2. Тұлғааралық конфликтердің аяқталу нұсқалары Мақсаттар мен мүдделердің қайшы келуінен туындайтын тұлғааралық конфликтердің барлық себептерін шартты түрде негізгі үш түрге бөліп көрсетуге болады.
Біріншісі — принципті қарсы келуді білдіреді, мұнда бір оппоненттің мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыруға екіншісі оппоненттің мүдделеріне шек қою арқылы қол жеткізуге болады.
Екіншісі — адамдар арасындағы тек қарым-қатынас формасын ғана қарастырады, алайда олардың рухани, адамгершілік және материалдық қажеттіліктері мен мүдделеріне шек қоймайды.
Үшіншісі — жалған (бұрмаланған) ақпарат немесе оқиғалар мен фактілерді дұрыс түсіндірмеу арқылы туындауы мүмкін болған алдамшы қайшылықтарды білдіреді.
Тұлғааралық конфликтер төмендегідей формаларда жүзеге асады:
Конфликт себебі және оппоненттердің конфликтік мінез-құлық тәсілдеріне байланысты тұлғааралық конфликт төмендегідей нәтижеге ие болуы мүмкін:
туындаған қарама-қайшылықтарды тараптардың бірі байқамаған жағдайда, конфликтті шешуден кету/бас тарту;
Қарама-қайшылықтарды басу, яғны, тараптардың бірі оған айтылған шағымдармен не келіседі (алайда тек сол мезетте ғана), не өзін ақтауға тырысады;
ымыра — екі тараптың да өзара шегінімі;
Шиеленістің өршуі жәнеконфликтінің көлемді қайшылыққа айналуы;
Конфликтті күшпен жою нұсқасы, мұнда тараптардың бірін немесе екеуін де қарама-қайшылықты аяқтаудың қандай да бір нұсқасын таңдауы үшін күштпен (күш қолдану қоқан-лоқысы арқылы) мәжбүрлеуі.
3. Тұлғааралық конфликтілердің алдын алу және оларды шешу Егер конфликтік жағдаят туындаса, бірден «төбелеске аттанбас» бұрын, ұсынылған конфликттегі барлық мүмкін болған «қолдау» мен «қарсылықтарды» ескеріп, бірнеше сұрақ та қою қажет:
Конфликтке келетіндей қарама-қайшылықтар шынымен бар ма?
Туындаған мәселелерді конфликтке жеткізбей шешудің басқа жолдары бар ма?
Алдағы конфликтте сіз ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізетініңізге кепілдік бар ма?
Сіз және сіздің оппонентіңіз үшін жеңіс пен жеңілістің құны қандай болмақ?
Конфликтінің мүмкін болған салдары қандай?
Сізді қоршаған адамдар конфликтке қалайша әрекет етеді?
Сіздің оппонентіңіз де ұсынылған конфликтіде туындаған конфликтік жағдаятты және оны дамытудың мүмкін болған жолдарын жоғарыда аталған қағидаттар тұрғысынан талдағаны дұрыс. Конфликтік жағдаятты жан-жақты талдау өзара қолайлы шешімдерді табуға септігін тигізеді, тараптардың ашық тайталасының алдын алады, тек бұрынғы оппоненттер арасында қалыпты қарым-қатынасты сақтап қана қоймай, олардың арасында өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі.
Конфликтті болдырмаудың тағы бір жолы – сізді ашуландыратын немесе сіз ашуланатын конфликтті адамдармен қарым-қатынасқа түсуден аулақ болу қажет. Мінезі қиын адамдардың бірнеше типтері де кездеседі, олармен қары-қатынас жасау арқылы конфликтке келуіңіз мүмкін. Аталған типтердің кейбірі төменде берілген:
Агрессивистер — өзгелерді төмендету және егер олар оны тыңдамаса өзі ашуланады;
шағымданушылар — әрдайым бірдеңе туралы шағымданып жүретіндер, алайда олар мәселені шешу үшін әдетте ештеңе жасамайды;
үндеместер — байсалды және аз сөзді, алайда олардың не ойлағанын және нені қалайтынын білу өте қиынға соғады;
Аса көнгіш — барлығымен келіседі және қолдауға уәде береді, алайда мұндай адамдардың сөздері істерімен сәйкес келмейді;
мәңгі пессимистер — әрдайым сәтсіздіктерді алдын ала болжайды және бастаған істен ештеңе шықпайды деп ойлайды;
білгішсінген — басқалардан өзін жоғары, ақылдырақ санайды және өзінің артықшылығын түрліше көрсетуге тырысады;
жасқаншақ — қателесуден жүрексініп, шешім қабылдауды кешеуілдетеді;
9) жасырын типтілер — ренішін ішке сақтайды және кенеттен оппонентке бас салады;
зілсіз өтірікшілер — өтірік айту және алдау арқылы өзгелерді адастырады;
Жалған альтруистер (қамқоршылар) — жақсылық жасаған тәрізді көрінгенмен, алайда «носят камень за пазухой».