арқылы браулалардың личинка, қуыршақтарын өлтіреді. Араға он күн салып қя едендерін, рамаларды тазалайды. Бал жинаған ұяшалардың бетін пышақпен кесіп ашып, браулалардың жүретін жолдарын бұзады.



Мелеоз – сақа аралардың денлеріне қоңыз (майка) личинкаларының жабылуынан туындайтын инвазиялық ауру.

Қоздырғышы – қоңыз личинкалары ара денесіне әр түрлі шөптерден (әсіресе күнбағстан) гүл тозаңын, шырын жинағанда жабысады. Сондықтан оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда орналастырылған омарталарда жиі кездеседі.

Араларға әсіресе шұбар қоңыздың личинкалары қатты залалын тигізеді. Олар ара денесінің қатпар аралық жарғақтарына кіріп емін-еркін ара денесінің өлін сорып қоректенеді. Үлкендігі 3 -5 х 1 – 2мм ғана осы личинкалар ара денесіне қоныстанып, оны тез арада өлтіреді де, басқа араларға жабысады. Қоңыздың бір личинкасының өзі 3-4 араны өлтіре алады. Көінесе әлді семьядағы аралар қатты жарақаттанады.

Аурудың белгілері – аралар мазасызданып жүгіреді, секіреді, денесін тазалауға тырысады. Ұя түбіндегі қондырмадан көптеген ара өлекселерін көруге болады. Қоңыздың биологиялық өніп-өсу мерзіміне қарай мелеоз ауруы, көбінесе негізгі бал жинау кезеңінде омартаға зиянын қатты тигізеді. Әр семьядағы бал, гүл тозаңдарын жинағыш араларды күрт азайтады.

Ауруды анықтау – ара денесін мұқият қараса ауруды жай көзбен-ақ анықтауға болады.

Алдын алу шаралары – аурудың алдын алу омартада кездескен аналық қоңыздарды құртады да ара өлекселерін түгел жинап алып өртейді.

Түтіндеткішті ағаш көмірімен шоқтандырып жағады да, үстіне 50 г темекі жапырағын немесе ұсақ темекі салады. Сөйтіп осы ауру байқалған ара семьяларын түтіндетеді. 3 – 5 минуттан кешікпей ұя түбіне құлаған қоңыз личинкаларын жинап алып өртейді.
Акарапидоз – немесе кенелік ауру, акарапис Вуди кенесі тудыратын, ересек аралардың инвазиялық ауруы.

Кенелер аралардың трахеасында тоғышарлық етіп, бітеп тастайды. Олар организмдегі қоректі заттарды сіңіріп, өздерінен улы токсин бөліп шығарып, аралардың өліміне әкеп соғады.

Трахеаға түскен аналық кенелер он шақты жұмыртқаларын салады. Организмнен тыс кенелер рамкаларда, омарта қабырғаларында, балда және т.б. жерлерде кем деген де 3-4 күн тіршілік ете алады.

Акарапидоз жыл мезгілінің кез келген уақытында шығуы мүмкін, көбінесе жазғытұрым пайда болады. Ауру аралардың қанаттарының орналасуы бұзылып: олар әр жаққа қайырылған тәрізді. Ондай аралар қша алмайды. Ұша алмайтын аралар омартадан сүйретіліп шығып, кешке қарай бір жерге үйіліп жатып өліп қалады. Егер акарапидозға күмән туған жағдайда 30-50 сүйретілген, қанаты дұрыс орналаспаған араларды ветеринарлық лабораторияға жіберу керек. Акарапидозға диагноз дұрыс қойылды деп саналады егер, трахеада кенелер болса, сонымен қатар әртүрлі, аралардың сыртқв денесінде тоғышарлық ететін кенелерде болады.

Емі және алдын алу – акарапидозды болдырмау үшін, араларды бұл аурудан таза аймақтардан әкелу керек. Омартада жақсы күтім жасау керек, қыстықтарын ылғалдандырмау керек, пасектерді құрғақ, биік жіне желден қорғау керек. Үлкен су қоймаларынан алшақ жерлерде ұстау керек, омарталарды бір-бірінен 4-6 м алшақта ұстау қажет.

Акарапидозбен ауырған арлардың семьясын жазылғанша карантинге жабады. Емдік препараттарды ауруларға ғана емес, сау араларға да береді. Емдеуді әртүрлі препараттармен жүргізуге болады: интробензол қоспасымен,метилсалицилатпен, эфирсульфонатпен, тедионмен, чешск препаратымен БЭФ, фольбекспен, скипидармен және тағы басқа.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет